5.Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлык білім.
.
Бұл жобаны іске асыру бірқатар аса маңызды мәселені шешуге жол ашады: Біріншіден, гуманитарлық бағыт бойынша әлемнің 100 үздік
оқулығы қазақ тіліне аударылды. Сол арқылы тілдің дамуына
аса қажетті ғылыми мазмұн мен лексика дамиды.
Екіншіден, гуманитарлық салалар бойынша оқитын
студенттердің заман талабына сай білім алуына жағдай
жасалады. Біздің оқу орындарындағы мазмұн және
академиялық талқы деңгейі әлемнің ілгері ғылыми
орталықтарының деңгейіне шығады.
Үшіншіден, аса ауқымды аударма жобасы қазақстандық аударма мектебінің күшейіп, жетілуіне жағдай жасайды. Аудармашы мамандар, ғалымдар мен оқытушылардың жаңа негізде жұмыс істеуіне алғышарт болады.
Осы тақырыпты қорыта келе айтар болсам,бүгінгі таңдағы білім үлесінің қоғамның қай саласы болмасын дәрежесі күрт өсуде.Еліміздің алға қойған негізгі мақсаты, ғылым мен техниканы ұштастыра отырып, қазіргі біздің жастарымызға сапалы білім беру болып табылады. Сонда ғана біз артта қалушылықпен біржола да қош айтысамыз.
5.Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлык білім.