Биология ғылымының салалары Тірі табиғаттағы өзгерістер жиынтығын зерттейді: Биология


Бұлшықет Жиырылып,босаңсуы арқылы әр түрлі мүшелерді қимыл-қозғалысқа келтіретін ұлпа: Бұлшықет ұлпасы



бет58/112
Дата13.04.2023
өлшемі0,51 Mb.
#82152
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   112
Бұлшықет
Жиырылып,босаңсуы арқылы әр түрлі мүшелерді қимыл-қозғалысқа келтіретін ұлпа: Бұлшықет ұлпасы
Бұлшықет ұлпасының құрылымдық және қызметтік бірлігі: Миофибриллалар
Миофибрилл құрамына енетін нәруыздар: Миозин, актин
Бұлшықет ұлпасының қасиеті: Созылғыштық пен жиырылғыш
Бұлшықет жасушаларының пішіні: Ұзынша
Бұлшықет ұлпаларының топталуы: 3
Бұлшықет ұлапасының түрлері: Көлденең жолақты, бірыңғай салалы, жүрек
Ішкі мүшелердің қозғалысын жүзеге асыратын ұлпа: Бірыңғай салалы бұлшықет
Мүшелердің жұмысын басқарып реттейді: Жүйке ұлпасы
Барлық жүйке жүйесін түзеді: Жүйке ұлпасы
Жүйке ұлпасына тән қасиет:Қозғыштық, қозу өткізгіштік
Жүйке жасушасы:Нейрон, нейроглия
Жүйке ұлпаларының қосымша жасушалары: Нейроглиялар
Серіктес жасушалар бұлар: Нейронды қоршаған жасушалар
Жүйке ұлпасының негізгі массасы: Нейроглия
Жадыдан ақпаратты өңдеуге, сақтауға қатысады: Нейрондар
Нейронның денесінде болады: Цитоплазма мен ядро
Нейронның бөліктері:Аксон, дендрит, денеден (1 ядросы бар жуандау бөлік)
Нейронның құрылысына жататын: Жасуша денесі мен өсінділер
Нейрон өсіндісінің саны: 2
Жүйке ұлпасы жасушаларының өсінділері:Дендрит, аксон
Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі:Аксон
Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі: Дендрит
Әрбір нейрондағы аксон саны: 1
Аксонның сырты қапталған: Май текті ақ қабықшамен
Аксонның құрылысы: Ақ, май текті, ұзын
Орталық жүйке жүйесінде шоғырланып ақ зат түзеді: Аксон
Шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді: Аксондар
Ми мен жұлынның сұр заты түзеді: Нейрондар шоғырын
Мидың сұр затын құрайтындар: Нейрон денесі мен оның қысқа өсінділері
Нейронның бойымен қозудың дұрыс бағытын тап:Дендрит-дене-аксон
Нейронның денесіне қозудың келуі:Дендрит арқылы
Нейрон денесінен қозуды әр түрлі мүшелерге өткізеді: Аксон
Аксонның көрші дендритпен тоғысуы, қозудың өтетін жері:Синапс (тоғысу)
Тірі ағзалардың сыртқы ортаның физикалық және xимиялық өзгерістеріне әрекеті:Қозу
Тірі жүйенің тітіркендіргіш әрекетті қабылдап,оған қозу арқылы жауап қайтару:Қозғыштық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет