82
Тотығудан фосфорланудың түрлері.
А. 2,4-динитрофенол- тотығудан фосфорланудың классикалық ажыра-тушысы. Ол бір
кезде семіздікке қарсы қолданылды,кейіннен улылы-ғына
байланысты қолданылмайтын
болды.
Б. Дикумарол- ажыратушы зат, клиникалық тәжірибелерде антикоагу-лянт ретінде
қолданылады. Бұған құрылысы жағынан жақын уорфа-рин егеуқұйрықтарға қарсы у ретінде
қолданылады.
В. Митохондрияларға кальций иондарын тасымалдау электрондарды
тасымалдау мен
тотығудан фосфорланудың арасын бұзады. Жануарлар митохондрияларына кальцийді
тасымалдау концентрация градиентіне қарсы жүреді. Бұл үрдіс энергетикалық
электрондарды тасымалдау-мен бірге ілесе жүреді. Митохондриялардың
кальцийді ұстауы
оған сәйкес мөлшердегі фосфор қышқылын да ұстауға мәжбүр етеді. Электрон тасымалдану
тізбегіндегі НАДН-тан оттекке келетін әрбір жұп электронға митохондрияға енетін 6 атом
кальций пара-пар керек екен. Егер ПФ-дегидрогеназалар 3 молекула АТФ-ты түзсе, бір
молеку-ла АТФ-ке митохондрияға енетін 2 атом кальций қажет екендігін есеп-теп шығаруға
болады. Кальцийдің митохондрияға енуі үшін энергия қажет, сондықтан АТФ-тың түзілуі
тежеледі. Егер кальцийді митохон-дрия ,
субстрат, Н3РО4, Мg бар суспензияға қосса
тынысалудың ТФ-ны ажыратуға дейінгі жылдамдығы артады. Бұл уақытта АДФ-ті қосу
оттекті пайдалану жылдамдығының өзгерісін тудырмайды. Жүйеде Н3РО4
болмаған
жағдайда кальцийді қосу оттекті пайдалану жылдам-дығын үдетпейді. Митохондрияға
кальций мен фосфатты бірге тасы-малдау қажет жағдай, себебі
кальций митохондрияларда
сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: