«биоэтика және қоршаған ортаны қОРҒАУ» Мамандығы: «5В060700-Биология» Курс- 2 Семестр 3


Атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар жүйесі



бет7/7
Дата25.01.2023
өлшемі80,54 Kb.
#62746
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 Дәріс

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар жүйесі
Атмосфералық ауаны қорғау бойынша барлық шаралар 5 топқа бөлінеді:
1.технологиялық,
2.санитарлық-техникалық,
3.жоспарлау,
4.әкімшілік және
5. ғылыми-зерттеу.
1. Технологиялық шаралар тозаң-газ ауалық қоспаның тікелей түзілу көзіне, әсіресе технологиялық процестің өзіне бағытталған. Бұндай шаралар:
- тұйық технологиялық процесті құру;
- шикізаттар кешенін пайдалану;
- өндірістегі зиянды заттарды зиянды емес немесе зияндылығы аз
заттармен алмастыру
- шикізатты зиянды қоспалардан тазарту;
- тозаңды материалдарды құрғақ өндеу әдістерін ылғалдығы алмастыру;
- жалынмен қыздыруды электрлікке алмастыру;
- процестерді саңылаусыздандыру, тозаңды материалдарды тасығанда
гидро-және пневмокөлікті қолдану.
2. Санитарлық-техникалық шаралар атмосфераға шығарыстар санын азайту мақсатында тозаң-газауалық қоспалардан тазартудың әртүрлі әдістерін қарастырады:
- құрғақ механикалық тозаңұстағыштар (тозаң шөгетін камералар,
циклондар, мультициклондар, жалюздік күлұстағыштар);
- сүзу аппараттары (түтікті сүзгілер);
- электростатикалық сүзгілер;
- сулы тазалау аппараттары (скрубберлер).
3. Жоспарлау шаралары:
- ластағыштарды шығаратын мұржаның биіктігін реттеу;
- қаланың территориясын аймаққа бөлу;
- табиға тозаңданумен күрес;
- санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру;
- тұрғын аудандарды жоспарлау;
- елді мекендерді көгалдандыру.
4. Әкімшілік шараларға ластанулардың қолайсыз әсерлерін азайту мақсатында ауа-райына байланысты өндірістегі іс-әрекетті реттеу болып табылады.
5. Ғылыми-зерттеу шаралары – бұл экологиялық жағынан таза және жеңіл технологиялық процестерді, тозаң-газауалық қоспаларды тазалаудың тиімді әдістерін жасау, сонымен қатар экологиялық-гигиеналық нормативтерді жасау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет