«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет83/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90
60-бап. 
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары 
мен міндеттері 
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды 
адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беру жүйесінде кемінде бес 
жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс. 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
91 
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды 
адамдардың: 
2019.26.11. № 273-VІ ҚР 
Заңымен
 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап 
қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына тексеру мақсатында 
қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал 
ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере 
отырып кіруге; 
2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру 
нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар. 
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды 
адамдар: 
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің 
құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 
2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік 
құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге; 
3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне 
кедергі келтірмеуге; 
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген 
талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және болдырмау жөніндегі 
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық 
көлемде орындауға; 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 5) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге; 
6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын 
қамтамасыз етуге міндетті. 
4. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды 
адамдардың іс-әрекетіне (шешімдеріне) және іс-әрекеттерді жасау (шешімдерді қабылдау) 
үшін негіздеме болған ақпаратқа мүдделі адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және 
(немесе) сотқа шағымдануы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет