№15. Тақырып: Әлем тілдерінің топтастырылуы. Қарастырылатын сұрақтар: Әлем тілдері және оларды топтастыру. Тілдердің генеологиялық топтастырылулары Тілдердің морфологиялық жағынан топтастырылуы



бет1/4
Дата10.12.2023
өлшемі4,05 Mb.
#136557
  1   2   3   4

Дәріс №15

Тақырыбы:

Әлем тілдерінің топтастырылуы

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Әлем тілдері және оларды топтастыру
  • Тілдердің генеологиялық топтастырылулары
  • Тілдердің морфологиялық жағынан топтастырылуы (флективті, агглюнативті, полисинтетикалық, даралаушы типтер).

Дүниежүзінде 6600 шамасында тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері, халық тілдері де, ұлт тілдері де бар. Әлем тілдерінің ішінен орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, араб тілі, испан тілі, қытай тілі халықаралық тілдер болып саналады.

Дүниежүзінде 6600 шамасында тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері, халық тілдері де, ұлт тілдері де бар. Әлем тілдерінің ішінен орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, араб тілі, испан тілі, қытай тілі халықаралық тілдер болып саналады.

Әлем тілдерін екі түрлі тұрғыдан: 1) тілдік-материалдық бірлігі, яғни шығу тегінің бірлігі тұрғысынан.; 2) грамматикалық құрылысы мен типінің ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастырылады. Бұл метод туыстас тілдердегі материалды өзара бір-бірімен салыстыра зерттеуге негізделген салыстырмалы деп аталады. Тілдегі құбылыстардың өзгеруі тарихи даму құбылыстарының өзгеруі тұрғысынан қарастырылғандықтан тарихи деп аталады.Туыстас тілдер тобының көптеген замандар бойына созылған ұзақ тарихы бар.Туыстас тілдер семьясының құрылу барысында бір топқа енетін тілдер алуан түрлі процесті – дифференция процесін де, тоғысу процесін де бастан өткізді.

Тарихи дамудың барысында құрылған туыстас тілдер тобы өз ішінде бірнеше кіші топтарға бөлініп отырады. Мысалы; славян тілдері өз ішінде 3 топқа – шығыс, батыс, оңтүстік славян болып бөлінеді. Салыстырмалы-тарихи метод туыстас тілдер деректерін салыстыра келіп, ол тілдегі ортақ бір тектес элементтерді, ортақ форма мен грамматикалық категориялардың ары қарай дамуы мен өзгеруінде ерекшелік бар.Тілдер туыстас тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен олардың лексикасында мағыналар жағынан біркелкі немесе өзара ұқсас дыбысталуы жағынан да бір-біріне жақын көптеген сөздер болуы шарт. Мысалы, қазақ тіліндегі ауыр, өзбекше-оғыр, қырғ-агыр, тат-авыр деген сөздің мағыналары бірдей, дыбысталуының ұқсас болып келуі - бұл сөздер бір негізден шыққандығын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет