2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171- VІ ҚР Заңымен 53-5) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 53-5) танылған аккредиттеу органдарының тізілімі - білім беру саласындағы уәкілетті
орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше
мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына
кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-6) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-6) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 53-6) тәлімгер - өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген,
өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның
(ұйымның) білікті жұмыскері;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-7) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-7) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 53-7) техникалық және кәсіптік білім беру - білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын
мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 53-8) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-8) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 53-8) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым»
гранты - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті
атқарушы органдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін
мемлекеттік ұйымдарға рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындысы
бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-9) тармақшамен толықтырылды 53-9) тыңдаушы - білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің
білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 53-10) тармақшамен толықтырылды 53-10) тiрек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының
сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа
мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу
маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары оның базасында
шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен ( бұр.ред.қара ); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен ( бұр.ред.қара ) 54) тармақша жаңа редакцияда 54) университет - әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар
даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және
жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен ( бұр.ред.қара ); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен ( бұр.ред.қара ) 55) тармақша өзгертілді 55) училище - мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік
немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу
орны;