Білім сапасын жақсартуда жобалық менеджментті енгізудің тиімділігі Педагогика саласындағы жобалық менеджмент дегеніміз не және ол білім сапасын жақсартуға қалай көмектесетінін талдайық Ең әуелі: Педагогикалық жобалық менеджмент ұғымына тоқталайық - Педагогикалық жобалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері,әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.
- Педагогикалық жобалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың шығармашылық потенциалын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, оқушылар мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді.
Педагогика саласында жобалық менеджментті пайдалану арқылы: - Жобалық менеджментті енгізу арқылы оқушыларды дербестікке баулуға болады.
- Ал дербестік дегеніміз – қазіргі заман талабына сай болуыға өз септігін тигізеді
- Қазіргі ақпарат заманында, жобалық менеджмент арқылы оқушылардың бойында білім алу процесінде ізденімпаздыққа, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға деген ықыласты оятуға болады
Білім беру үдерісінде менеджердің, яғни мұғалімнің - еңбегінің пәні - басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-әрекеті,
- еңбек өнімі - ақпарат,
- еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу,
- еңбек нәтижесі - білім алушылардың білім, тәрбие, даму деңгейлері.
Педагогикалық жобалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны басқару функциясының мына төмендегі компоненттерінің өзара үйлесімділігі келесілер: - жоспарлау; - ұйымдастыру; - реттеу; - бақылау; - есеп жүргізу; - талдау. Педагогикалық жобалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- Оқушылардың жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;
- басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлау әзірлеу, олардың орындалу мерзімі нақты белгілеу;
-ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу.
Педагогикалық жобалық менеджмент принципі - Педагогикалық жобалық менеджмент принципі дегеніміз – мұғалімнің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс.
- менеджменттің педагогикалық бағыттау приципі;
- менеджердің диагностикалық қызметінің нақтылығы мен мақсаттылық принципі;
- қызметтік мақсатқа лайықтылық принципі;
- басқару процесінің пәрменділік принципі;
- басқару қызметін өзара бөлісу принципі
Педагогикалық жобалық менеджмент әдістері - психо-педагогикалық әсер ету әдісі; - әкімшілік басқару әдісі; - экономикалық әдістер; - қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі. Педагогикалық менеджмент функциялары - · жобалау - жоспарлау функциясы;
- · ақпараттық - сараптамалық;
- · мақсатты - мотивациялық;
- · ұйымдастыру - орындаушылық;
- · бақылау және бағалау;
- · коррекциялау функциясы.
Қорытындылай келе, білім сапасын арттыру жолында жобалық менеджментті енгізу арқылы білім сапасын арттыруға төмендегі жолдармен қол жеткізуге болады: - оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |