“Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу тақырыбына есептер шығару”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығару, осы тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзара көмектесуді дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың жабдықталуы:
Компьютерлік оқу құралдары
Слайдтар
Жұмыс дәптері
Сабақтың эпиграфы:
“Адамның басшысы-ақыл, шолушысы -ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны –арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақсысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі –сыйластық!”
Төле би
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
а) “Миға шабуыл”
ә) Есептерді тексеру
3. “Қарлы кесек” ойыны
4. Сәйкестендіру тесті
5. Деңгейлік тапсырмалар
6. Шығармашылық тапсырма
7. Тірек-сызба. Сабақты қорытындылау
8. Үйге тапсырма. Кроссворд “Математика”
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру
“Миға шабуыл”. сұрақтарға жауап беру.
Қандай теңдеулерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп атайды?
Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің қандай тәсілдері бар?
Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер?