Биохимия кафедрасы


 Белок молекуласының өлшемі мен пішіні. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар



Pdf көрінісі
бет9/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
5. Белок молекуласының өлшемі мен пішіні. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар.
Белок молекуласының сыртқы пішініне қарай глобулярлы және фибриллярлы болып 
жіктеледі. Белоктардың осылай жіктелуі (ассиметрия коэффициентімен) ұзыннан және 
көлденеңінен созылған осьтердің арақатынасымен анықталады. Егер ассиметрия 
коэффициенті 1-2,8 аралығында болса, ол глобулярлық белокқа жатқызылады (globula - 
шар). Бұл топқа жататын белоктардың тізбектері жинақы шумақталған, молекула пішіні 
шар немесе эллипс тәрізді. Мұндай белоктар суда және тұздардың судағы ерітінділерде 
жақсы ериді, жасушаларда негізінен динамикалық қызмет атқарады (катализдік, реттеу, 
қорғаныс, тасымалдау т.б.). Егер де ассиметриялық коэффициенті 10 және одан жоғары 
болса, фибриллярлы белоктарға жатады (fibrilla - талшық). Бұл белоктардың тізбектері өте 
созылған, ұзын талшық жіпшелер тәрізді келеді. Негізінен фибриллярлы белоктар құрылымдық 
қызмет атқарады. Ерігіштігіне қарай фибриллярлы белоктар екіге бөлінеді: 
1. Концентрлі тұз ерітінділерінде еритіндер, бұл белоктарға бұлшық еттің жиырылатын 
белоктары (актин, тропомиозин, миозин), қанның құрамындағы белок – фибриноген жатады. 
2. Ерімейтін белоктар: склеропротеидтер, оған шаштың, тырнақтың құрамындағы белок – 
кератин; дәнекер тінінің эластинді талшықтары;– эластин; дәнекер тінінің, сіңірдің, 
шеміршектің басты компоненті коллаген белоктары жатады.
6. Белоктардың гидролиз өнімдерінің ұқсастығы, гидролиз түрлері, биологиялық 
активті пептидтер.
Организмде жүретін ферментативтік гидролиз кезінде барлық жай белоктар аралық 
өнімдер – полипептид, одан әрі амин қышқылдарын түзеді:
 
 
Белоктар 
 полипептидтер  амин қышқылдары 


16 
Белоктар гидролизге ұшырағанда алдымен күрделілігі әр түрлі полипептидтер (молекулалық 
массасы 6000 Дальтоннан жоғары, құрамындағы амин қышқылдарының саны 10-нан 50-ге 
дейін), пептидтер (молекулалық массасы 100 Дальтонға дейін, амин қышқылдарының саны 10) 
түзеді, бұл заттарда белоктың қасиеттері әлі де сақталады. Соңғы уақытта полипептидтер мен 
пептидтерге ерекше көңіл бөлінуде, өйткені биологиялық активтілікке ие табиғи пептидтердің 
тобы бар. Пептидтер әсер ету сипатына мен шығу тегіне қарай төрт топқа бөлінеді:
✓ ас қорыту процесіне қатысатын пептидтер (гастрин, секретин); 
✓ гормондық активтілігі бар пептидтер (вазопрессин, глюкагон, окситоцин, АКТГ); 
✓ қандағы α-глобулиндерден түзілетін вазоактивті пептидтер (ангиотензин, 
брадикинин) 
✓ синапстарда жүйке импульстерінің берілуіне, есте сақтау процесіне, эмоциональдық 
күйді реттейтін қатысатын нейропептидтер. 
Амин қышқылдары белоктар ыдырауының соңғы өнімдері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет