БИОЛОГИЯ • АДАПТАЦИЯ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯ • ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
3
• Жаңа түрлер қалай пайда болады?
Жаңа түрлер бір түрдің популяциялары бір-бірінен
бөлектенгенде және олардың
арасында көбею болмаған
жағдайда пайда болады. Бұл әртүрлі популяциялар
сұрыпталудың әртүрлі болуына байланысты түрлі
жолмен дамуы мүмкін. Уақыт өте келе, популяциялардың
арасындағы
байланыс өте қатты алшақтап, бір-бірімен
жұптаса алмайтын, генетикалық тұрғыда,
бет-әлпетінде
және мінез-құлқында өзгешеліктер болатын жаңа
түрлердің пайда болуына әкеледі.
• Ұсынылатын фильм
– Түрлердің шығу тегі
• Эволюцияның табиғи сұрыпталу арқылы жүру теориясын кім ұсынды?
Чарльз Дарвин XIX ғасырда эволюция
теориясын ұсынды.
Чарльз Дарвин эволюция табиғи сұрапталу арқылы жүреді деп айтты.
Ол XIX ғасырдың ортасында табиғат әлемін бақылай отырып, осы
теорияны ұсынды. 1859 жылы Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” атты
кітабы жарық көрді. Бірақ ол кітап сол заманда көп келіспеушіліктер
туғызды. Себебі, сол заманның түсінігі бойынша, жердегі тіршілікті
жаратқан Құдай деп танылды. Ол кітапта
барлық тірі ағзалардың
шыққан тегі бір және адам маймылдан жаратылған деп жазылды.
Көптеген адамдар сол уақытта бұл теориямен келіспеді.
Достарыңызбен бөлісу: