Білімділік: Денелердің өзара әрекеттесуін, дененің массасы оның өлшеміне байланысты болатынын түсіндіру. Масса тығыздық ұғымын енгізу. Дамытушылық



бет1/4
Дата06.05.2023
өлшемі1,62 Mb.
#90733
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Презентация Масса және тығыздық (7 сынып)

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Денелердің өзара әрекеттесуін, дененің массасы оның өлшеміне байланысты болатынын түсіндіру. Масса тығыздық ұғымын енгізу. Дамытушылық: Танымдық қабілетін, формулаларды қолдана отырып есептер шығаруға , логикалық ойлау қабілетін дамыту.Теориялық білімін практикада қолдана білуге үйрету.
  • Тәрбиелік: Тәжірибелер жасап көрсету арқылы, пәнге қызығушылығын, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Үй жұмысын сұрау:

  • Атом және молекула дегеніміз қандай бөлшектер?
  • Атом ұғымын енгізген ғалым?
  • Диффузия деген не?
  • Диффузия зияны?
  • Температура дегеніміз не?
  • Заттың неше күйі бар?
  • Температураны өлшейтін құрал?
  • Заттар қандай күйде бола алады және олардың бір күйден екінші күйге ауысуын қалай түсіндіреміз?
  • Диффузия латынша қандай мағына береді?

Жаңа сабақ

  • Табиғатта басқа денелермен әрекеттеспейтін денелер жоқ. Барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Мұны біз мұз айдынында коньки теуіп жүрген екі баланың бірі екіншісін қолымен итеріп жібергендегі әрекетін мысалға келтірсек. (1 сурет). Олар бағыттары қарама-қарсы жаққа қарай сырғанап кетеді. Осыдан денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу деп аталады. Денелер өзара әрекеттесу салдарынан түрліше жылдамдық алады екен. Мысалы коньки киіп тұрған екі баланың біреуі кіші, екіншісі ересектеу баланың қозғалысын қарастырайық(2-сурет). Кіші баламыз үлкен жылдамдық алады. Осындай мысалдардан денелердің жылдамдықтарын өзгерту қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы енгіземіз.

Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы дененің массасы деп атайды.

  • Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы дененің массасы деп атайды.
  • Өзара әрекет кезінде денелер өз жылдамдықтарын әр түрлі өзгертеді. Денелердің мұндай қасиетін инерттілік деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет