3
БИОЛОГИЯ • ӨСІМДІКТЕР • ӨСІМДІК ҚҰРЫЛЫСЫ
Тамырлар өсімдікті жер қыртысына
мықтап бекіту және жоғары
бөлігіне синтез үшін маңызды қоректік заттар, су,
минералдармен
қамтамасыз ету үшін қажет. Керекті су мөлшері мен ондағы
минералдарды алу үшін тамыр жер қыртысында кеңінен жайылып
өседі. Тамырлық шашақ жасушалар
деп аталатын тамырдың
жасушалары ұзын болып келеді,
олар диффузия мен заттарды
сіңіру процесінің жылдамдығын арттырады.
Тамырлар су мен нәрлі заттарды сіңіріп,
өсімдікті топыраққа бекітеді
Гүл – өсімдіктің көбею мүшесі. Гүлдің ішінде өсімдіктің көбеюге қажетті
мүшелері, соның ішінде аталық пен аналық орналасады. Аталық гаметаларын
құрайтын тозаңқаптағы өсімдікті “тозаңдандыратын” тозаң түйіршіктері дәл осы
немесе басқа өсімдіктің аналық аузына түседі. Кейбір
өсімдіктер тозаңдарды
тарату үшін желді, кейбірі жәндіктерді қолданады. Гүл тозаңданғаннан кейін,
тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетіп, ұрықтандырады. Аналық
жатын ұрықтанғаннан кейін тұқым бүршігінен тұқым, ал жатыннан жеміс дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: