«Биохимия» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



бет1/2
Дата02.10.2023
өлшемі27,28 Kb.
#112392
  1   2
Байланысты:
Biokhimiya


«Биохимия»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
тест спецификациясы
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М082 – Биотехнология


3. Тест мазмұны «Биохимия» пәні бойынша тақырыптарды қамтиды. Тапсырмалар қазақ тілінде берілген.





Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсырмалар саны

1

Биохимияға кіріспе. Биохимияның мақсаты мен негізгі міндеттері. Биохимиялық зерттелердің объекттері.

A

3

2

Белоктар. Белоктардың құрылысы. Пептидтік байланыстың қасиеттері. Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері: бірінші, екінші, үшінші және төртінші реттік құрылымы.

A

3

3

Ферменттер. Ферменттердің топтастырылуы. Ферменттердің номенклатурасы. Ферменттердің құрылымы мен қасиеттері. Кофакторлар және коферменттер. Ферменттің активті орталығы. Ферменттер әсерінің ерекшеліктері.

А

3

4

Көмірсулар: топтастырылуы, номенклатурасы. Көмірсулардың құрылымы және қасиеттері.

В

3

5

Липидтер. Липидтердің қасиеттері. Липидтердің клеткадағы функционалдық маңызы. Липидтердің топтастырылуы және номенклатурасы.

B

3

6

Нуклеин қышқылдары. Нуклеин қышқылдарының метаболизмі. Нуклеин қышқылдары, химиялық құрамы. Нуклеин қышқылдарының құрылымдық компоненттері. Нуклеозидтер және нуклеотидтер, олардың құрылымы
мен қасиеттері. Нуклеотидтердің организмдегі биологиялық рөлі.

B

3

7

Витаминдер. Организм үшін витаминдердің биологиялық маңызы. Витаминдердің топтастырылуы, құрылымы және қасиеттері. Гормондар. Организм үшін гормондардың биологиялық маңызы. Гормондардың топтастырылуы.

B

2

8

Метаболизмнің негізгі жолдары. Метаболизмнің маңызды биохимиялық принциптері биомолекулулар биосинтезінің, түрленуі және ыдырау реакцияларының жиынтығы ретінде.

В,С

2

9

Белоктар мен амин қышқылдарының метаболизмі. Организмге тағаммен келіп түсетін белоктардың катаболизмі. Белок құрамындағы амин қышқылдары ыдырауының негізгі жолдары. Амин қышқылдарының дезаминденуі.

С

2

10

Көмірсулардың метаболизмі. Ас қорыту жолындағы көмірсулардың түрленуі және сіңірілуі. Олиго- және полисахаридтер метаболизмінің принциптері. Гликогеннің синтезделуі және ыдырауы. Моносахаридтердің өзара түрленуі. Көмірсулардың анаэробты және аэробты ыдырауы. Гликолиз биохимиясы. Гликогенолиз. Ашу процесінің әртүрлі типтері. Глюконеогенез.

C

2

11

Липидтердің метаболизмі. Липидтердің ыдырауы және олардың ішек-қарын жолында сіңірілуі. Өттің маңызы. Қан мен лимфадағы май қышқылдарының тасымалдануы, трансмембраналық тасымалдану. Май қышқылдарының тотығу жолдары.

C

2

12

Биохимиялық процестердің энергетикасы. Клетканың биоэнергетикасы. АТФ, оның клетка энергетикасындағы рөлі. Биологиялық тотығу реакцияларының классификациясы. Тыныс алу тізбегіндегі ферменттік жүйелер.

C

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет