Территориялық табиғат кешендері туралы білімннің биогеографиялық ғылым әсер етті. Осының ішіндегі биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген түсініктердің биогеографияның салаларынан маңызды орын алуға бір себебі болды. Осы айтып кеткен ойымнан биоценоз бен экожүйе туралы айтып кеткім келеді.
Биоценоз дегеніміз өмір сүру, өсіп жетілу жағдайлары бірдей, эволюциялық процесс және табиғи сұйықталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жануарлар тобынан кұралған табиғат кешені. Оның өзін-өзі басқару, динамикалық тепе-теңдік сақтайтын қасиеті немесе салыстырмалы тұрақтылығы болады.Осы екі қабілеттің біреуіне тоқталып кетсем.
Салыстырмалы тұрақтылық ол биоценозды қалыптастыратын құрамдас бөліктердің, өсімдіктердің, жануарлардың өсіп-жетілу ықтималдылығын баяулатып, нақты бір өлшем шегінен аспайтын фактор. Өсімдіктер мен жануарлардың өсіп-жетілу мүмкіндігі жоғары. Мысал келтіретін болсақ: бір ғана шыбынның ұрпағы арқылы бүкіл әлемді толтыруға болады. Алайда биоценозды қалыптастыратын басқа өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруі, өсіп жетілу жолындағы шыбындардың күресі, кедергісі десек болады. Яғни ауа мен қоректік заттар, мекен-жайдан олар шыбынының санын тежеп, өзіне тән межеден арттырмайды.
Биоценоз биогендік және геогендік құрамдас бөліктері бір-бірімен ұдайы өзара әрекеттесіп, өздерінің динамикалық тепе-теңдігін қалыптастырады. Биоген дегеніміз өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, топырақ жамылғы, ал геоген дегеніміз минералды заттар, ауа, су, жылу энергиясы. Биоценоз жергілікті жер жағдайының ерекшеліктеріне байланысты түзіледі. Оны түзетін зоналық және азоналдық факторлар қатар әрекет етеді. Ендеше биоценозды жалпы табиғат кешені ретінде білумен бірге белгілі бір территориямен шектелетін территориялық табиғат кешені ретінде қарастыруға болады.
Биоценоздың құрамдас бөліктері:
фитоценоз (өсімдіктердің тұрақты қауымдастығы); оңай танылатын сипаттамалары мен шекаралары бар, кез келген биоценоздың негізгі құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылады, зоо -, мико - және микроб-оценоздардың түрлік құрамын анықтайды;
зооценоз (жануарлардың өзара байланысты түрлерінің жиынтығы);
биоценоздың бөліктері бір-бірін алмастырады (бір түр ұқсас экологиялық талаптары бар басқа түрдің орнын ауыстыруы мүмкін);
биоценоз қарама-қарсы бағытталған күштерді (жыртқыштар, паразиттер және т. б.) теңестіру және кейбір түрлердің санын басқалармен сандық реттеу арқылы болады;
биоценоздың өлшемдері оның биотопымен анықталады.
Ендігі кезекте мен экожүйе туралы айтып кеткім келеді.
Экологиялық жүйе немесе экожүйе — өзара әрекеттесу кезінде заттардың айналымы мен энергия ағыны жүретін, бірге өмір сүретін организмдер мен бейорганикалық компоненттердің кез келген жиынтығы.
Экожүйелердің мысалдары: шіріген діңгек, құмырсқа, жаңбыр суы бар шалшық, саябақ, аквариум, биосфера және т. б. Экожүйенің екі өнімділігі бар. Олар бастапқы және қайталама өнімділік.
Экожүйенің бастапқы өнімділігі-фотосинтез нәтижесінде осы экожүйенің барлық өсімдіктері уақыт бірлігінде өндіретін биомасса мөлшері.
Экожүйенің қайталама өнімділігі-бұл экожүйенің барлық тұтынушылары уақыт бірлігінде өндіретін биомасса мөлшері.
Экожүйенің өзін — өзі дамытуы болады. Ол әртүрлі себептерден туындаған циклдік және прогрессивті өзгерістерге қабілеттілігі. Кезек-кезек пен түсіндіріп кетсем:
Циклдік өзгерістер әдетте сыртқы жағдайлардың тәуліктік және маусымдық өзгерістерімен және организмдердің биологиялық ырғақтармен байланысты.
Прогрессивті өзгерістер үнемі әсер ететін сыртқы немесе ішкі факторлардан туындайды және бір биогеоценоздың (немесе басқаша айтқанда экожүйенің) екіншісіне ауысуына әкеледі (басқаша айтқанда сукцессия).