Биология • адаптация және эволюция • эволюция теориясы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата02.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#131533
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kktwig-evolyutsiya-teoriyasy

• Ұсынылатын фильмдер
 
– Деректер: Гибридті жануарлар
 
– Деректер: Алғашқы түрлер
Қосымша сұрақ
С2. Генетикалық дрейф дегеніміз не?
Популяциядағы гендер жилігі тірі қалу және көбею кезіндегі артықшылықтары бойынша ғана емес, кездейсоқ 
оқиғалар кезінде де өзгеруі мүмкін. Мысалы, ағзалар ортаға жақсы бейімделгендіктен емес, кездейсоқ 
жағдайлар әсерінен тірі қалып, көбейе алуы мүмкін. Осындай жағдайда, эволюция генетикалық дрейфтің 
әсерінен жүріп жатыр деп айтамыз. Бұл кішігірім популяцияларда оңай байқалады.
Қосымша сұрақ
С3. Мутация жақсы ма, әлде жаман ба?
Мутациялар пайдалы қасиеттердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда, мутация сақталып, 
генофонда жақсы таралады. Алайда, мутацилар ағза үшін қауіпті болуы да мүмкін. Бұл жағдайда, олар қарсы 
сұрыпталып, жилігі азаяды. Бұл екі процесс те эволюцияның негізі және қозғаушы күші болып табылады.


БИОЛОГИЯ • АДАПТАЦИЯ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯ • ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
3
• Жаңа түрлер қалай пайда болады?
Жаңа түрлер бір түрдің популяциялары бір-бірінен 
бөлектенгенде және олардың арасында көбею болмаған 
жағдайда пайда болады. Бұл әртүрлі популяциялар 
сұрыпталудың әртүрлі болуына байланысты түрлі 
жолмен дамуы мүмкін. Уақыт өте келе, популяциялардың 
арасындағы байланыс өте қатты алшақтап, бір-бірімен 
жұптаса алмайтын, генетикалық тұрғыда, бет-әлпетінде 
және мінез-құлқында өзгешеліктер болатын жаңа 
түрлердің пайда болуына әкеледі.
• Ұсынылатын фильм
 
– Түрлердің шығу тегі
• Эволюцияның табиғи сұрыпталу арқылы жүру теориясын кім ұсынды?
Чарльз Дарвин XIX ғасырда эволюция 
теориясын ұсынды.
Чарльз Дарвин эволюция табиғи сұрапталу арқылы жүреді деп айтты. 
Ол XIX ғасырдың ортасында табиғат әлемін бақылай отырып, осы 
теорияны ұсынды. 1859 жылы Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” атты 
кітабы жарық көрді. Бірақ ол кітап сол заманда көп келіспеушіліктер 
туғызды. Себебі, сол заманның түсінігі бойынша, жердегі тіршілікті 
жаратқан Құдай деп танылды. Ол кітапта барлық тірі ағзалардың 
шыққан тегі бір және адам маймылдан жаратылған деп жазылды. 
Көптеген адамдар сол уақытта бұл теориямен келіспеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет