«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып
жүрген ұстаздар көп. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра
келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда.
Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев,
С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков,
Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат — өзге тілді оқушыларды қазақ тіліне
үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының
қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын
бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады.
Сол сияқты, барлық отандастардың отанымен рухани және материалдық
тығыз байланыста болуы, өзі өсіп-өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі
патриотизмнің қайнар көзі.
Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе,
өзімнің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Ф.
Оразбаеваның қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келемін.
Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып,
аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске
тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін
құрайтын принциптерін көрсетейік.
Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында
қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады.
Олар:
1. Тіке байланыс
2. Адамның жеке қабілетін ескеру
3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау
4. Сатылап даму
5. Динамикалық өзгеру
6. Өзектілік
Қатысымдық әдісті пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа
негізделіп, адамдардың тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге
асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен
көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса,
сөйлесім әрекеті де іске аспайды.
Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған
қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл
жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап
белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес.
32
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың
көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын
білгізудің мәні зор. 3, 4, 7-сыныптарда аймақтық компоненттерді «Қазақстан»,
«Менің қалам», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда»,
«Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден
қолдануға болады.
Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы
жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады.
Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады?
— Диалог
— Викторина
— Карточкакмен жұмыс
— Сурет бойынша жұмыс
— Инсценировка
— Тест
— Экскурсия
— Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,
альбомдар»
— Пән бойынша шығармашылық жұмыстар
— Интеграцияланған сабақтар
Енді осы тақырыптардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:
1. Жұптық
2. Топтық
3. Ұжымдық
Жетінші сыныпта «Жалпы есім және жалқы есім» атты грамматикалық
және «менің қалам» атты лексикалық тақырыпты оқығанда карточкамен жұмыс
екеуара сөйлесу тағы сол сияқты жұптық қалыппен жұмыс істедім.
Карточкаларды әр жұпқа үлестірдім.
Үлгі: І Сөйлемнен жалпы есімді бір топқа, жалқы есімді екінші топқа бөліп
жаз: «Өскемен қаласында көшелер кең, таза. Мен Өтепов көшесінде тұрамын»
т.с.с. Бірінші оқушы оқиды, екіншісі тапсырманы орындайды. Осыдан кейін
карточкалар екінші жұппен алмасып, бірінші оқушы жазады, ал екінші оқушы
оқиды.
Үлгі: ІІ Екеу ара сөйлесуде тапсырманың желісі төмендегідей болады
«Спросите друг у друга куда ты пойдешь отдыхать в ближайшие выходные?
Употребите в вопросах и ответах жалпы есім и жалқы есім.»
Диалог
мынадай
үлгіде
болды:
Бірінші
жұп:
— Сен жексенбі күні өзенге дем алуға барасың ба?
— Жоқ, мен жексенбі күні «Ботагөз» кинотетрына кино көруге барамын. Өзің
33
|