«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет50/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

21-бап. 
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары 
1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары «бакалавр» дәрежесін немесе «маман» 
біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі 
жоғары кадрлар даярлауға бағытталған. 
«Бакалавр» дәрежесі беріліп немесе «маман» біліктілігін бере отырып, жоғары 
білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін 
біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін 
пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ 
оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік 
шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары 
бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді. 
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары міндетті құрауыштың және таңдау 
бойынша құрауыштың пәндерін қамтиды. 
Білім алушы таңдау бойынша құрауыш шеңберінде жеке оқыту траекториясын 
айқындау кезінде: 
1) негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді; 
2) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдай алады. 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
51 
Негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді меңгерудің 
тәртібі мен көлемі кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру 
қағидаларында белгіленеді. 
Жоғары 
білімнің 
білім 
беру 
бағдарламаларының 
тізбесі 
білім 
беру 
бағдарламаларының тізілімінде қамтылады. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға 
міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады. 
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар 
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру ұйымдары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру 
бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 5-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2020.07.07. № 361-
VI ҚР 
Заңымен
 5-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5. Дәрігер кадрларды даярлау үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламалары 
бойынша жүзеге асырылады, бакалавриатты, интернатураны және магистратураны 
қамтиды. 
Үздіксіз интеграцияланған білім беру шеңберінде интернатураның кәсіптік білім беру 
бағдарламасын меңгеру «дәрігер» біліктілігін алудың міндетті шарты болып табылады. 
Интернатурада медицина кадрларын даярлау 
қағидаларын
денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет