Биохимия кафедрасы


Жан-жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі және ветеринариялық маңызы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата06.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3497
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жан-жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі және ветеринариялық маңызы

 

Жан-жануарлар  жер  бетіндегі  әртүрлі  ортада  тіршілік  жасайды. 

Олар  суда,  топырақта,  ауада,  сондай-ақ  басқа  организмдердің  іші-сыртында  тіршілік  етеді. 

Жануарлардың  табиғаттағы  маңызына  келер  болсақ,  олар  биосфераның  зат  айналу 

процесінде  үлкен  роль  атқарады.  Олар  консументтер  (пайдаланушылар)  және  редуценттер 

(қайта  қалпына  келтірушілер)  ретінде  өсімдіктермен  қоректенеді  немесе  жыртқыштар 



ретінде басқа организмдерді жейді. Ал, кейбіреулері (қоңыздар, құрттар, микроорганизмдер) 

басқа  организдердің  қалдықтары  мен  өлекселерін  жеп,  оларды  ыдыратады,  минераддық 

заттарға  айналдырады.  Сөйтіп,  оларды  өсімдіктердің  бойына  сіңіруіне  жағдай  жасайды. 

Яғни, олар заттардың биологиялық айналым процессінің маңызды бөлшегі болып табылады. 

Жануарлар, сондай-ақ, топырақтың құнарлы қабатын жасауға, мұхит пен теңіз табанындағы 

шөгінділердің  пайда  болуына  қатысады.  Насекомдардың  өсімдіктерді  тозаңдандырудағы 

ролі өте зор. Мысалы, Европадағы жабық тұқымдас өсімдіктердің 80% насекомдармен, 19% 

- желдің әсерінен, 1% - басқа жолдармен тозаңданады екен. Ал өсімдік гүлдеріндегі аталығы 

аналығын тозаңдандырмаса, олардың жеміс бермейтіні баршаға белгілі нәрсе. 

Жан-жануарлардың адамға пайдасы өте зор. Мысалы, оларды тамақ 

(ет,  бал  және  т.б.),  киім  (терісі  және  т.б.),  дәрі  (марал,  ақбөкен  мүйіздері  және  т.б.)  алуға, 

сондай-ақ  мал  тұқымын  асылдандыруға  (архармеринос),  биологиялық  әдіс  ретінде 

зиянкестерге қарсы қолдануға, үй күзетуге, мініске, әдемілік үшін (тотықұстар) және басқа 

да адам өміріне керекті өте көп нәрселерді жүзеге асыруға пайдаланады.

 

Жануарлардың келтірер зиянына келсек, ол адамның көзқарасымен 



қарағандағы  зиян,  ал  табиғаттағы  құбылыстардың  бәрі  де  табиғи  тепе-теңдікті  сақтауға 

бағытталған.  Бірақ,  әртүрлі  жәндіктер  адам  егетін  егін  мен  мал  шаруашылықтарының 

зиянкестері  және  ауру  қоздырғыштары  ретінде  үлкен  зиян  келтіруі  мүмкін.  Мысалы, 

Халықаралық  ұйымдардың  мәліметі  бойынша,  әр  жылы  алынатын  дәнді  дақылдардардың 

20%-тін ауыл шаруашылығы зиянкестері жеп құртады екен. 

Қарапайым паразиттер туғызатын қауіпті аурулар қатарына, безгек, 

амебиаз,  тейлериоз,  гельминттер,  яғни  құрттар  туғызатын  аскаридоз,  эхинококкоз, 

описторхоз,  трихинеллез  ауруларын  атауға  болады.  Әртүрлі  кенелер,  бүргелер,  қансорғыш 

шыбындар  өте  қауіпті  инфекциялық  аурулардың,  мысалы  кене  энцефалиті,  оба,  тырысқақ 

сияқты  ауру  қоздырғыштарының  тасымалдаушылары  болып  табылады.  Сондай-ақ,  кейбір 

жәндіктер,  мысалы  улы  медузалар,  қарақұрт,  ара,  улы  жыландар  да  адамдар  мен  үй 

жануарларына қауіпті саналады. 

Табиғатта  жан-жануарлардың  өзі  де  бір-бірімен  әртүрлі  қатынаста 

болады. Комменсализм (commensal, французша бірге тамақтанушы

 деген сөз) - екі организм 

бір ортада қатар өмір сүрген кезінде, бірі екіншісіне пайдалы, ал екіншісіне бәрі-бір болуын 

айтады.  Мысалы,  крокодил  мен  балшықшы құс  арасындағы  қарым-қатынас:  кішкентай құс 

крокодилдің  тісіне  түрып  қалған  етті  шүқып  жейді,  ал  крокодилге  бәрі-бір.  Мутуализм 

(латынша,  mutius  —  екі  жақтан  бірдей;  франсузша,  mutualite  —  бір-біріне  көмектесу  деген 

сөз) — екі  түрге жататын организмдердің бір-біріне пайдалы, бір-біріне тәуелді қатар өмір 

сүруі.  Мысалы,  насекомдар  (қандала,  құмырсқа,  тарақан  және  т.б.)  мен  олардың  ішегінде 

өмір  сүретін  микроорганиздер  (бактероидтар,  коккоидтар).  Егер  насекомдардың  ішегінде 

аталған микроорганиздер болмаса, онда олар өзінің өсуін тоқтатады, бір фазадан екіншісіне 

өтуі  баяулайды,  личнкаларының  пайда  болмауы  мүмкін.  Паразитизм  (грекше,  раra  - 

қасында, sitos - қоректенуші деген сөз) - екі организм қатар өмір сүрген кезде, бірі екіншісін 

қоректену  көзі  және  тіршілік  ету  ортасы  ретінде  пайдаланады  (паразит),  ал  екіншісі  одан 

зиян  шегеді,  (иесі).  Паразитизм  құбылысы  табиғатта  өте  жиі  кездеседі.  Ол  тек  жануарлар 

дүниесінің  типтерінің  ішінде  тек  губкалар  мен  тікентерілілерде  ғана  табылған  жоқ. 

Паразиттер мен олар туғызатын ауруларды паразитология ғылымы зерттейді.  

 

 



 

 

 



ЗООЛОГИЯ 

 

Лекция                              

 

Тақырып: 

Қарапайымдылар 

типі. 

Типтің 

классификациясы 

және 

қарапайымдылар құрылысының жалпы ерекшеліктері. 

 

Тірі  және  жансыз  табиғат  туралы  түсінік.  Тірі  организмдер  2  топқа  (империяға) 

бөлінеді:  прокариоттар  және  эукариоттар.  Эукариоттар  дегеніміз  ядросы,  ядро 

қабықшасы,  нуклеопротеидті  хромосомдары,  митоз  және  мейоз  процесстері  болатын  тірі 

организмдер.  Джон  Корлисс  (1984)  эукариоттарды  4  патшалыққа  бөледі:   nimalіа 

(жануарлар),  Рlantае  (өсімдіктер),  Fungi  (саңырауқұлақтар),  Рrotista  (бір  клеткалылар). 

Әдетте,  эукариоттарды  өсімдіктер  және  жануарлар  патшалықтары  деп  2 

патшалыққа  (царство)  бөледі.  Жануарлар  патшалығы  өз  кезегінде  тағы  2  патшалық  асты 

(подцарство)  тармағына  бөлінеді:  1.   ір  клеткалылар  (Қарапайымдылар  типі)  және  Көп 

клеткалылар (Губкалардан бастап Хордалыларға дейінгі типтер). 

 

Қарапайымдылар (Рrotozoa) дегеніміз анатомиялық тұрғыдан  қарағанда клетка 

деңгейінде,  ал  физиологиялық  көзқараспен  қарағанда  дербес  организм,  яғни  тұтас 

организмге  тән  процесстер  (қоректену,  зәр  шығару,  тыныс  алу,  көбею,  қозғалу  т.с.с.) 

болатын  жеке  организм  болып  табылады.  Қазіргі  кезде,  қарапайымдылардың  50.000-

нан  аса  түрі  белгілі.  Тіршілік  етуіне  байланысты оларды төмендегідей 2 топқа бөлуге 

болады: 

  

1.  Еркін өмір сүріп суды, топырақты мекендейтін қарапайымдылар,  



 

2.Басқа жан-жануарлар организмінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. 

 

Қарапайымдылардың  басым  көпшілігі  көзге  көрінбейтін,  тек  микроскоп  арқылы  ғана 



анықтауға болатын жәндіктер. Олардың ең кішісі 2-4 мкм, бірақ 1 миллиметр болатын теңіз 

қарапайымдылары,  ал  кейде  3  см-ге  дейін  жететін  нуммулиттер  де  кездеседі. 

Қарапайымдылар  клеткасы  (торшасы),  баска  ядролы  организмдер  сияқты  ядродан, 

цитоплазмадан  және  кабықтан  немесе  мембранадан  тұрады.  Қарапайымдылардың 

көпшілігінде кабықшалары  қалыңдап, соның нәтижесінде, оларға белгілі  бір пішін беретін 

және  сыртқы  ортаның  әсеріне  қорғаныш  болатын,  пелликула  түзіледі.  Жоғарыда 

айтылғандай,  құрылысы  жағынан  қарапайымдылар  көп  клеткалылардағыдай  болады. 

Бірақ,  көпклеткалылардың  әрбір  клеткасы,  белгілі  бір  ұлпаның  немесе  органның 

(мүшенің) құрамына кіреді және өз бетінше тіршілік ете алмайды. Ал, қарапайымдылардың 

клеткалары жеке организм ретінде өмір сүре алады. 

Қарапайымдылардың  классификациясы  ұзақ  жылдар  бойы  (XIX  ғасырдың  2-

жартысы - XX ғасыр бірінші жартысы) төмендегідей 4 класқа бөлініп келді: 

1. Саркодалар 

2. Талшықтылар 

3. Споралылар 

4. Инфузориялар немесе кірпікшелілер. 

 Бірақ,  1980  жылы  Халыкаралық  Қарапайымдылардың  систематикасы  мен 

эволюциясы бойынша Комиссия (Levinе е.а., 1980), оларды төменгідей 7 типке бөледі: 

1.

 

Саркомастигофора 



2.

 

Лабиринтоморфа 



3.

 

Апикомплекса 



4.

 

Микроспора 



5.

 

Асцетоспора 



6.

 

Миксозоа 



7.

 

Цилиата. 



Қарапайымдылар   систематикасы 

туралы 


егжей-тегжейлі 

мағлұматтарды  мына  кітаптардан  алуға  болады:  "Кайруллаев  К.К.  Простейшие 

(Рrotozoа)  -  паразиты  крови  птиц  Казахстана.  Алматы,  2003;  К.К.  Кайруллаев.  О 

систематике  паразитов  крови  птиц.  Журнал  «Вестник  высшей  школы  Казахстана». 

Научное приложение, «Поиск», серия естеств. наук 1998, №4, с. 27-34". 


 

Қарапайымдылардың негізгі кластары: 

 

1. Саркодалар немесе Жалғанаяқтылар класы. 

Бұл  кластың  негізгі  ерекшелігі  -  денесінде  пайда  болатын  өсінділер  -  жалған 

аяқтарының (псевдоподалары) болуы. Саркодалар класы 3 класс тармағына бөлінеді. Оның 

ішінде  ең  көп  тарағаны  жалған  аяқтылар  класс  асты  тармағы,  олар  өз  кезегінде 

төмендегідей 3 отрядқа бөлінеді: 

1.

 



Жалаңаш амебалар (тұщы суда және паразиттік тіршілік ететіндер), 

2.

 



Қабыршақты амебалар (түщы суда мекендейтіндер), 

3.

 



Фораминифералар ( теңіз қарапайымдылары). 

Паразиттік  амебалар  жан-жануарлар  мен  адамның  ас  қорыту  органдарында 

кездеседі. Әсіресе, олардың ең қауіптісі - дизентерия амебасы (Еntamaeba һіstolitiса). Олар 

адамдарда,  маймылдарда  және  жануарларда  дизентерия  ауруын  туғызады.  Сондай-ақ, 

амебалардың  еркін  өмір  сүретін,  Naeglaria  және  Аcanthoamaeba  туыстарының  өкілдері, 

адамның  тыныс  алу  жолдары  мен  органдары  арқылы,  бас  сүйегі  қуыстарына  кіріп,  одан 

миға жетіп, ми қабығын қабындырып, менингит ауруын туғызуы мүмкін. 

 

2. Талшықтылар класы. 

Бұл класс өкілдерінің ерекшелігі, талшықтары арқылы қозғалады.  Талшықтарыныц 

саны  көбінесе  біреу,  кейде  бірнеше  болады.  Бұл  класс  өкілдері  арасында,  автогрофты 

және  гетеротрофты  немесе  миксотрофты  қоректенетіндері  де  кездеседі.  Талшықтылар 

бөліну  кезінде  ұзына  бойы  бөліну  арқылы  көбейеді.  Талшыктылардың  көпшілігінде 

жыныссыз және жынысты көбеюі кезектесіп отырады. Талшықтылар теңіздерде және тұщы 

суларды  тіршілік  етеді.  Кейде,  олардың  өте  көп  көбеюі,  судың  түбін  жасыл  түске  бояп 

көрсетеді,  опы  судың  гүлдеуі  деп  те  атайды.  Талшықтылардың  көпшілігі  паразиттік 

тіршілік  етеді.  Олардыц  қатарына  адамдар  мен  жан-жануарларда  кездесетін  түрлі 

трипаносомалар, трихомонадалар, лейшманиялар, лямблиялар жатады. 

 

 



3. Споралылар класы. 

Бұл 


класс 

өкілдерінің 

барлығы 

да 


паразиттік 

тіршілік 

ететін 

қарапайымдылар.  Олар  омыртқалы  және  омыртқасыз  жануарлар  мен  адамның 



асқорыту  және  қан  органдарында,  басқа  да  мүшелерінде  тіршілік  етіп,  әртүрлі  аурулар 

туғызады.  Кластың  атауы,  олардың  сыртқы  ортада  өмір  сүретін  сатысында,  айналасында 

қалың  қабаты  пайда  болып,  спора  түзуіне  байланысты  аталған.  Олардың, 

омыртқасыздарда  тіршілік  ететіндерінің  көлемі  бірнеше  миллиметрге  дейін  жетсе, 

қанда  өмір  сүретіндері  микрометрмен  (миллиметрдің  мыңнан  бір  бөлігі)  өлшенеді. 

Споралылар  бүкіл  денесімен  қоректенеді.  Жиырылғыш  вакуольдері  болмайды. 

Микрогаметалары  (аталық  жыныс  клеткалары)  көпшілігінде  талшықтары  болады. 

Жыныссыз  (шизогония)  және  жынысты  (гаметогония)  көбеюлері  кезектесіп 

отырады.  Практикалық  маңызға  иелері:  ко кцидиялар,  пироплазмалар, 

гемоспоридиялар.  Олар  жан-жануарлар  мен  адамдарда  өте  қауіпті  аурулар  (токсоплазмоз, 

безгек, кокцидиоз, пироплазмоз) туғызады. 

 

 



4. Миксоспоридиялар немесе шырышты споралылар класы. 

Олар  балықтардың  әртүрлі  органдарында  кездеседі.  Споралыларының  кұрылысы 

күрделілеу  болады: атпа капсуласының ішінде  спираль тәрізді  шиыршықтанған  жіпшелері 

болады.  Олар  асқорыту  органдарына түскенде,  спорадан  амеба тәрізді  формалары шығып, 

қанға  өтеді  де,  бүкіл  организмге  тарайды.  Балықтың  денесінде  ісіктер  пайда  болады. 

Аурудан балықтардың жаппай қырылуы мүмкін. 

 

 

 5. Микроспоридиялар класы. 


Олар  насекомдар  мен  басқа  да  буынаяқтылардың  клеткаларының  ішінде  тіршілік 

ететін  паразиттер.  Балықтарда  сирек  кездеседі.  Бұлардың  споралылары  да  атпа 

капсулалармен  қаруланған.  Осыған  байланысты,  кейбір  авторлар  микроспоридиялар  мен 

миксоспоридияларды 

біріктіріп, 

Книдоспоридия 

класына 

жатқызады. 

Микроспоридиялардың Nosema туысына жататын кейбір  түрлері, жібек құртының әртүрлі 

органдарын  зақымдап,  пебрина  ауруын  туғызса,  екіншілері  бал  арасының  асқорыту 

органдарында нозематоз ауруын тудырады. Бұл аурулар аталған пайдалы жәндіктердің 

жаппай қырылуына әкеліп соғуы мүмкін. 

 

 

6. Инфузориялар немесе кірпікшелілер класы. 

Инфузориялар 

қарапайымдылар 

ішіндегі 

ең 

күрделі 


құрылысты 

организмдер.  Олар  2  ядролы:  үлкен  (макронуклеус)  және  кіші  (микронуклеус) 

ядролары болады. Жыныстық көбеюі конюгация процессі  түрінде болады. Инфузориялар 

теңіздерде,  тұщы  және  ащылау  суларда  кездеседі.  Паразиттік  түрлері  де  жиі 

кездеседі.  Әсіресе,  адамдар  мен  шошқада  кездесетін  балантидиялар,  өте  қауіпті  ауру 

туғызады. Балықтарда кездесетін түрлері (хилодинеллалар, ихтиофтириустер, триходиндер, 

триходинеллалар, апиосомалар) желбезек пен теріні зақымдайды. 

 

 



 

 

 



 

 


ЗООЛОГИЯ 

 

лекция                              

 

 

Тақырып: Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes). Сорғыш құрттар класы 



(Trematoda). Таспа құрттар класы (Cestoda). Бірінші қуысты немесе жұмыр құрттар 

типі (Nemathelminthes) 

Лекцияның жоспары: 

1.Жалпақ  құртар  типіне  жалпы  сипаттама  және  оның  класcификациясы. 

2. Дигенетикалық сорғыш құрттар класы (Dіgеnеа) немесе трематодтар ( Trematoda).    

3.Таспа  құрттар  класы (Cestoda). 

4.  Бірінші  қуысты  немесе  жұмыр  құрттар  типі  (Nemathelminthes).  Жұмыр  құрттар 

класы (Nematoda).  

 

Жалпақ құрттардың систематикасы: 

1.

 

Кірпікшелі құрттар класы (Turbellaria). Өкілі: ақ түсті планария. 



2.

 

Сорғыштар  класы (Trematoda). Өкілдері:  бауыр сорғыш құрт (фасциола), ланцет 



тәрізді сорғыш құрт, описторхис, простогонимус.  

3.

 



 Таспа  құртар  класы (Cestoda). Өкілдері: шошқа, сиыр цепендері, эхинококктар. 

4.

 



Моногенейлер (Monogenea). Өкілдері: дактилогирустар, спайниктер. 

 

Жалпы  сипаттамасы:  Жалпақ  құрттардың  денесі  жалпақ  жапырақ,  таспа  тәрізді, 

кейде  ұршық  пішінді  төменгі  сатыдағы  құрттар.  Олар  алуан  түрлі  тіршілік  орталарында 

мекендейді.  Жалпақ  құрттардың  ішінде  паразиттік  және  өз  бетімен  тіршілік  ететін  түрлері 

бар.  Өз  бетімен  тіршілік  ететін  өкілдерін  тұщы  суларда,  теңіз  сулары  мен  ылғалды 

топырақтан  кездестіруге  болады.  Паразиттік  түрлері  адам  мен  жануарлардың    әр  түрлі 

мүшелерін  мекендейді.  Тіршілік  үшін    күрестің  нәтижесінде  жалпақ  құрттың  көптеген  

түрлері    паразиттік  тіршілік  етуге  бейімделген.  Олардың  паразиттік  түрліше  тіршілігіне 

қарамастан барлығына тән ортақ белгілері бар.Ондай белгілері мыналар:  

1.

 



Барлығының дене пішіні ұршық тәрізді  болады.  

2.

 



Жалпақ құрттардың дене қуысы болмайды. Ішкі мүшелері борпылдақ келген ұлпада 

- паренхимада батып жатады.  

3.

 

Нерв жүйесі 2 нерв түйіндерінен және екі құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Олар өзара 



көлденең нерв тізбегі арқылы байланысып жатады.  

4.

 



Ас  қорыту  жүйесі  атқаратын  қызметі  мен  пішіне  қарай  айқын  жіктелген.  Бас 

жағында  ауыз  тесігінен  жұтқыншақ  кетеді.  Ол  қапшық  тәрізді  2  тарамды  бітеу 

ішекке жалғасқан. Астың ыдырау өнімдері ауыздан  шығарылады. Кейбір паразиттік  

түрлерінде (сиыр цепінінде) ас қорыту     мүшелері мүлде  болмайды.  

5. Жалпақ құрттардың  зәр  шығару жүйесі протонефридиялды.  

6.  Жалпақ  құрттардың    барлығында    қалыптасқан  тыныс  алу,  қан  айналу  жүйелері  

болмайды.  Тыныс  алу  процесі  паразит  түрлерінде  анаэробты  түрде,  ал  өз  бетімен 

еркін тіршілік ететін өкілдерінде бүкіл  денесі  арқылы  жүзеге  асады.  

7.  Жалпақ  құрттардың  барлығы  да  қос  жынысты  –  гермафродит  организмдер.  Аталық  

жыныс    жүйесі  тұқым  бездерінен,  тұқым    жолдарынан,  тұқым  қапшығынан,  тұқым 

шығарғыш  каналдан,  шағылыс  мүшесінен  тұрады.    Ал,  аналық  жыныс  жүйесі:  аналық 

бездерден,  жұмыртқа  жолынан,  оотиптен,  қынаптан,  сарыуыз  клеткаларымен 

қоршалынады, Мелис денешігінен тұрады. Ұрықтану іште жүреді.  

 


Дигенетикалық сорғыш құрттар класы. 

(Dіgеnеа) немесе трематодтар ( Trematodes). 

 

Сорғыш  құрттар  омыртқалы  жануарлардың    әртүрлі  ішкі  мүшелерінде  



эндопаразиттік    тіршілік  етеді.  Ересек  түрлері  омыртқалы  жануарлар  мен  адамдардың 

организмінде, көбінесе ас қорыту жүйесінде, ол  личинкалары омыртқасыз және омыртқалы 

жануарлардың    организмінде  кездеседі.  Ғылымға  шамамен  барлығы  7200  түрі  белгілі. 

Паразиттік  тіршілікке  бейімделгендіктің  басты  белгісі  көп  ұрпақ  беретіндігі.  Бұл  олардың 

жер бетінде кеңінен таралуына мүмкіндік береді. 

Құрылысы.  Дене пішіні жапырақ тәрізді сопақша, ланцет тәрізді, шар немесе таспа 

(лента) тәрізді. Дене тұрқы 20-30 см. Кейде одан да үлкендері болады. Паразиттік тіршілігіне 

қарай  түссіз  болып  келеді.  Сорғыш  құрттардың  өздеріне  тән  ерекшеліктері  екі  сорғышы 

болады: бас жағында ауыз сорғыш, дененің бауыр жағында 2-ші құрсақ сорғыш орналасқан. 

Бұл  жабысқақ  сорғыштары  әртүрлі  мүшелерге  бекініп  тұруға  мүмкіндік  береді.  Денесінің 

сыртында  кірпікшелері  болмайды.  Арт  жағында  зәр  шығаратын  тесігі  болады.  Тері-ет 

қапшығы кутикула мен оның астында жатқан ет қабаттары қосылысынан пайда болған. Дене 

қуысы паренхимамен толтырылған. Ішкі дене мүшелері: нерв, ас қорыту, зәр шығару, жыныс 

жүйелері  паренхима  арасында  жатады.  Тыныс  алу  және  қан  айналу  жүйелері  болмайды. 

Эндопаразитті түрлерінің тыныс  алуы анаэробты түрде жүзеге асады. Зәр  шығару  жүйесі.   

Бауыр сорғыштың Зәр шығару жүйесі  өте  күрделі  тармақталған  түтікшелерден  тұрады . 

Олар    өзара  қосыла    келіп,  денесінің    ортасындағы    бір    үлкен  каналға  жинақталып  

,денесінің  соңғы

  

ұшынан  сыртқа  ашылады. Тармақталған  түтікшелердің  ұштары  жұлдыз  



тәрізді    клеткалар    паренхимада    бытырап    жатады.  Мұндай    зәр    шығару    жүйесін  

протонофридиялы  (гректің    протос  –  бірінші,  nephros-  бүйрек)    дейді.  Жыныс    жүйесі. 

Жынысты  жолмен  ғана көбейеді. Бұл  кластың  өкілдерінің  бәрі  дерлік  гермафродиттер. 

Жыныс  жүйесі  өте  күшті  дамыған  және  денесінің  жарты  бөлігін  алып  жатады.  Аталық 

жыныс жүйесі тармақталған 1 жұп ұрық безінен, 2 ұрық жолынан тұрады, олар бірімен-бірі 

қосылады.  Одан  кейін  ұрық  жолы  жіңішкерген  ұрық  шашқыш  каналға  айналады.  Аталық 

жыныс  жүйесінің  ұшы  имектеліп,  шағылысуға  икемді  болып  келеді,  оны  “циррус”  деп 

атайды.  Циррус–  қабырғаларында  бездері  бар,  ерекше  қалташықтармен  қоршалған.  Осы 

бездердің  секреттері  сперматозойдтарды  қозғалысқа  келтіреді.  Аналық  жыныс  жүйесі 

жұмыртқа  безінен  сарыуыз  бездерінен,  менис  денешігінен,  жатынан  тұрады.  Жұмыртқа 

безінде  жұмыртқа  пайда  болып,  жұмыртқа  жолының  түтігіне  түседі.  Сарыуыз  бездерінің 

ішінде  қоректік  заттары  бар  сарыуыз  клеткалары  түзеді.  Сарыуыз  безі  бауыр  сарғыш 

құрттың  бүкіл  2  бүйірін,  артқы  бөлігін  алып  жатқан  көлемді  без.  Сұйық  затпен  араласқан 

сарыуыз клеткалары мен жұмыртқалары, Мелис денешігінен бөлінген сұйық заттар оотипке 

келеді.  Осы  жерде  жұмыртқаның  ұрықтануы  және  қалыптасуы  жүреді.  Ұрықтанған 

жұмыртқа  сарыуызбен  қоршалып,  жатырға  түсіп,  жатырда  Мелис  сұйықтығымен  бірге 

жұмыртқалар омыртқалы иесінің өт жолымен ұлтабарға, ащы ішек, тік ішекке барып, қалдық 

заттармен  сыртқа  шығады,  әрі  қарай  дамуы  үшін    суға  олар  түсуі  керек.  Бауыр  сорғыш 

құрттар  қос  жынысты  болғанымен  ұрықтану  айқаспалы  жолмен  жүреді,  бірақ  өздігінен 

ұрықтануы да кездеседі. 

 

Таспа құрттар, немесе Цестодтар класы (Cestoda). 

 

Таспа құрттардың барлығы дерлік омыртқалы жануарлардың, адамдардың ас қорыту 

жолдарында  тіршілік  ететін  эндопаразиттер.  Ғылымға  шамамен  3300  түрі  белгілі.  Сорғыш 

құрттармен салыстырғанда таспа құрттар толығаымен паразиттік тіршілікке көшкен.  

Таспа  құрттар  9  отрядқа  бөлінеді,  соның  ішінде  2  отряд  біздің  мамандыққа  жақын, 

соларды білуіміз керек. 

1.

 

Цепендер отряды 



Өкілдері: Сиыр цепені. Шошқа цепені. Қой ми құрты. Эхинококк. Альвеолококк. 

2.

 

Лентецтер отряды 



Өкілдері: Кәдімгі ремнец. Жалпақ лентец. 

Негізгі  ерекшеліктері:    ас  қорыту  мүшелері  эндопаразиттік    тіршілікке  көшуіне 

байланасты толығымен жойылған. Олар дайын коректік заттарды бүкіл денесенің сыртымен 

сіңіріп  қоректенеді (диффузно). Басында  ішек керегесіне бекініп тұруға  мүмкіндік беретін 

жабысқақ  сорғыш,  ілмек  саңлау  (ботрия)  т.б.  ерекше  сколексі  болады.  Әрбір  дене 

сақинасында  қайталанып  отыратын  жыныс  мүшелері  болады.  Дамуы  иесін  алмастыру  

арқылы орындалады (екі кейде үш иесі болады).  

Құрылысы :  денесі атына сәйкес таспаға ұқсас жалпайып келген жеке буындардан – 

проглоттидтерден    құралған.  Бұл    проглоттидтер  шумағы  стробила  делінеді.  Денесінің 

алдыңғы  бөлігін  –  бас  немесе  сколекс  дейді.  Бастан    кейін    сақинаға    бөлінбейтін  қысқа  

мойын  орналасқан.  Мойыннан    кейін  денесенің  арт  жағына  қарай  жас  сақиналар    өседі. 

Демек,  өсу  мойын  бөлімінен  басталады.  Денесін  құрайтын  проглоттидтердің  саны 

құрттардың  түріне  қарай  әртүрлі  саңды  болады.  Олардың  сан  мөлшері  үш–төрт  сақинадан 

бірнеше  жүзге  дейін, кейде  мыңдап    болады.  Дененін  ұзындығы  бірнеше  мм-ден  5-10  м-ге 

дейін,  кейде    одан    да  ұзын  болады.  Денесі  көп  қабатты  кутикуламен  көмкерілген.  Оның 

астында  күшті  дамыған  сақиналы  және  ұзын  салалы  еттер  орналасқан.  Ішкі    мүшелерді 

сыртқы ортаның әсерінен құрғайтын тері эпителийі мен еттер жиынтығы тері-ет қапшығын 

құрайды.  Нерв  жүйесі.  Эндопаразиттік  тірділігіне  байланысты  нерв  жүйесі  үлкен  өзгеріске 

ұшыраған.  Орталық  бөлімі  бірімен–бірі  комиссуралармен  жалғасқан  екі  ми  ганглиясынан 

және  10-12 нерв сабағынан тұрады. Сезім мүшелері  жетілмеген. Көру және тағы басқа сезім 

мүшелері жоқ. Ас қорыту, тыныс алу, қан айналу жүйелері эндопаразиттік тіршілігіне қарай  

болмайды. Зәр шығару жүйесі протонефридиальді типті. Жіңішке түтікшелер өзара қосылып 

денесінің артқы ұшынан екі канал құрайды да - ең соңғы сақинасында бір каналға айналып 

сыртқа  ашылады.  Жыныс  жүйесі.  Таспа  құрттардың  жыныс  өте  күшті  дамыған.  Таспа 

құрттардың  жыныс  жүйесі  белгілі  бір  ретпен  дамиды.  Ең  жас  жетілмеген  көбею  мүшелері 

жоқ  сақиналар  мойынға  жақын  орналасады.  Жас  сақиналардан  кейін  бастап  шамасындай 

қашық жатқан сақиналар да аталық жыныс жүйесі, одан кейін аналық жыныс жүйесі жетіліп 

гермофродитті  жыныс  жүйесі  болады.  Ең  соңғы  сақиналардың  ішінде  тек  жұмыртқаларға 

толған  жатыр  ғана  қалады,  ал  жыныс  мүшелері,  тұқым  шығаратын  түтіктер  т.б.  жойылып 

кетеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет