Биохимия кафедрасы


 Мультиферменттік комплекс. Түрлері, маңызы



Pdf көрінісі
бет41/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79
13. Мультиферменттік комплекс. Түрлері, маңызы. 
Мультиферменттік комплекс- бір субстратқа әсер етіп, оны жүйелі түрде және бір 
уақытта бірнеше реакциялар түрінде өзгерістерге ұшырататын ферменттер жүйесі. Мысалы, 
пируватдегидрогеназдық мультиферменттік комплекс пирожүзім қышқылының тотығудан 
декарбоксилденуін катализдейді. 
14. Ферменттің белсенділігіне әсер ететін факторлар. 
Ферменттің белсенділігіне: температура, ортаның рН-ы, ферменттің және субстраттың 
концентрациялары, эффекторлар әсер етеді. 
15.
 
Ферменттің белсенділігіне температураның әсері. 
Ферменттердің әсер ету оптималды температурасы 37- 45

С. 70

С-дан жоғарылағанда 
ферменттің табиғаты белоктық зат болғандықтан қайтымсыз денатурацияға ұшырайды да, 
реакцияның жүруі тоқталады. Температура 37

С-тан төмендегенде молекулаға активтену 
энергиясы жетіспегендіктен ферменттің белсенділігі төмендейді, бірақ бұл қайтымды үрдіске 
жатады. 
16.
 
Ферментативтік реакцияның жылдамдығына орта рН-ның әсері. 
Көптеген ферменттер үшін ортаның оптималды рН

4-7 аралығында болады. Бұл 
аралықта ферменттің субстратқа ынтықтығы жоғары болады және субстраттың өнім мен 
ферментке диссоцияциялануы да максималды болады. Ферменттер ИЭН-де максималды 
белсенділік көрсетеді. 
17.
 
Ферментативтік катализдің жылдамдығына субстрат пен фермент-тің 
концентрацияларының әсері. 


61 
Субстраттың концентрациясының жоғарылауынан реакция жылдамдығы алғашқыда 
артады, себебі ферменттің активті орталықтары субстратпен толтырылады, ал субстрат 
концентрация жоғарылағанда, ферменттің активті орталығы толық қаныққандықтан, реакция 
жыл-дамдығы өзгермейді. Реакция жылдамдығының фермент концентра-циясына тәуелділігі 
тура пропорционал артады. Себебі ферменттің концентрациясы артқан сайын оның активті 
орталықтары да көбейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет