Биология • Өсімдіктер • Өсімдік қҰрылысы



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата12.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#92024
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kktwig-osimdik-rylysy (1)

• Ұсынылатын фильм
 
– Өсімдік мүшелері: Жапырақтар
 2-бөлім: Жапырақтар және гүлдер
• Жапырақтар өз қызметіне қалай бейімделеді?
• Барлық өсімдік жасушалары бірдей ме?
Қосымша сұрақ
С2. Өсімдіктер өздерін қалай тіреп ұстап тұрады?
Өсімдіктер өздерін әртүрлі жолдармен қолдайды. Мысалы, жасуша 
қабырғасы өсімдік денесіне қаттылық берсе, тургор қысымы 
қосымша көмек береді. Өсімдіктердің жіпшелері сабақтарды тігінен 
ұстап тұрады және жапырақтарды солдырмайды.
• Өсімдіктің негізгі мүшелері қандай? 
Қосымша сұрақ
С3. Сабақ арқылы қандай заттар тасымалданады?
Су мен минералдар қант пен амин қышқылдар сияқты қоректік заттар синтезінде қолданылу үшін сабақ арқылы 
жоғары қарай жапырақтарға тасымалданады. Мұнан кейін қоректік заттар өсімдіктің барлық қабаттары тыныс 
алу мен өсуі үшін тарала бастайды.


3
 БИОЛОГИЯ • ӨСІМДІКТЕР • ӨСІМДІК ҚҰРЫЛЫСЫ
Тамырлар өсімдікті жер қыртысына мықтап бекіту және жоғары 
бөлігіне синтез үшін маңызды қоректік заттар, су, минералдармен 
қамтамасыз ету үшін қажет. Керекті су мөлшері мен ондағы 
минералдарды алу үшін тамыр жер қыртысында кеңінен жайылып 
өседі. Тамырлық шашақ жасушалар деп аталатын тамырдың 
жасушалары ұзын болып келеді, олар диффузия мен заттарды 
сіңіру процесінің жылдамдығын арттырады.
Тамырлар су мен нәрлі заттарды сіңіріп, 
өсімдікті топыраққа бекітеді 
Гүл – өсімдіктің көбею мүшесі. Гүлдің ішінде өсімдіктің көбеюге қажетті 
мүшелері, соның ішінде аталық пен аналық орналасады. Аталық гаметаларын 
құрайтын тозаңқаптағы өсімдікті “тозаңдандыратын” тозаң түйіршіктері дәл осы 
немесе басқа өсімдіктің аналық аузына түседі. Кейбір өсімдіктер тозаңдарды 
тарату үшін желді, кейбірі жәндіктерді қолданады. Гүл тозаңданғаннан кейін, 
тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетіп, ұрықтандырады. Аналық 
жатын ұрықтанғаннан кейін тұқым бүршігінен тұқым, ал жатыннан жеміс дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет