«білім жолы нұрлы жол» Республикалық журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата04.05.2023
өлшемі1,4 Mb.
#89873
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 17.04.2021 жыл. № R00019
Тәрбиеші — бала жанының бағбаны!
МУРАДОВА ЗОЯ САРСЕНОВНА 
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Аксу шағын ауданы
№ 12 «Рахат» бөбекжайының тәрбиешісі
Бөбегіңіз былдырлап тілі шыққаннан тәрбиешіге сеніп тапсырасыз. 
Бүлдіршін күннің тең жартысына жуығын сонда өткізеді. Тәрбиеші оған қамқор 
болып, жан-жақты да зерделі болып қалыптасуына, ой-өрісін дамытуға күш 
салады. Сәбиіңіз мектеп қабырғасын аттағанда, тәлімгер тәрбиешіңіз тәтті тілі 
жаңа шыққан басқа бүлдіршіндерді жетегіне алады. Осылайша жалғаса береді. 
Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – 
тәрбиешілік. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста 
ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу 
жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы 
қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға 
өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін.
Алғашқы сәбилердің сыңғырлаған күлкісі, балдай тәтті сөздері, 
мөлдіреген көздері бәрі — бәрі өте қызықты сәттер болды. Солай қызықты да, 
жауапкершілігі мол күндерім өте берді. Өйткені мен бала бағбаны — 
тәрбиешісімін. Негізі бағбан деген сөздің астарына көптеген мағына жатыр. 
Бағбан деп, яғни біз тәрбиешілер. 
Бау-бақшамыздағы жемістер әрине балаларымыз. Бағбан бау -бақшадағы 
жемістеріне дұрыс қарамай, баптамаса жемістеріде көркеймей, өркенін 
жаймайды. Ендеше, бағбан бүлдіршіндерге дұрыс бағыт бағдар беріп, білімін 
жетілдірсе сонда ғана жемісін береді. 
Болашақ азаматтарды тәрбиелеу тек қана мектепке дейінгі ұйымдардың 
қолындағы дүние емес, оған отбасы, қоғам да үлкен үлес қосары хақ. 
Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге 
алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма 
қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен 
қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар 
маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы әр тәрбиешінің бақыты.
Адамның өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды. 
Бұл – кәсіпті таңдау. Кейбір жоғарғы оқу орнын бітірушілер кәсіби бағыт 
беретін саланы таңдайды, ал мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым. 
Тәрбиешінің жұмысы жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті 
жұмыс, менің мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен 
жауапкершілік жатады. Мен дұрыс мамандық таңдағанымды білемін.
1


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Балалардың жарқын жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы 
соның белгісі. Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен 
қоршалған, шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай оларды 
жақсы көремін. Әр істеріне , сөздеріне түсінушілікпен қараймын.
Әрбір бала біз үшін меруертке тең. Тастардың ішіндегі арнайы өңдеуді 
қажет етпейтін тас. Әрбір меруерт бірегей және бірден-бір сәнді бұйым, 
тірі табиғат жаратылысынан туған. Бұл табиғаттың ең тылсым жаратылысы.
Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын 
бағамдар-психолог.
«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығында көрсеткендей 
тағамның беріктігінен «С.Сейфуллин №29 ЖОМ жанынан ашылған шағын 
орталығында» тәрбиеші болып істеп келемін. Мұнда әртүрлі ұлттың балалары 
тәрбиеленеді. Шағын орталығымызда балалармен әртүрлі қызықты ойындар 
ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, денсаулық, таным, 
қатынас бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр 
мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. 
Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады.
Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне 
көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға 
тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. 
Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, 
құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай, қарауға, мүмкіндігі,жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, 
топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу қызметінде қажет ермексаз, 
тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз 
бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын 
адамдарына,қамқор-болуға-үйретеміз.
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе 
ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту 
арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс 
жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін 
бойына сіңіруі аса маңызды.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында 
нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев атамыз. 
Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады.Бірақ,бәрінен 
де жарқ етіп,есте қалғаны-біздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін 
ашқанымда «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім, және 
жазушы Фариза Оңғарсынованың өлең жолдары соған дәлел.
2


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 Фариза Оңғарсынова


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет