ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ Кіріспе Химиялық зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң түрде сақтау керек. Төмендегі себептер кездейсоқ жағдайларға әкеп соғуы мүмкін:
химиялық заттарға немқұрайды қарау (улану, химиялық күйік, өрт, жарылыс, аллергия);
зертханалық құралдармен (электр тогының соғуы, термиялық күйік және травма алу), сонымен қатар әйнек құралдармен және ыдыспен кесіп алу) дұрыс жұмыс жасамау.
Еңбектің жақсы ұйымдастырылуы мен оны қорғау, жұмыс істеу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, еңбек және оқу тәртібін сақтау кездейсоқ жағдайлардың болуын және зертханалардағы апатты толық жоққа шығаруға мүмкіндік береді.
Студенттер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысып, сабақ беретін оқытушыға сынақ (коллоквиум) тапсырған соң ғана, оларға зертханада сабаққа қатысуға рұқсат етіледі. Студенттің сынақ тапсыру фактісі арнайы журналға тіркеліп, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан адамның жеке қолы қойылады.
Сынақ (коллоквиум) тапсырмаған студенттер жұмыс істеуге жіберілмейді. Зертханада жұмыс істеу ережесі мен қауіпсіздік техникасын бұзған студенттер коллоквиумды қайта тапсырғанға дейін зертханалық жұмысты орындаудан шеттетіледі.
Зертханада жұмыс істейтін әрбір адам зертханада өрт сөндіру жабдықтарының (құмы бар жәшік, отқа төзімді көрпе, өрт сөндіргіш), алғашқы жәрдем көрсететін арнайы құралдардың (аптечка, натрий бикарбонаты (3%-к), калий перманганаты (1%-к), сірке қышқылының ерітінділері) қайда екенін жақсы білуі тиіс.
Сабақ соңында барлық студенттер өзінің жұмыс орнын ретке келтіруі керек: электр энергиясының, судың, құралдар мен аппараттардың сөндірілуін қарап, тексеруі тиіс, оңай тұтанатын қоқысты алып тастау, әйнек ыдысты жуып, лаборантқа өткізуі тиіс. Содан кейін жұмыс орнын зертханадағы кезекшіге өткізуі, ал кезекші лаборантқа өткізуі керек.
7>