Білім мен білік Мейрамгуль мынбаева



Дата15.12.2023
өлшемі12,24 Kb.
#138253
түріСабақ

Білім мен білік
Мейрамгуль МЫНБАЕВА,
Алматы қаласы
7 даму интеллектуалдық
қабілеті төмен балаларға
арналған арнайы (түзету)
мектеп-интернатының ұстазы


Мысал есептер шығару


Сақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында ары қарай есептер шығару арқылы білімдерін толықтыру, өз еріктерімен мысал есептер шығаруға үйрету.
Түзетушілік: оқушыларды түрлі есептер шығару арқылы есте сақтауын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздермен байыту. Қолдың ұсақ бөлшектерін жазу барысында жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды мұқияттылыққа, зеректікке баулу. Жылдам ойлауға, нақты дұрыс жауап беруге, дұрыс отыруға, тиянақтылыққа тәрбиелеп адамгершілік қасиеттерін дамыту, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі суреттер, оқулық.


Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
– Балалар, қазір бізде қай жыл мезгілі?
– Күз мезгілі.
– Күз мезгілінің қай айы?
– Қазан.
– Бүгін аптаның қай күні?
– Бүгін аптаның бейсенбі күні.
– Қазір бізле қандай сабақ?
– Математика сабағы.
– Математика сабағы нешінші сабақ?
– Екінші сабақ.
– Дұрыс, жарайсыңдар!


ІІ. Өткен сабақты қайталау.
– Біз өткен сабақта қандай тақырып өттік? Қандай санмен таныстық?
– 7 саны құрамымен таныстық.
– Қанекей олай болса, есімізге түсіріп жіберейікші, 7 санының құрамында қандай сандар бар екен? Кәне жылдам санап жіберейік.
– 1,2,3,4,5,6,7
– 1) топпен; 2) жеке.
– Ал енді керісінше санап шығайық.
– 7,6,5,4,3,2,1
– Жарайсыңдар, балалар!
– Енді кім маған тақтаға шығып, дауысын шығарып 7-ге дейін санап береді? Қанекей
– Ал керісінше кім санап береді?
– Жарайсыңдар, балалар!
– Жақсы осымен біз өткен тақырыпты есімізге түсірдік, енді осыған байланысты есептер шығарайық.


ІІІ. Жаңа сабақ.
– Балалар мынау ненің суреті кім айтады?
– Тауықтардың суреті
– Біздің қорада қанша тауық бар екен? Қанекей барлығымыз тауықтарымызды санап жіберейікші
– 1,2,3,4,5,6
– Олай болса, қанекей дәптерлерімізді ашамыз, қаламымызды жазуға дайындаймыз да, жазбас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып аламыз.
Бас бармақ,
балан үйрек,
ортан терек,
шылдыр шүмек,
кішкентай бөбек
Саусақтарымыз шынықты ма? Олай болса, оң қолымызға қаламымызды алып, сол қолымызбен дәптерімізді ұстаймыз да жазамыз
– Біздің қорамызда қанша тауық болған еді?
– Алтау.
– 6 деп жазамыз.
– Енді балалар жаңағы 6 тауығымызға тағы 1 тауық қонаққа келіпті. Қонаққа келсе, қосамыз ба әлде аламыз ба?
– Қосамыз.
– 6+1 деп өрнекті жазамыз. Енді барлық тауықтарымыз қанша болды? Санайық.
– Жетеу болды.
– Олай болса, жазамыз тең болады 7. Жарайсыңдар, балалар! Балалар, мынау ненің суреті?
– Алма ағашының суреті
– Бұл біздің алма ағашымыз. Онда алма көп екен. Қане санайық канша алма бар екен?
– 1,2,3,4,5,6,7
– Онда 7 деп жазып қояйық
– Ал енді балалар, далада қатты жел тұрып, алмаларымызды жерге түсіріп тастапты. Ағашта алмамыз азайып қалды ма? Олай болса – алу таңбасын жазып қояйық. Жерге қанша алма түсіпті соны санайық.
– Екі алма.
– Енді 2 алмамызды 7-ден азайтамыз. Қалғаны қанша?
– 7 – 2 = 5
– Жарайсыңдар, балалар! Енді мен сендерге жылдам бір құпия қалташа беремін. Әлі ешкім ашпайды. Мен өзімнің қалтамды ашайын. Мынау не? Түсі қандай?
– Бұл гүл, түсі қызыл.
– Дұрыс, енді осы гүлдерді санайық.
– 1,2,3,4,5,6,7
– Мен 3-ін қайтадан калтама салдым. Нешеуі қалды? Теңдікті тақтаға кім жазады?
– 7 – 3 = 4
– Балалар енді барлығын қалташаларыңды қарап жіберіңдер. Не бар екен? Партаға санап қоямыз.
– Гүл бар екен, саны 7.
– Қанекей енді балалар қалташамызға 2 гүлін дауыстап санап саламыз. Ал партада канша гүл қалыпты? Санайық.
– 5-еу.
– Олай болса жазайық 7 – 2 = 5


IV. Сергіту сәті.
Қанекей сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Отырамыз, тұрамыз,
Сергітуге мың алғыс.


V. Кітаппен жұмыс.
Оқулықты ашып, №34 есепті шығарамыз


VI. Ойын. «Көңілді жемістер»
– Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Ойынның шарты мынадай: Мен сендерге жемістерді таратып беремін, ол жемістің артында сан жазылған. Ал сендер тақтада тұрған себетімізге жылдам-жылдам барып, сан ретімен жемістерімізді салып, себетімізді толтырамыз. Олай болса бастаймыз.


VII. Бекіту.
– Балалар, бүгін біз не істедік?
– Қандай сандарға есеп шығардық?
– 7 саны қандай сандардан құралады екен?


VIII. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оұушыларды мақтау, мадақтау.


ІХ. Үйге тапсырма.
7 санына байланысты қосу, алу есептерін шығару.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет