Білім және ғылым


-сурет. Қатаңдығы әр түрлі полимерлер макромолекулаларының сызбанұсқа түріндегі көрсетілуі



бет111/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146
7.1-сурет. Қатаңдығы әр түрлі полимерлер макромолекулаларының сызбанұсқа түріндегі көрсетілуі: а-иілгіш тізбекті, б-қатаңтізбекті мезогенді топтары бар және иілгіш шешілетін жерлері негізгі (в) және бүйіргі (г) тізбектерде орналасқан СК полимерлер, көлемді орынбасарлары (д), шарнирлі атомдары (е) және бұзылған сызықты құрылымды тізбекті (ж) СК полимерлер
Мезогенді топтары тізбек бүйіріндегі тарақ түріндегі СК полимерлерге синтез жасау − спейсер жасау концепциясына негіздел- ген молекулалық дизайн принциптерін бірінші рет Мәскеу мемлекет- тік университетінің ғалымдары (В. П. Шибаев, Я.С. Фрейдзон, Н. А. Платэ) 1974 жылы, ал негізгі тізбектегі мезогенді топтары бар сызықты СК полимерлерді екі жылдан кейін италиялық ғалымдар А. Сиригу мен А. Ровьелло ұсынған.


7.2-сурет. Таяқша және дөңгелек тәрізді мезогенді топтары бар СК полимерлер макромолекулаларының әртүрлі типтері
Егер икемді үзінділердің орнына қатаң тізбекті макромолекуланың сызықты құрылымын бұзатын басқа да химиялық топтар пайдалансақ, СК полимерлерді алуға бағытталған бұл тәсілді біраз жаңартуға және кеңейтуге болады. Қатаңдықты төмендетуге қол жеткізетін жағдайлар мынадай: көлемді (аумақты) орынбасарларды енгізу (7.2, д-сурет) арқылы немесе «топсалы» оттек пен күкірт атомдарын кірістіру арқылы (7.2, е-сурет) немесе тізбекте иілістер пайда болуына және олардың сызықты құрылысын бұзуға әкеліп соғатын химиялық топтар кірістіру арқылы болады. (Мысалы: тізбектің пара- емес, мета- және орто- жағдайларына фенил мен нафталин ядроларын енгізу арқылы) (7.2, ж-сурет).
Сұйықкристалды полимерлердің синтезі. Төменде қатаң тізбек- ті сызықты және тармақталған полимерлер синтезі үшін қолданыла- тын нақты принциптері қарастырылады.
Лиотропты СК ерітінділер жасайтын қатаң тізбекті полимер- лер. Сызықты құрылысы бар қатаң тізбекті полимерлердің негізгі құрылымдық бірлігі болып ароматты (көбінесе бензолды, нафталинді ядролар) немесе бір-бірімен мынадай топтар арқылы коллинеарлы байланыстырылған гетероциклді үзінділер болады:
О
||
-CO - NH- , -C-O-, CH = N - , -N = N -, = N - N =,
Көбінесе бұл полимерлерді бірдей немесе әртүрлі бифункционал- ды туындыларды поликонденсациялау немесе сополиконденсациялау әдісімен алады. Полигидроксибензой қышқылының ароматты полиэфирі (I) мен поли-п-фенилентерефталамидтің (II) синтезі (“Кевлар” сауда маркасы) төменде көрсетілген:



HO COOH


-H2O
O

(I)
n




ClOC COCl + H2N NH2


-HCl




HN NH


(II)

Поли-п-фениленбензобисоксазолды резорциннің аминтуындысы- мен терефталь қышқылының әрекеттесуінен алады:

HO OH
+ HOOC COOH
-H2O
-HCl

ClH3N NH3Cl






N N


Жоғарыда көрсетілген барлық полимерлер макромолекулалары- ның қатаңдығымен (Кун сегменті 400-600 Å интервалында жатыр) және балқу температурасының жоғары болуымен (450-5000С) сипатталады. Сондықтан мезофазаның пайда болуына мүмкіншілік бермейді. Бірақ, осыған қарамастан қатаң тізбекті полимерлер күкірт және хлорсульфонды қышқылдар, литий диметилацетамиді сияқты жоғары полярлы ерітінділерде лиотропты СК жүйелерді құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет