Математика сабағында оқытудың жаңаша формаларын ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығы.
Калтаева Гульмира Каироллаевна
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Ө.А.Байқоныров атындағы Жезқазған университеті
Ұлытау облысы Жезқазған қаласы
«Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан біркелкі әдіспен табан алмай шектеліп қалуға болмайды....
Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес,ол үнемі жаңадан жаңалық табатын өнер»
Ж.Аймауытов
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұрпақ мүмкіндігі. Сондықтан да біздің жастарымыздың сапалы білім алуы маңызды.
Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық-әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам - жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға мұқтаж.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып білімін кеңейтеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор.
Соның ішінде математиканың алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйрене отырып, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игере алады, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. [1, 20-21 беттер].
Көбіне оқушылар бұрын алған білімін өмірде қолдана алмайды; талдау жасап, содан нәтиже шығаруды білмейді; берген мәліметті жинақтай алмайды; сабақ мақсаттарын анықтап, сол мақсатқа жету жолын таба алмайды. Сабақ барысында оқушылардың аз сөйлеп, өз ойын нақты жеткізе алмауы үлкен проблема болып табылады. Яғни оқушыларда функционалдық сауаттылық дағдылары қалыптаспаған.
«Математика сабағында оқытудың жаңаша формаларын ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығы» тақырыбын алудағы мақсатым:
Оқтудың жаңаша формуларын ұйымдастыру - заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі,халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие берудің негізгі құралы екенін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |