«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет58/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

32-1-бап. 
Кәсіптік даярлық 
1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе 
өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік 
даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес. 
2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге 
де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей кәсіпорын (ұйым) базасында, 
оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік 
құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді. 
2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе 
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен 
жүзеге асырылады. 
Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп 
бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды. 
Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорында (ұйымда) оқыту, басқа мамандыққа қайта 
оқыту, корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту 
жатады. 
2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 4-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
4. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті 
біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі. 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
60 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
) 33-бап өзгертілді
33-бап.
Орта білімнен кейінгі білім беру 
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары 
колледждерде іске асырылады. 
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды 
даярлау, 
тізбесін
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтар бойынша 
жүзеге асырылады. 
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша 
қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «қолданбалы бакалавр» біліктілігі 
беріледі. 
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, 
кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады. 
Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті 
органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың
спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және 
спорт мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 
бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет