Биохимия кафедрасы



бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі42,38 Kb.
#130904
1   2   3
Байланысты:
Фермент ЭА 1-Арб 2

Электронды деректер

  1. Учебник «Harper`s illustrated biochemistry» 2015 года. В библиотеке КазНМУ есть электронная версия этого учебника (1экз.)

  2. Электронный учебник «Биохимия. Виртуальные лаборатории», ООО «Компетентум», 2009 г.

Ағылшын тілінде:
1.USMLE Step 1 Biochemistry and Medical Genetics – Kaplan,2013
2.Robert, K.Murray. Harper's illustrated biochemistry / K.Murray. Robert.-NewYork; London: McGraw-Hill, 2003.- x, 693 pages : illustrations; 24 cm.
3. «Biochemical base of Health and Pathology», Study guide/ K.O.Sharipov, K.A.Buligin, E.O.Mukhamadieva, 2018 – 250 р.


5. №1 Аралық бақылауға дайындалуға арналған сұрақтар:
1.Ферменттер, түсінік. Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастықтары. Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы.
2. Ферменттердің жалпы қасиеттері (атап шығу). Изоферменттер. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Диагностикалық маңызы. Мультиферменттік комплекс, мысалдар келтіру.
3.Ферменттердің құрылысының күрделілігі. Ферменттердің активті орталығы. Аллостерикалық ферменттер. Бір- және екікомпонентті ферменттер, мысалдар келтіру.
4. Ферменттердің арнайылығы: а) субстраттық, б) әсер ету арнайылығы.
5.Фермент активтілігіне әсер ететін факторлар (атап шығу). Фермент активтілігіне температураның әсері (график түрінде көрсету). Қайтымды және қайтымсыз инактивация.
6.Фермент активтілігіне орта рН-ң, субстрат пен фермент концентрациясының әсері. График түрінде көрсету.
7. Фермент активтілігіне эффекторлардың әсері. Арнайылығы бар және арнайылығы жоқ эффекторлар (активаторлар, ингибиторлар). Мысалдар келтіру.
8. Бәсекелес және бәсекелес емес ингибирлену.
9.Гидролазалар. Жалпы сипаттама. Негізгі топтары.
10.Эстеразалар, өкілдері, кездесетін орны, каталитикалық әсері.
11. Гликозидазалар, өкілдері, кездесетін орны,каталитикалық әсері.
12. Пептидгидролазалар, өкілдері, кездесетін орны, каталитикалық әсері.
13.Трансферазалар. Жалпы сипаттамасы, негізгі топтары. Құрылысы туралы түсінік.
14.Аминотрансферазалар. Құрылысы (коферментінің формуласын жазу), катализдік әсері. Қан сарысуында аминотрансферазаларды (АЛТ, АСТ ) анықтаудың диагностикалық маңызы.
15.Метилтрансферазалар. Вс және В12 витаминдерінің құрылысы туралы түсінік, олардың ролі. Катализдейтін реакциялары (мысалмен түсіндіру).
16.Ацилтрансферазалар. НSKoA-ның құрылысы туралы (В3 вит.) және ролі. Ацилтрансферазалар катализдейтін реакциялары.
17.Фосфотрансферазалар. Құрылысы, катализдік әсері. Креатинфосфокиназаны (КФК) анықтаудың диагностикалық маңызы.
18.Лиазалар. Жалпы сипаттама, негізгі топтары. Құрылысы туралы түсінік. Карбангидраза.
19.Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары. Мультиферменттік комплекстің құрамы, коферменттері (В1, В5, В3 витаминдері). Катализдейтін реакциясы.
20.Амин қышқылдарының декарбоксилазалары. Коферментінің формуласын жазу. Катализдік әсері, биогенді аминдер туралы түсінік.
21. Оксидоредуктазалар, жіктелуі, биологиялық ролі және құрылысы туралы түсінік.
22.Пиридин ферменттері, НАД және НАДФ коферменттерінің құрылысы, құрылысы мен биологиялық роліндегі айырмашылықтары.
23.Флавин ферменттері, ФМН және ФАД коферменттерінің құрылысы, құрылысы мен биологиялық роліндегі айырмашылықтары.
24. Убихинон, химиялық табиғаты, биологиялық тотығудағы ролі.
25.Цитохром В, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
26.Цитохром С, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
27.Цитохром А, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
28.Каталаза, пероксидазалар – құрылысы, ролі, кездесетін орны.
29.Оксигеназалар – құрылысы, ролі.
30.Энергия алмасуы, түсінік. Балалардағы энергия алмасуының ерекшеліктері. Энергия алмасуының сатылары арасындағы байланыс.
31. Энергия алмасуының 1сатысы – көмірсулардың, липидтердің, нәруыздардың арнайы жолдар арқылы активті сірке қышқылына дейін ыдырауы.
32.Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы. ҮҚЦ реакцияларын формуламен көрстеу, ферменттерін атау.
33. Биологиялық (немесе оксидазды) тотығу (БТ), түсінік, мәні, маңызы. БТ сатылары, протондар мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер. Тотығу-тотықсыздану потенциалы дегеніміз не? Оған не тәуелді?
34.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні және маңызы. Р/О коэффициенттері.
35.БТ мен ТФ қабысу нүктелері. Электрондарды тасымалдау тізбегінің реттелуі. Тыныс алуды бақылау.
36. Биологиялық мен тотығудан фосфорланудың ажырауы. Ажыратқыштар туралы түсінік. Мысалдар келтіру.
37.Тыныс алу комплектсері, олардың құрамы. Электрондарды тасымалдау тізбегінің ингибиторлары.
38.Гипоэнергетикалық күйлер: түсінік, себептері.
39.Оксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
40. Оксигеназды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы.
41. Пероксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
42. Пероксидті (бос радикалды) тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы. Оттектің активті түрлерінің түзілуі.
43. Ферментті және ферментті емес антиоксиданттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет