Қарапайымдар- біржасушалы жәндіктер Денесін бір жасушадан тұратын микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар: Қарапайымдар Біржасушалы жәндіктер: Бір жасушадан тұрады, қарапайым құрылысты,ядросы бар Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болмайды: Қарапайымдарда Қарапайымдылардың түр саны: 70 мың Біржасушалылардың типтері: Саркодиналар, кірпікшелілер, споралылар Біржасушалы жәндіктер типіне жататын ағза: Саркоталшықтылар Қарапайымдардың денесін сыртынан қаптайтын, өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат: Пелликула Қарапайымдылардың дене пішінін тұрақты етіп сақтайтын қорғаныш қабаты:Пелликула Қарапайымдарда жасуша мембранасы:Зиянды заттарды тазартуға қатысады Қарапайымдарды қолайсыз жағдайдан қорғайтын қабықша:Циста Суда тіршілік ететін қарапайымдылардың тыныс алуы: Еріген оттегімен Қарапайымдылардың қоректенген кезде түзілетін бөлігі:Асқорыту вакуолі Қарапайымдардың зәр шығару мүшесі: Жиырылғыш вакуоль Қарапайымдардағы жиырылғыш вакуольдің қызметі: Зиянды заттарды шығару Тітіргеніштік қасиет арқылы қарапайымдар:Өз тіршілігін сақтай алады Су планктондарының және балық шабақтарының қорегі: Қарапайымдылар Қарапайымдардың табиғаттағы маңызы: Балықтарға қорек, суды тазартады Бақалшақтарының қалдықтарынан топырақ әктеніп, қалдықтары тау жынысын түзуге қатысатын жәндіктер:Саркодиналар Теңіз түбінде әкті минерал түзетін қарапайым:Бақалшақты тамыраяқтылар Шөгінділерінен мұнайдың қоры түзілетін жәндіктер: Бақалшақты біржасушалылар Геологтарға мұнай қалдықтары мен жердің жасын анықтауға көмектеседі: Саркодиналар Жалған аяқ түзіп,денепішінін үнемі өзгерте алатын қарапайымдылар:Саркодиналар Дене пішіні тұрақты саркодиналар:Сәулелі өрмекаяқ, қошқармүйіз көпірме, сәулелі күншар,шұрықденелі бунақай, сәулелі күнқұлақ, бақалшақты амеба Дене пішіні тұрақты, денесін әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайтын саркодиналар түрі: Сәулелі өрмекаяқ Дене пішіні тұрақсыз қарапайымдылар типі: Саркодиналар Дене пішіні тұрақсыз жалғанаяқты қарапайым біржасушалы жәндік:Амеба Қарапайымдардың өте қарапайым құрылысты өкілі: Жалаңаш бақалшақсыз амеба Амеба терісін қаптап тұратын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық Плазмолемма, мембрана Кәдімгі амебаның жалғанаяқтарының саны: Тұрақсыз Амеба үшін жалғанаяқтың қызметі: Қозғалу, қорегін қармау Сағатына амебаның ең жоғарғы шапшаңдығы: 1 см Амебаның денесінде цитоплазманың қозғалысы әсерінен ең алдымен пайда болды:Бүртік Кәдімгі амебаның қорегі: Ұсақ балдырлар, бактериялар Амебаның тыныс алуы: Бүкіл денесімен, суда еріген оттегімен Амеба көбейеді:Екіге көлденеңінен бөліну арқылы Кәдімгі амебаның тіршілік мекені:Су қойма түбінде Амебаның ірі түрінің бірі: Амеба протей Денесінде бақалшақ болатын амебаның бір түрі: Арцелла Дизентерияның тура мағынасы, грекше: Бұзу-дис, ішек-ектерон Дизентерия ауруының қоздырғышы: Бактерия және қарапайымдылар Дизентерия амебасы тудыратын ауру: Қантышқақ Адам мен жануарлардың ішегінің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын паразиттік тіршілік ететін жалғанаяқты:Дизентерияамебасы Дизентерия қоздырғышының сілемейлеп зақымдайтын мүшесі: Аш ішек, тоқ ішек Дизентерия амебасының цисталары сау адамға жұғады:Жемісті жумай жегеннен, лас су Тәулігіне нәжіспен бірге ... амеба цистасы сыртқа шығады: 300 млн Дер кезінде емделмесе ажалға душар ететін ауру: Дизентерия амебасы Дизентерия ауруын тарататын: Құмырсқа, шыбын, тарақан Талшықты жәндіктер типі: Пішіні тұрақты, сыртын пелликула Дене пішіні ұршыққа ұқсас бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайымдарды атайды: Талшықтылар Талшықтылар класына жататын жәндіктер: Жасыл эвглена, вольвокс, бодо, түншырақ Біржасушалы паразитті талшықтылар: Опалина, лейшмания, лямблия, трипаносома Өсімдіктер мен жануарлардың аралық формасы: Жасыл эвглена Екі түрлі әдіспен қоректенетін жәндік: Жасыл эвглена, вольвокс (домалаңғы) Жарықта жасыл өсімдіктер тәрізді, ал қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенетін қарапайымдылар:Жасыл эвглена, вольвокс Жасушасында хлоропластары болатын қарапайымдылар: Жасыл эвглена, вольвокс Денесі созылыңқы тұрақты сопақша пішінді талшықты жәндік: Жасыл эглена Жасыл эвгленаға тән ерекшеліктер: Дене пішіні тұрақты, екі түрлі әдіспен қоректенеді , денесінде хлоропластары бар Жасыл эвгленаның ерекшелігі: Жарықсезгіш көзше болады Жасыл эвглена қозғалады:Талшығымен Жасыл эвглена денесіндегі жасыл тақташалар:Хлорапласт Жасыл эвгленанын қоректенуі:Фотосинтез Жасыл эвгленаның жататын тобы:Суда жүзіп жүретін планктондық топ Жасыл эвгленаның көбеюі:Жыныссыз, ұзыннан бөліну арқылы Тіршілік барысында шоғырланып, көпжасушалыларға бастама берген топ: ДомалаңғыВольвокстың жеке жасушалары байланысады:Цитоплазмалық көпірше арқылы Вольвокстың жасыл эвгленадан ерекшелігі: Шоғырланып тіршілік етуге бейімделген Вольвокс шоғырының пішіні: Шар Тері ауруына ұшыратын талшықтылар тобы:Лейшмания Лейшманиоз ауруын тудыратын қарапайым: Лейшмания Лейшманиоз ауруын тарататын жәндік: Құм шіркейлер Дер кезінде емделмесе асқынып кететін ауру: Тері лейшманиозы Дене тұрқы 1 мм. жуық бақаның артқы ішегінде болатын паразиттік жәндік: Опалина Дене тұрқы 15 мк., екі ядролы, төрт жұп талшығы бар, адамның ішегінің жоғарғы бөлігінде қауіпті ауру туғызатын талшықты паразит: Лямблия Адам аш ішегінің жоғарғы бөлігінде, өтте жиі кездесіп, қауіпті ауру туғызатын паразитті талшық:Лямблия Қан сарысуымен қоректенеді:Трипаносома Ұйқы ауруының қоздырғышы:Трипаносома Трипаносома қоздырғышы болып келетін ауру:Нагана, суауру, қараталақ Қазақстан даласында түйе зардап шегетін ауру:Суауру Жылқы зардап шегетін ауру: Қараталақ Ұйқы, ногана ауруын таратушы қансорғыш шыбын:Цеце шыбыны Суауруды таратушы қансорғыш шыбын: Сона Шығыс Үндістан мен Бангладешке індет болып тиген ауру: Кала-азар Кала-азар ауруының адам ағзасына әсері: Бүйрекүсті безінің қыртысы зақымданып, дене қатты қызып, терісі қараяды, лимфа түйіндері ұлғайып кетеді Түнге қарай теңізді нұрға бөлейді:Түншырақ Суды тазартатын талшықты жәндік:Бодо Ең алғаш шіріген ағзалы қалдықтары бар тұнбадан табылған жәндік: Инфузория Инфузориялар типіне тән:Кірпікшелер, 2 ядро, жынысты,жыныссыз көбею, жасуша ауызы Дене пішіні кебіске ұқсайтын біржасушалы қарапайым жәндік:Кірпікшелі кебісше Дене тұрқы 0,2 мм. алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір, дене пішіні тұрақты біржасушалы қарапайым жәндік: Кірпікшелі кебісше Қарапайымдардың ішінде құрылысы мен тіршілігінде күрделену байқалады: Кірпікшелі кебісше Кірпікшелі кебісшенің жасушасының құрылысы: Цитоплазма, кірпікшелер, 2 вакуоль, 2 ядро бар, қылаулатқыш Кірпікшелі кебісшенің құрылысындағы ерекшелік: Үлкен және кіші ядро Кірпікшелі кебісше - инфузория: Су жануарлары үшін қорек Кебісшенің қозғалуы: Кірпікшелерімен Кірпікшелі кебісшенің сыртында кірпікшелердің жалпы саны: 2000-2500 Кірпікшелі кебісшенің денесіндегі сезімталдық қызметін атқарады:Арнайы талшықтар Жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ойық тәрізді ауызы бар жәндік: Кірпікшелі кебісше Кірпікшелі кебісшенің жиырылғыш вакуолі: Екеу Кірпікшелі кебісше қылаулатқышының маңызы: Қорытылмаған қалдықтарды шығару Кірпікшелі жәндіктердің өзге біржасушалы жәндіктерден көбею өзгешелігі: Жанасу арқылы жынысты жолмен Кірпікшелі жәндіктерде қоректену, тынысалу, қозғалу және зат алмасуқызметін атқаратын органоид: Үлкен ядро Отырықшы дөңгелек, жауқазынның гүліне ұқсас кірпікшелі жәндік:Сувойка Сувойканың дене пішіні ұқсайды:Жауқазынға Паразиттік тіршілік ететін біржасушалы, көбінесе пішіні амеба тәріздес жәндік:Споралылар Споралы қарапайымдыларда болмайтын органоид: Қозғалыс органоиды,жиырылғыш вакуоль, асқорыту вакуолі Споралылар типінің тіршілік ерекшелігі: Тек паразитті Споралыларда спорадан түзілетін тығыз қабықшасыз жасуша: Спорозоит Споралылар типіне жататын біржасушалы жәндік: Құртамыш, қантұрғын Тауық, үй қояны, сиыр, балық, тіпті адам ауыратын ауру: Кокцидоз Кокцидоз ауруының қоздырғышы:Құртамыш Құртамышқа тән белгі: Спора түзеді Ішекте паразитті тіршілік ететін біржасушалылар: Құртамыш, балантидий Безгек паразиті: Қантұрғын Қанның қызыл түйіршігінде тіршілік етеді: Қантұрғын Безгек ауруының қоздырушысы:Қантұрғын Безгек ауруының қоздырғышын таратады: Маса Суда да, құрлықта да тіршілік ете алады: Безгек масасы 1880ж. безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан француз дәрігері: А.Лаверан Безгек паразитінің таралуы мен көбеюі:Эритроциттер арқылы Безгек паразитінің көбеюі:Қанның қызыл түйіршігі арқылы Безгекпен ауырған адамның денесі бір ысып, бір салқындауының себебі: Безгек паразитінің қанда көбейіп улы зат бөлуінен Безгек паразиті орныққан қан түйіршігін зақымдап бүлдіретін уақыт: 3-4 күн ішінде Безгек ауруын емдеу үшін қолданылатын дәрілер: Хинин, акрихин Безгек масаларын құрту үшін қолданылатын улы химикат: Гексахлоран Безгек ауруының таралуына кедергі жасау үшін өсірілетін балық:Гамбузия Қантышқақ тудыратын амебаны ашқан ғалым: Ф.Леш Қантышқаққа «сатқақ» деп ат берген: Ө.Тілеуқабылұлы 1861ж. безгекке диагностика жасап, оны «қара қан» деп атаған: Г.Ф.Логинович Қантұрғынның споралыларға жататынын дәлелдеген ғалым: И.Мечников Анофелес туыстас маса: Безгек ауруын қоздырғышын таратушы Безгек тасымалдаушысының анофелес туыстас маса екенін дәлелдеген: Дж. Грасси Амеба және эритроцитті дистилденген суға салса:Екі жасушада бұзылады Адам мен үй жануарларына ауру тарататын кемірушілер:Кәдімгі атжалмандар Қарапайымдарға әсер ететін тітіркендіргіштерге жатпайтыны: Шу