тақырыбында өткен химия,биология пәні мұғалімдерінің секция жұмысының
ХАТТАМАСЫ 22 тамыз 2022 жыл
Уақыты :10.00-13.00
Ұйымдастырушы: аудандық білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығы
Қатысқандар саны: Химия, биология пәні мұғалімдері
Күн тәртібі : Кіріспе сөз.Ибраимова Айман Жатыновна, аудандық білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығының әдіскері
1.2022-2023 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында химия, биология пәндерін оқыту ерекшеліктері туралы
Баймуратова Зарема Маженовна, Үмбеталы атындағы орта мектебі Баймуратова Зарема Маженовнаның өз сөзінде Қ.Р. Үкіметінің 2021 жылы 12 қазан №726 қаулымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру Ұлттық жобасының 5 міндетіне тоқталды. Сондай-ақ жаңа оқу жылында міндеттерге назар аударды. Жаңа оқу жылында нормативті-құқықтық құжаттардың түрлерімен бұйрықтары 2022-2023 оқу жылы ұзартылып, 36 оқу апталығын құрайтынын айтты. 10-11 сыныптарда «Химия» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасында «Көміртек және оның қосылыстары» тарауы өзгертілді. Жоғары буын сыныптарда бағыттар бойынша бөлім бойынша сынама жұмыстар саны таблица түрінде тоқсан берілді. 12.05.2022 жылы 190 бұйрыққа сай ФБ, БЖБ, ТЖБ жұмыстарын бағалау талаптарын ортаға салып, талдады. Биология пәнінен де жазба жұмыстар саны 7-9, 10-11 сыныптарда таныстырылды. Сондай-ақ зертханалық және практикалық жұмыстардың саны, айқын айтылды. Химия пәнінен зертханалық жұмыстар толық сынып бағаланбайды биология пәнінен әр оқушы бағалануы тиіс екендігі, яғни бағалауды 10 балдың жүйемен келтіру және күнделік kz. қойылуы керектігі айтылды.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы