«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы
Әдістемелік нұсқа
Редакциясы: 1
бетттің беті
Тақырыбы: Сыну көрсеткішін өлшеу. Мақсаты: рефрактометрлік әдіспен сұйықтың сыну көрсеткішін және сыну көрсеткішінің сұйық концентрациясына тәуелділігін зерттеу: рефрактометрдің жұмыс істеу принципі мен Аббе рефрактометрінде өлшеулер әдістемесін меңгеру
Оқытудың міндеті: Студент геометриялық оптиканың заңдарын игеруі қажет. Абсолютті және салыстырмалы сыну көрсеткішін, және рефрактометрдің сызбасын білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Жарықтың табиғаты туралы көзқарас
Көрінетін жарықтың толқын ұзындығының диапазоны
Жарықтың сыну құбылысы
Жарықтың сыну заңы. Сыну көрсеткіші (орыс тілінде)
Толық ішкі шағылу
Рефрактометрдің жұмыс істеу принципі
Қысқаша теория: Жарық екі мөлдір орта шекарасына түскенде бөлу шекарасынан жартылай шағылады, ал қалған екінші ортаға бағытын өзгерте отырып өтеді. Бірінші және екінші орталарда жарықтың таралу бағыты Снеллиустың сыну заңымен анықталады: сынған сәуле түскен және де екі ортаның шекарасына тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады, түсу бұрышының α синусы сыну бұрышының β синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болады:
(1)
- екінші ортаның бірінші ортамен салыстырғандағы сыну көрсеткіші.
Әртүрлі тығыздықты ортадан өткен жарық сәулесінің әртүрлі жылдамдығы бір ортадан екінші ортаға өткенде оның бағытын, яғни рефракцияны өзгертеді (1-сур.). Ауадағы жарықтың таралу 1 жылдамдығының заттағы таралу жылдамдығына 2 қатынасы, сәуленің түсу бұрышы α мен сыну бұрышының β қатынасы сыну көрсеткіш (коэффициенті) деп аталады, берілген толқын ұзындығы үшін тұрақты шама болып табылады:
(2)
1-cур. Бір ортадан екінші ортаға өткендегі жарықтың сынуы: а – тығыздығы аз 1 ортадан көп ортаға 2 өткендегі жарықтың сынуы; б – түсу бұрышы 900 жақындағандағы жарықтың сынуы; D - D' шекті сәуле (толық ішкі шағылу).