|
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
|
Биохимия кафедрасы
|
Емтихан сұрақтарының тізімі
|
Редакциясы: 1
|
бетттің беті
|
Биохимия пәні бойынша сұрақтар:
1.Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жалпы қасиеттері: нәруыздардың жоғары молекулалық массасы, көлемінің үлкен әрі белгілі бір пішінінің болуы, элементтік құрамының біркелкілігі, құрылысындағы жалпы ұқсастық, ыдырау өнімдерінің жалпы табиғаты. Амин қышқылдарының жіктелуі, өкілдері және олардың ролі. Алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары. Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік.
2.Нәруыз молекуласындағы байланыс түрлері. Нәруыз зарядының орта рН-на және амин қышқылдық құрамына тәуелділігі (нәруыздардың амфотерлігі). Нәруыздарға және жеке амин қышқылдарына түсті реакциялар. Нәруыз ерітінділерінің коллоидты қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Нәруыздарды тұнбаға түсіру реакцияларының медицинадағы маңызы. Нәруыз молекуласының құрылымдары, нәруыз фолдингі. Денатурация, ренатурация және денатурациялаушы агенттер.
3.Нәруыздардың жіктелуі. Жай нәруыздар: альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар, коллаген, эластин және кератин, олардың амин қышқылдық құрамының ерекшеліктері, химиялық қасиеттері және маңызы.
4. Күрделі нәруыздар. Хромопротеиндердің және гликопротеиндердің жіктелуі, құрылысы, өкілдері, химиялық қасиеттері, маңызы.
5.Күрделі нәруыздар. Металло-, фосфо- және липопротеиндердің құрылысы, өкілдері, маңызы.
6.Нуклеопротеиндердің құрылысы. Нуклеотид туындыларының маңызы.
7.ДНҚ, маңызы. Чаргафф ережесі. ДНҚ-ның құрылымдары. Теломерлер мен теломераза туралы түсінік, олардың медициналық практикадағы маңызы.
8.РНҚ, ДНҚ-дан айырмашылықтары. РНҚ түрлерінің (м-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ) құрылымдары және маңызы. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздардың патохимиясы (фолдинг, мисфолдинг).
9.Ферменттер. Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Ферменттердің жалпы қасиеттері: Құрылысының күрделілігі, жоғары активтілігі, арнайылығы, активтілігінің реттелуі. Жайлы ортада әсер етуі. Ферменттердің әсер ету механизмі, сатылары.
10. Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар: температура, орта рН-ы, фермент концентрациясы, субстрат концентрациясы, эффекторлар. Ингибирлену түрлері, мысалдар келтіру. Крахмалдың декстринизация схемасы.
11.Ферменттер. Гидролазалар. Жіктелуі, негізгі өкілдері, түзілетін орны, катализдік әсері және диагностикалық маңызы. Гидролазалардың медицинада қолданылуы.
12.Ферменттер. Трансферазалар. Лиазалар. Жіктелуі, құрылысы, негізгі өкілдері, түзілетін орны, катализдік әсері және диагностикалық маңызы. Жеке өкілдерін анықтаудың клиникалық маңызы. Ферменттерді аурулардың диагностикасында қолдану.
13.Ферменттер. Оксидоредуктазалар. Дегидрогеназалар: пиридиндік, флавиндік ферменттердің және убихинонның құрылысы мен ролі.
14. Ферменттер. Оксидоредуктазалар. Цитохромдар, жіктелуі, өкілдері, құрылысы, катализдік әсері. Каталазаның, пероксидазалардың, оксигеназалардың құрылысы және катализдік әсері. Энзимопатиялар.
15.Микронутриомика. Витаминдер. Түсінік, біріншілік және екіншілік авитаминоздар мен гиповитаминоздар. Антивитаминдер. Витаминдердің жіктелуі.
16.Суда еритін витаминдер – құрылысы, биологиялық әсері, авитаминозы, тағам көздері және тәуліктік қажеттілігі.
17.Микронутриомика. Майда еритін витаминдер – құрылысы, биологиялық әсері, авитаминозы, тағам көздері және тәуліктік қажеттілігі. Витаминтәрізді заттар.
18.Микроэлементтер. Микроэлементтердің (темір, мырыш, мыс, кобальт, селен, марганец, йод, фтор) тағам көздері, қорға жиналу орны мен формасы, биологиялық ролі. Жеке микроэлементтер алмасуы.Микроэлементоздар.
Достарыңызбен бөлісу: |