Биогендік элементтер


 ZnSО4 • 7Н2О – көз тамшысы. 2



бет5/6
Дата17.11.2022
өлшемі131 Kb.
#50932
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
1. ZnSО4 • 7Н2О – көз тамшысы.
2. ZnО – тері ауруларында присыпка, мазь, паста ретінде қолданылады.
3. Мырыш-инсулин – қант диабетін емдеуде қолданылады.
Сынап. Сынап – тірі өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырақ, өсімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланғанда ауызға металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы және есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.
Барлык тұздары улы болғанымен, оның көбі медицинада қолданылады:

  1. НgО (сары сынап майы) – тері ауруларына қолданылады;

  2. HgСl2 (сулема) – өте улы, онымен жұмыс жасағанда байқаған жөн, 1:1000 қатынасындай етіп сұйытылған ерітіндісін төсеніштерді, медициналық құрал-саймандарды, бөлмені дезинфекциялағанда қолданылады.

Медицинада қосылыстарын қолданып қана қоймай металл сынап пен оның буы да қолданылады (сынап термометрлері аппаратында).

    1. VIB және VIIB тобының d-элементтері

Хром. Хром – өсімдік және тірі ағзаның негізгі құрамды бөлігі. Хромның биологиялық активтілігі оның иондарының комплекс түзуге бейімділігі. Мысалы, Сг3+ ионы нуклеин қышқылының құрылысының тұрақтануына қатысады.
Хром қосылыстары улы, сондықтан медицинада қолданылады.
Молибден. Молибден ағзаға жат заттардың заласыздануына қатысатын ферменттердің құрамында кездеседі. Ағзада фторды ұстап қала отырып, кариестің дамуын болдырмайды, сонымен қатар темірдің бауырдағы метоболизміне кедергі келтіреді. Молибден пуриндердің ыдырауын жетелдетеді және ағзадан несеп қышқылын бөліп шығарады, сонымен подаграны болдырмайды.
Молибденнің тапшылығында ауыз куысының, қызыл иекті дерттердің дамуы мүмкін, рактың даму қаупі жоғарылайды.
Марганец. Марганец – микроэлемент, Мп2+ ионының биогенді функциясы – ферменттер активтілігін реттеуге қатысуы. Сондықтан Мп2+ ионның биологиялық әсері кең: қан айналымы, минералды алмасу, өсу, көбею т.б. Сонымен қатар Мп 2+ ионы нуклеин қышқылдарының құрылымын тұрақтандырады.
Медицинада КМnО4 калий перманганаты қолданылады. Бұл жараларды жууда, тамақты шаюда антисептик ретінде қолданылады. 

    1. VIII топтың d-элементтері

 


Темір. Биоэлементтердің ішінде тіршілік үшін негізгі маңызы бар элементтердің бірі – темір, ол ағзадағы каталитикалық процестердің активаторы және қандағы газдардың тасымалдануы процесіне қатысады. Ересек адамның ағзасында 3,5 г темір болады. Оның көп бөлігі эритроциттердің демалатын пигментінде, яғни гемоглобинде болады. Гемоглобин – күрделі ақсыл, оның молекуласы екі бөліктен ақсылды (глобин) және темірден тұрады. Адам ағзасына темір жетіспеген жағдайда адам анемия ауруына шалдығады, шаштың ағаруы және түсуі, сүйектің қақсауы байқалады.
Анемияда, адам ағзасы әлсірегенде темірдің келесі препараттары қолданылады:

  1. Темірдің аскорбинаты (II)

  2. "Ферроплекс" (аскорбин қышқылы мен темірдің (II) сульфаты)

  3. Темостимулин", "Гематоген"

  4. Алоэ мен темір топшасы

Кобальт. Со3+ ионы В12 (кобаламин) витамині құрамына кіреді. Бұл витаминдер құрамына кіретін жеке металл В12 қан айналымында тек эритроциттер түзілуі үшін қажет.
Ағзада В12 жетіспеуі анемия (қан аздық) туғызады.
Кобальттің радиоактивті изотопты (60СО) қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылады. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет