«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы


-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу



Pdf көрінісі
бет79/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90
8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
 
54-бап.
Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
85 
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық 
құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру 
ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз 
етуге бағытталған. 
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім 
сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 
55-бап.
Білім беру сапасын басқару 
1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты 
іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін 
құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді 
қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі 
жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2. Білім беру сапасын басқару техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру мониторингінің 
нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді 
қабылдау арқылы жүзеге асырылады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2020.25.06. 
№ 347-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау 
үшін әкімшілік деректер мен талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен 
жүзеге асырылады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 4-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
) 4-тармақ 
өзгертілді
4. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына 
мониторинг түрлерінің бірі болып табылады. 
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сыртқы 
бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады. 
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу 
жетістіктерін сыртқы бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім 
алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген 
жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін 
айқындау мақсатында жүзеге асырылады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 5-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 5-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 5-
тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
5. Оқу жетістіктерін сыртқы бағалау орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру ұйымдарында: 
1) бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп; 
2) негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін 
ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп; 
3) жалпы орта мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында; 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 4) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында - жалпы 
білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруді мониторингтеу 
мақсатында іріктеліп жүргізіледі. 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
86 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 6-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
) 6-тармақ 
өзгертілді
6. Оқу жетістіктеріне сыртқы бағалау жүргізілетін орта, жоғары және (немесе) жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті 
орган айқындайды. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 7-тармақпен толықтырылды
7. Білім беру қызметтерінің сапасына сырттай бағалау жүргізу жөніндегі іс-шаралар 
кешенін жүзеге асыратын ұйым: 
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына 
түсетін адамдар үшін кешенді тест тапсырмаларын әзірлейді және енгізеді; 
2) оқу процесінің сапасын бақылау технологияларын, білім беру ұйымдарында білім 
алушылар контингентін конкурстық жолмен қалыптастыру модельдерін әзірлейді және 
енгізеді; 
3) білім беру сапасын өлшеуді тестілеудің теориясы мен әдіснамасы және оның 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша 
ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді. 
56-бап.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары 
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша: 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 1) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына; 
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне; 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 3) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне; 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 4) тармақшамен толықтырылды
4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, 
үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті. 
2015.03.12. № 433-V ҚР 
Заңымен
3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан 
бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру 
ескеріле отырып әзірленеді. 
2014.16.05. № 203-V ҚР 
Заңымен
57-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 
398-V ҚР 
Заңымен
 57-баптың тақырыбы өзгертілді (
бұр.ред.қара
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет