КӘсіптік стандарт кәсіптік қызметтің саласы: Дәрігерлік практика кәсіптік қызметтің кіші саласы: «Невропатология



жүктеу 5.21 Kb.

бет1/10
Дата24.03.2017
өлшемі5.21 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 ЖОБА 
 
Денсаулық сақтау  саласындағы 
КӘСІПТІК СТАНДАРТ 
кәсіптік  қызметтің  саласы:  Дәрігерлік  практика 
кәсіптік  қызметтің  кіші  саласы:  «Невропатология (ересектер, балалар)» 
мамандандырылған дәрігерлік практикасы 
 
1. Жалпы ережелер 
 
Осы  кәсіптік  стандарт  «денсаулық  сақтау  жүйесі»  саласындағы,  «медициналық 
қызмет»  кіші  саладағы,  «дәрігерлік  практика»  қызметі  саласының:  «мамандандырылған 
тәжірибе:  Невропатология  (ересектер,  балалар)»  қызметінің  кіші  саласындағы  қызметтің 
біліктілік  деңгейіне,  құзыретке,  ұстауға,  сапасына  және  еңбек  жағдайына  қойылатын 
талаптарды айқындайды. 
ҚР  Ұлттық  біліктілік  негіздемесінің  маңызды  бөлігі  болып  табылады,  оның 
негізінде  білім  беру  бағдарламалары,  сертификаттау  жүйесіндегі  стандарттар,  лауазымдық 
нұсқаулықтар,  аталған  қызметтің  кіші  саласындағы  қызметкерлер  үшін  уәждемелеу  және 
ынталандыру жүйесі әзірленетін  және жетілдірілетін  болады; 
Кәсіптік  стандарт  Ұлттық  біліктілік  негіздемесіндегі  (бұдан  әрі  –  БҰН),  жаңа 
технологиялардың  пайда  болуын,  медициналық  қызметтердің  қауіпсіздігі  мен  сапасын 
жетілдіру,  «Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығының  шеңберінде  жаңа 
құзыреттерге  медициналық  қызметтер  нарығының  қажеттіліктерін  ескере  отырып, 
кезеңдік  жаңару  мүмкіндіктері  бар  Денсаулық  сақтау  жүйесі  біліктілігінің  салалық 
негіздемесіндегі  (бұдан әрі  – БСН) талаптардың негізінде  әзірленген.   
 
Осы кәсіптік  стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
 
Біліктіліктің  ұлттық  негіздемесі  –  еңбек  нарығында  танылған  біліктілік 
деңгейлерінің  құрылымданған сипаттамасы;  
 
Біліктіліктің  салалық  негіздемесі  –  салада  танылған  біліктілік  деңгейлерінің 
құрылымданған сипаттамасы;  
Кәсіптік  стандарт  –  кәсіптік  қызметтің  белгілі  бір  саласында  біліктілік  деңгейіне, 
құзыретіне,  ұстауына,  сапасына  және  еңбек  жағдайына  қойылатын  талаптарды 
айқындайтын стандарт; 
 
Сала  –  өндірілетін  өнімнің,  өндіріс  технологиясының,  негізгі  қорлардың  және 
жұмысшылардың  кәсіптік  дағдыларының  ортақтығы  сипатты  кәсіпорындар  мен 
ұйымдардың жиынтығы;  
Кәсіби  қызмет  саласы  –  жалпы  ықпалдастырылған  негізі  бар  саланың  еңбек 
қызметтері  түрінің  (ұқсас  немесе  жақын  белгілеулер,  объектілер,  технологиялар,  оның 
ішінде  еңбек  құралдары)  және  еңбек  функцияларының  және  оларды  орындауға  арналған 
құзыреттердің  жиынтығы;  
Еңбек  қызметінің  түрлері  –  еңбек  функцияларының  және  оларды  орындауға 
қажетті  құзыреттердің  біртұтас  жиынтығымен  құрылған  кәсіптік  қызмет  саласының 
құрама бөлігі; 
Еңбек  функциясы  –  еңбек  процессінің  бір  немесе  бірнеше  міндетті  шешуге 
бағытталған өзара байланысқан әрекеттердің  жиынтығы; 
 
Міндет  –  нақты  заттарды  және  еңбек  құралдарын  пайдаланумен  еңбек 
функцияларын  іске  асырумен  және  нәтижеге  қолжеткізумен  байланысты  іс-қимылдардың 
жиынтығы; 
Еңбек  мәні  –  белгілі  бір  еңбек  құралдарының  көмегімен  өнімді  жасау  мақсатында 
жұмысшының іс-әрекеті  бағытталған зат; 

Еңбек  құралы  –  жұмысшының  еңбек  құралын  бастапқы  күйінен  өнімге  өзгерту 
үшін  жұмысшы пайдаланатын құрал; 
 
Құзырет  –  еңбек  қызметінде  білімін,  икемділігін  және  тәжірибесін  қолдану 
қабілеттілігі; 
Кәсіп  –  арнайы  даярлау  нәтижесінде,  жұмыс  тәжірибесінде  алған  арнайы 
теориялық  білім  мен  практикалық  дағдылардың  кешенін  игеруді  талап  ететін  еңбек 
қызметінің  түрі; 
Лауазым  –  ұйымның  ұйымдастыру  -  әкімшілендіру  иерархиясы  жүйесіндегі 
функционалды орын
Функционалдық  карта  –  кәсіби  қызметтің  қандайда  бір  саласының  шеңберінде 
белгілі  бір  қызметтің  түрін  жұмысшы  орындайтын  еңбек  функциялары  мен  міндеттерінің 
құрылымдық сипаттамасы; 
Кәсіптік  стандарт  бірлігі  –  еңбек  қызметінің  осы  түріне  біртұтас,  аяқталған, 
салыстырмалы  автономды  және  маңызды  болып  табылатын  нақты  еңбек  функциясының 
кеңейтілген  сипаттамасын қамтитын кәсіптік  стандарттың құрылымдық элементі  ;  
Біліктілік  –  белгілі  бір  еңбек  қызметі  шеңберінде  жұмысшының  нақты 
функцияларды  сапалы орындауына дайындығы; 
Біліктілік  деңгейі  –  күрделілік  өлшемдері  бойынша  жұмыскерлер  біліктілігіне, 
еңбек  әрекеттерінің  стандартсыздығына,  Жауапкершілігі  мен  Дербестігіке  қойылатын 
талаптар жиынтығы; 
Дескриптор  –  БСН  сәйкес  біліктілік  деңгейіндегі  жұмыскердің  біліміне  және 
шеберлік  сипатына,  құзыретіне  қойылатын  талаптар  жиынтығын  қорыта  сипаттау. 
Құзыретке  қойылатын  талаптар  өлшемдер  бойынша  саралануы  тиіс.  Мысалға,  кәсіптік 
қызметте орындалатын міндеттің  дербестігі,  Жауапкершілігі  және Күрделілігі. 
Bartel  шкаласы  – күнделікті  өмірлік  әрекет шкаласы; 
Rankin  шкаласы  –  инсульт  алған  пациенттің  мүгедектік  және  функционалды 
тәуелдік  дәрежесін бағалау  шкаласы. 
Осы  кәсіптік  стандартты  әзірлеу  мақсаты  еңбек  қызметін  жүйелі  және  құрылымды 
сипаттау, 
оларды 
жүзеге 
асыру 
міндеттері, 
«мамандандырылған 
тәжірибе: 
«невропатология  (ересектер,  балалар)»  қызметінің  кіші  саласы  жұмыскерлерінің  біліміне, 
шеберлігіне,  дағдылары мен құзыретіне   қойылатын сәйкес талаптар болып табылады. 
Осы  кәсіптік  стандарт  өзінің  кәсіптік  қызметін  таңдауды  жүзеге  асыратын 
абитуриенттерге,  бұдан  әрі  кәсіптік  дамуын  бағдарға  алу  ретінде  «невропатология 
(ересектер,  балалар)»  мамандығы  бойынша  денсаулық  сақтау  жүйесі  жұмыскерлеріне, 
медициналық  білім  аясындағы  жұмыскерлерге  оқыту  бағдарламаларын  жетілдіруі  үшін 
бағдар  болуға,  адам  ресурстарын  басқаруды  жетілдіру  үшін  денсаулық  сақтау 
ұйымдарының  кадр  қызметіне,  жекелеген  ұйымдардың  және  салада  тұтастай  кадр 
саясатын  тиімді  жүзеге  асыру  және  адам  ресурсын  жоспарлы  дамыту  үшін  денсаулық 
сақтау  ұйымдары мен ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің  басшыларына арналған. 
 
 
1.1 Қысқартулар тізімі 
 
BPBD 

 
 
Brain  Port Balance  Device  (сезім  мүшелерінің  бұзылуын қалпына 
келтіру  аппараты) 
MMSE 

 
 
Mini-mental  state examination  (психикалық  жағдайды бағалаудың 
қысқаша  шкаласы) 
NIHSS 

 
 
National  Institutes  of Health  Stroke Scale (Ұлттық  денсаулық 
институтының инсульт шкаласы) 
PhD 

 
 
докторантура 
АД 

 
 
Қан тамырының тарылуы 
ВП 

 
 
Шақыртылған  әлеует 

ГК РК 

 
 
Мемлекеттік  классификатор 
ИФА 

 
 
Иммуноферментті  талдау 
КТ 

 
 
Компьютерлік  томография 
ЛП 

 
 
Люмбальдік  пункция 
МБ 

 
 
Дәрі-дәрмекті  блокалар 
МВА 

 
 
Іскерлік  басқару  магистрі 
МЗ РК 

 
 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  министрлігі 
МР-
ангиография 

 
 
Тамырлы тәртіпте магнитті-резонансты томография 
МРТ 

 
 
Магнитті-резонансты томография 
НПА 

 
 
Нормативті құқықтық  актілер 
ОКС 

 
 
Асқынған қан тамыры синдромы 
СБШ 

 
 
Біліктіліктің  салалық негізі 
ПЦР 

 
 
Полимеразды-тіркемелі  реакция 
РК 

 
 
Қазақстан Республикасы 
УЗДГ 

 
 
Ультрадыбыстық допплерография 
УЗИ 

 
 
Ультрадыбыстық зерттеу 
ЧД 

 
 
Тыныс алу жиілігі 
ЧСС 

 
 
Жүрек қысқаруларының  жиілігі 
ЭКГ 

 
 
Электрокардиограмма 
ЭНМГ 

 
 
Электронейромиография 
ЭхоКГ 

 
 
Эхокардиография 
ЭхоЭГ 

 
 
Эхоэнцефалография 
ЭЭГ 

 
 
Электроэнцефалография 
 
2. Кәсіптік стандарт паспорты 
 
Кәсіптік 
стандартта 
ұсынылған 
экономикалық 
қызмет 
түрлері 
номенклатурасына сәйкес экономикалық қызмет түрлері: 
86.10.1  Кең  бейінді  ауруханалар  және  мамандандырылған  ауруханалар  қызметі 
(стационарлы науқастарды емдеу) 
86.22.0  Арнайы  дәрігерлік  тәжірибе  (маман  дәрігерлер  ұсынатын  медициналық 
кеңестер мен емдеулер) 
Кәсіптік  қызметтің  негізгі  мақсаты:  «Невропатология  (ересектер,  балалар)» 
мамандығы  бойынша  мамандандырылған  және жоғары мамандандырылған медициналық 
көмекті  ұсыну. 
Кәсіптік  стандарт  кәсіптік  қызметтің  кіші  саласында  мазмұнына,  сапасына,  еңбек 
шартына,  жұмыскерлердің  біліктілігі  мен  құзыретіне  қойылатын  талаптарды  белгілейді. 
Стандарт  талаптары  қызмет  түрлеріне  және  осы  саланың  мынадай  мамандықтарына: 
«Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы  бойынша  ординатор-дәрігер  (бейінді 
маман),  «Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы  бойынша  дәрігер-сарапшы 
жатады. 
 
2.1 Қызмет, мамандық түрлері, біліктілік  деңгейлері  
 
Рет 
№  
Қызмет 
түрінің  атауы 
Еңбек нарығының үрдісін 
есепке алумен мамандық 
атауы 
01-2005 ҚР ГК 
сәйкес мамандық 
атауы  
БСН 
біліктілік 
деңгейі  


Арнайы 
дәрігерлік 
тәжірибе  
«Невропатология 
(ересектер,  балалар)» 
мамандығы бойынша 
ординатор-дәрігер (бейінді 
маман) 
2221 
дәрігер-маман   
7.1 
7.2 
7.3 
7.4 

Арнайы 
дәрігерлік 
тәжірибе 
«Невропатология 
(ересектер,  балалар)» 
мамандығы бойынша 
сарапшы-дәрігер 
2221 
дәрігер-маман 
7.3 
7.4 

 
3.  «Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы  бойынша  ординатор-
дәрігердің  (бейінді маманның) еңбек қызметі түрінің карточкасы 
3.1 Мамандық атауы – невропатолог дәрігер 
 
3.2  «Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы  бойынша  сарапшы-
дәрігердің  (бейінді  маманның)  еңбек  жағдайларына,  білімі  мен  жұмыс  тәжірибесіне 
қойылатын талаптар 
 
Мамандығы 
бойынша жұмыс 
істеуі мүмкін 
орындар 
(кәсіпорындар, 
ұйымдар) 
Қызмет  көрсететін  ұйымдар:  амбулаторлы-емханалық  көмек, 
консультативті-диагностикалық 
көмек, 
стационарлық 
көмек, 
стационарлы  алмастырушы  көмек,  жедел  медициналық  көмек, 
санитарлы  авиация,  төтенше  жағдайлар  кезіндегі  медициналық 
көмек,  қалпына  келтіру  емдеуі  мен  медициналық  қалпына  келтіру, 
паллиативті көмек  және мейірбикелік  күтім 
Зиянды және 
қауіпті еңбек 
шарттары 
 
Пациенттің  өмірі  мен  денсаулығына  қатер  туғызатын  жағдай 
туындау  қатерімен  байланысты  психоэмоционалды  жүктемелер, 
дербес  шешім  қабылдауды  және  оның  нәтижесіне  Жауапкершілігі:  
талап  ететін  штаттан  тыс  оқиғалардың  туындауы,  аурумен, 
үреймен, 
физикалық  жағымсыз  қалыппен  және  т.б.-мен 
байланысты  ауыр  физикалық  және  психоэмоционалды  зардап 
шегетін  пациенттермен жұмыс 
Медициналық  көмек  көрсету  кезінде  пациент  және  оны 
қоршаушылар  тарапынан  агрессивті  әрекет  қатері,  пациент 
туыстары  тарапынан  тікелей  немесе  жазбаша  айыптаулар 
мүмкіндігі. 
Жұмысқа 
жіберудің ерекше 
шарттары   
Невропатолог  (ересектер,  балалар)  маман  сертификатының,  жеке 
медициналық кітапшасының болуы. 
 
БСН 
біліктілік 
деңгейі 
Кәсіптік білім мен оқу деңгейі  
 
Талап етілетін 
жұмыс 
тәжірибесі 
7.1. 
Жоғары медициналық білім,  «терапия»  / 
«педиатрия» / «жалпы тәжірибедегі  дәрігер»  / 
«хирургия»  / мамандығы бойынша интернатура + 
«Невропатология (ересектер,  балалар)»  мамандығы 
бойынша резидентура немесе «Невропатология 
(ересектер,  балалар)» 864 сағаттан кем емес көлемде 
алғашқы  мамандану 
Жұмыс 
тәжірибесі   
талап етілмейді 
7.2. 
Жоғары 
медициналық 
білім, 
«терапия» 

«педиатрия»  /  «жалпы  тәжірибедегі  дәрігер»  / 
«хирургия»  /  мамандығы  бойынша  интернатура  + 
«Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 

бойынша  резидентура  немесе  «Невропатология 
(ересектер,  балалар)»  864  сағаттан  кем емес көлемде 
алғашқы  мамандану,  соңғы  5  жылда  мамандығы 
бойынша  216  сағаттан  кем  емес  көлемде  біліктілігін 
арттыру 
бойынша 7.1. 
біліктілігімен   
3 жылдан кем 
емес жұмыс 
тәжірибесінің 
болуы 
7.3.В 
Жоғары 
медициналық 
білім, 
«терапия» 

«педиатрия»  /  «жалпы  тәжірибедегі  дәрігер»  / 
«хирургия»  /  мамандығы  бойынша  интернатура  + 
«Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы 
бойынша  резидентура  немесе  «Невропатология 
(ересектер,  балалар)»  864  сағаттан  кем емес көлемде 
алғашқы  мамандану,  соңғы  5  жылда  мамандығы 
бойынша  216  сағаттан  кем  емес  көлемде  біліктілігін 
арттыру. 
 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 
бойынша 7.2. 
біліктілігімен   
3 жылдан кем 
емес жұмыс 
тәжірибесінің 
болуы 
7.4.В 
Жоғары 
медициналық 
білім, 
«терапия» 

«педиатрия»  /  «жалпы  тәжірибедегі  дәрігер»  / 
«хирургия»  /  мамандығы  бойынша  интернатура  + 
«Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы 
бойынша  резидентура  немесе  «Невропатология 
(ересектер,  балалар)»  864  сағаттан  кем емес көлемде 
алғашқы  мамандану,  соңғы  5  жылда  мамандығы 
бойынша  216  сағаттан  кем  емес  көлемде  біліктілігін 
арттыру. 
 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 
бойынша 7.3 В. 
біліктілігімен   
3 жылдан кем 
емес жұмыс 
тәжірибесінің 
болуы 
 
3.2.  «Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы  бойынша  сарапшы-
дәрігердің  (бейінді  маманның)  еңбек  жағдайына,  біліміне  және  жұмыс  өтіліне 
қойылатын талаптар   
 
Мамандығы бойынша 
жұмыс істеуі мүмкін 
орындар  (кәсіпорындар, 
ұйымдар) 
Аудандық,  қалалық,  облыстық  және  республикалық 
деңгейдегі  денсаулық  сақтау  ұйымдары. 
Медициналық сақтандыру компаниялары. 
Медициналық  және  фармацевтикалық  қызмет  сапасын 
бақылау  комитеті. 
Медициналық қызметті  төлеу комитеті. 
Денсаулықты 
басқарудың 
уәкілетті 
мемлекеттік 
органдары. 
Зиянды және қауіпті еңбек 
шарттары 
 
Психоэмоционалды жүктемелер. 
Жұмысқа жіберудің ерекше 
шарттары   
Бірінші  және жоғары санат маманының сертификаты 
БСН біліктілік 
деңгейі 
Кәсіптік білім мен оқу деңгейі  
 
Талап етілетін 
жұмыс 
тәжірибесі 
7.3.В 
Жоғары 
медициналық 
білім, 
«терапия» 

«педиатрия»  /  «жалпы  тәжірибедегі  дәрігер»  / 
«хирургия»  /  мамандығы  бойынша  интернатура + 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 
бойынша 
резидентура 
немесе 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 
бойынша 7.2. 

«Невропатология  (ересектер,  балалар)»  864 
сағаттан  кем  емес  көлемде  алғашқы  мамандану, 
соңғы 5 жылда мамандығы бойынша 216 сағаттан 
кем емес көлемде  біліктілігін  арттыру. 
біліктілігімен 
 3 жылдан кем 
емес жұмыс 
тәжірибесінің 
болуы 
7.4.В 
Жоғары 
медициналық 
білім, 
«терапия» 

«педиатрия»  /  «жалпы  тәжірибедегі  дәрігер»  / 
«хирургия»  /  мамандығы  бойынша  интернатура + 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 
бойынша 
резидентура 
немесе 
«Невропатология  (ересектер,  балалар)»  864 
сағаттан  кем  емес  көлемде  алғашқы  мамандану, 
соңғы 5 жылда мамандығы бойынша 216 сағаттан 
кем  емес  көлемде  біліктілігін  арттыру,  соңғы  5 
жылда  медициналық  қызмет  сапасын  сараптау 
бойынша  216  сағаттан  кем  емес  көлемде 
біліктілігін  арттыру. 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 
бойынша 7.3.В. 
біліктілігімен 
 3 жылдан кем 
емес жұмыс 
тәжірибесінің 
болуы  
8. 
Жоғары 
медициналық 
білім, 
«терапия» 

«педиатрия»  /  «жалпы  тәжірибедегі  дәрігер»  / 
«хирургия»  /  мамандығы  бойынша  интернатура + 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 
бойынша 
резидентура 
немесе 
«Невропатология  (ересектер,  балалар)»  864 
сағаттан  кем  емес  көлемде  алғашқы  мамандану, 
соңғы 5 жылда мамандығы бойынша 216 сағаттан 
кем емес көлемде  біліктілігін  арттыру. 
Магистратура  (ғылыми-педагогикалық),  іскерлік 
әкімшілік  магистрі  (МВА)  және  докторантура 
(PhD),  медицина  ғылымдарының  кандидаты 
немесе  медицина  ғылымдарының  докторы 
ғылыми дәрежесінің  болуы 
«Невропатология 
(ересектер, 
балалар)» 
мамандығы 
бойынша 7.4.В. 
біліктілігімен   
3 жылдан кем 
емес жұмыс 
тәжірибесінің 
болуы 
 
1.3.
 
Ординатор-дәрігердің  (бейінді маманның) еңбек функцияларының тізбесі 
1.4.
 
 
Еңбек 
қызметінің
№ 
 
Еңбек қызметінің атауы  
Ординатор-дәрігер  (бейінді маман) 
Ф 1 
Құқықтық  және регламенттеуші  құжаттардың нормаларын сақтау   
Ф 2 
Этика, деонтология және субординация қағидаларын сақтау   
Ф 3 
Денсаулық сақтау  ұйымдарының санитариялық - гигиеналық 
режимдерінің  нормаларын сақтауды  қамтамасыз  ету   
Ф 4 
Денсаулық сақтау  ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі  нормаларын 
қамтамасыз  ету  
Ф 5 
Өзінің  қызметін  ұйымдастыру, өзін-өзі  бақылау  және үздіксіз  жетілдіру 
Ф 6 
Кезек күттірмейтін  жағдайларда бастапқы медициналық көмек  көрсету   
Ф 7 
Пациенттердің құқығын қамтамасыз ету 
Ф 8 
Тәлімгерлік  және пациенттерді және әріптестерді  консультациялық  - 
ақпараттық қолдау 
Ф 9 
Медициналық қызметтер  көрсету  үдерісінде  құжаттауды  (оның ішінде 
электрондық) қамтамасыз  ету  

Ф 10 
Әдістемелік  және зерттеу медициналық қызметі 
Ф 11 
Кезек күттірмейтін  жағдайлар кезінде  білікті  медициналық көмек 
көрсету   
«Невропатология (ересектер,  балалар)» мамандығы бойынша  
мамандандырылған медициналық көмек көрсету 
Ф 12 
Неврологиялық патологиялы пациентке бастапқы тексеріп  – қарауды 
жүргізу 
Ф 13 
Неврологиялық патологиялы пациентке диагноз қою 
Ф 14 
Неврологиялық патологиялы пациентті динамикада бақылау 
Ф 15 
Неврологиялық патологиялы пациентке медициналық сараптама өткізу 
Ф 16 
Неврология саласындағы ауру  диагностикасын қою 
Ф 17 
Неврология саласындағы ауруларды  емдеу 
Ф 18 
Неврология саласындағы аурулардың  жүруі  мен олардың қабынуының 
алдын алуды болжау 
Ф 19 
Неврология саласындағы ауруларды  оңалту 
Ф 20 
Неврология саласындағы ауруларды  төмендетуге  бағытталған алдын алу 
шараларын ұйымдастыру 
 
3.4.  Невропатология  (ересектер,  балалар)»  мамандығы  бойынша  сарапшы-
дәрігердің  еңбек функцияларының тізбесі 
 
Еңбек 
қызметінің
№ 
Еңбек қызметінің атауы  
Сарапшы-дәрігер 
Ф 1 
Құқықтық  және регламенттеуші  құжаттардың нормаларын сақтау   
Ф 2 
Этика, деонтология және субординация қағидаларын сақтау   
Ф 3 
Денсаулық сақтау  ұйымдарының санитариялық - гигиеналық 
режимдерінің  нормаларын сақтауды  қамтамасыз  ету   
Ф 4 
Денсаулық сақтау  ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі  нормаларын 
қамтамасыз  ету  
Ф 5 
Өзінің  қызметін  ұйымдастыру, өзін-өзі  бақылау  және үздіксіз  жетілдіру 
Ф 6 
Кезек күттірмейтін  жағдайларда бастапқы медициналық көмек  көрсету   
Ф 7 
Пациенттердің құқығын қамтамасыз ету 
Ф 8 
Тәлімгерлік  және пациенттерді және әріптестерді  консультациялық  - 
ақпараттық қолдау 
Ф 9 
Медициналық қызметтер  көрсету  үдерісінде  құжаттауды  (оның ішінде 
электрондық) қамтамасыз  ету  
Ф 10 
Әдістемелік  және зерттеу медициналық қызметі 
Ф 11 
Кезек күттірмейтін  жағдайлар кезінде  білікті  медициналық көмек 
көрсету   
«Невропатология (ересектер,  балалар)» мамандығы бойынша  
мамандандырылған медициналық көмек көрсету 
Ф 12 
Неврологиялық патологиялы пациентке алғашқы  қарауды  жүргізу 
Ф 13 
Неврологиялық патологиялы пациентке диагноз қою 
Ф 14 
Неврологиялық патологиялы пациентті динамикалық қадағалау 
Ф 15 
Неврологиялық патологиялы пациентке медициналық сараптама өткізу 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал