3
БИОЛОГИЯ • АДАМ • ГОРМОНДАР
Адреналин – тез әсер ететін,
бүйрекүсті
бездерінен
бөлінетін
гормон. Адреналин қандай да бір қауіп
туғанда қанға бөлінеді. Ол ағзаны
күресу немесе қашу арқылы қауіпке
қарсы тұруға дайындайтын “күресу
немесе шегіну әрекетіне” әкеледі.
Жүректің соғысы және тыныс алу
жиілігі артады, көз қарашықтары
кеңейеді, тер бөлінеді және қандағы
қант мөлшері артады..
Инсулин қандағы қант мөлшерін азайтады. Тамақ ішкеннен кейін қант мөлшері көбейеді. Оны инсулин бөлетін
ұйқы безі анықтайды. Инсулин бауыр және бұлшықет жасушаларына глюкозаны алуға және оны гликоген атты зат
түрінде сақтауға көмектеседі. Сол себепті, қандағы қант мөлшері тым жоғарылап кетпейді. Жаттығу кезінде немесе
ас қабылдаудың арасында қандағы қант мөлшері азаяды. Бұл кезде гликоген қайтадан глюкозаға ыдырап, қанға
бөлінеді. Сондықтан, қандағы қант мөлшері тым төмендеп кетпейді.
• Адреналиннің қызметі қандай?
• Инсулиннің қызметі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: