Білімнің басты құндылықтарын дамытуда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі



бет2/5
Дата14.02.2023
өлшемі24,28 Kb.
#67726
1   2   3   4   5
Байланысты:
хаттама (1) Химия жазылған

Тәжірибе бөлісу


1.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінен мәтіндік тапсырмаларды құрастыру мен орындау
Джомартова Сауле Абразаковна, Қарғалы №3 орта мектебі
Мәтінмен жұмыс істеу алгоритмін ұсынды, ондағы бес қадамға тоқталды.
Үш топ құрылды, мәтінмен жұмыс берілді, сол кезде жоғарыдағы қадамдарды қолдану тапсырылды:
-Термин
-Сұрақ құрастыру (дұрыс/ бұрыс, қиылыс, сыни
- Сауле Абразаковна дәстүрлі сұрақты қалай PISA сұрақтарына айналдыру керектігіне тоқтады, себебі биылғы оқу жылындағы ерекшелік кіріктірілген сабақ құрылымын енгізу керектігін айтты.
2. Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі ерекшеліктері
Кадекұлы Жанарбек, Еңбекшіарал орта мектебі
Кадекұлы Жанарбек өз сөзінде дарынды оқушыларды дайындау ерекшелігін танып білу (дарындылық белгілері, психологиялық ерекшеліктері, дарындылық түрлері) жолдарына тоқталды. Презентация арқылы дайындық кезеңі, сараптама кезеңі, ұйымдастырылған –әрекеттік кезеңі, оқушы қабілетін дамыту кезеңдердің құндылықтарына тоқталды. Оқушыға қандай АКТ құралдарын қолдануға болатындығын келтірді, сондай-ақ белсенді әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін өзінің тәжірибесінде нәтижені бергенін айтты.


3. Білімге деген құштарлықты ояту барысында әдістемелік бірлестік жұмысын тиімді жоспарлау
Тілеуханова Құралай, Қарасу орта мектебі
Әб жұмысының жоспарының құрылымы келтірілді. Ондағы педагогтік шеберлікті 3 жылда арттыру ерекше айтылды. Әр мұғалім оқу жылы барысында екі үлгілік сабақ өткізу керектігі, негізгі құндылықтарды назарда ұстау.
4. Білімдегі олқылықтарды жою және болдырмау жолдары
Нургалиева Мария, Уалиханов атындағы орта мектебі
Білімдегі олқылықтарды толықтыру алгоритмін ұстаз презентация арқылы ұсынды. Онда нақты 4 қадам белгіленді. Олқылықты анықтау үшін диагностикалық жұмыс өткізу, оны талдау, жоспар құру, жоспарды жүзеге асыру, талдау жұмысын жүргізу арқылы осы тақырып бойынша жұмыс көлемі көрсетілді.
Практикалық бөлімінде үш топқа тапсырмалар берілді, онда топ мүшелері берілген оқу мақсатына сай тапсырманы іріктеді, сосын сол тапсырмаға дескриптор және бағалау шкаласын ұсынды.


5.Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруды ҚМЖ тапсырмаларына енгізу
Адият Мақсат Б.Қыдырбекұлы орта мектебі
Адият Мақсат өз сөзінде оқушылардың құзыреттілік қалыптастыру
Оқушыларға ұсынылатын тапсырма түрлері мен орныдау реттілігін ұсынды.Ұстаз өз тәжірибесінде қолданылған тапсырманы сондай-ақ, бағалау шкаласын ұсынды. Тапсырманы орындағаннан кейін міндетті түрде кері байланыс беру керектігін айтты. «5.5.1» әдісіне тоқталу арқылы әріптесіміз бір сабақтың ҚМЖ ортаға салды. Білім жетілдіру курсынан өз тәжірибесіне түзету жұмыстарын презентация арқылы ұсыныс, онда оқушымен жұмыс жасау алгаритмін көрсетті. Кинестетик, визуальды, ауызша жауап беруді, жақсы көретін және дарынды балаларға тиімді әдістерді ұсынды, нәтижесінде неге қол жеткізуге болатындығын айқындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет