Басхордалылар-Cephalochordata класы. ЛАНЦЕТНИКТІҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ Асцидия-Ascіdіae класы. ЖЕКЕ АСЦИДИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ
Мақсаты: Қандауырша (ланцетник) арқылы жалпы хордалылардың, ал асцидия арқылы Личинкахордалылардың құрылысы мен құрылым ерекшеліктерімен танысу.
Бассүйексіз (Cephalochordata) жануарлар жануарлардың ішінде аз тараған тобы, олардың құрылысы қарапайым. Осы қарапайым белгілері өмір бойы сақталады. Бұл белгілер олардың аз қозғалмалы тіршілігіне байланысты қалыптасқан. Омыртқаның қызметін атқаратын серпімді, бұтақталмаған, иілгіш денесінің арқа бөлігінде ұзына бойы созылып орналасқан сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Негізгі өкілдерінің бірі-қандауырша (Branchіostoma lanceolatum-ланцетник). Қандауыршаның құрылысы жалпы хордалылардың құрылым сызба-нұсқасының қарапайым үлгісі болып табылады. Сонымен бірге қандауыршаның биологиясын зерттеу арқылы көптеген ғылыми теориялар қалыптасқан. Негізгі құрылым ерекшеліктері: жүйке түтігі бас ми және жұлынға жіктелмеген, сезім мүшелері жіктелмеген, қан айналу жүйесі тұйық, жүрегі болмайды, қаңқасы хорда мен жүйке түтігін қоршап жатқан дәнекер ұлпалы қабық болып табылады, жұп қанаттары болмайды.
Личинкахордалылар-Urochordata салыстырмалы көп таралған (1500 түрді біріктіреді), теңіз жануарлары. Басқа хордалылардан ерекшеліктері көпшіліктерінің ересек кезеңдерінде хордасы мен жүйке түтіктері болады.
Дене пішіндері құмыра тәрізді, көпшіліктері сыртынан қорғаныштық қасиеті бар шеміршек тәрізді қабық туникамен қапталған. Бұл отырып тіршілік етуге бейімделушілік болып табылады. Тағы бір бейімделушілік белгілер олар жыныссыз жолмен бүршіктену арқылы көбейе алады. Гермофродиттер. Көпшіліктері отырып колониялы немесе жеке тіршілік етіп барлық теңіз, мұхиттарда кездеседі. Бірақ, Каспий, Азов теңіздерінде жоқ. Личинкахордалылардың өкілі есебінде асцидияның (Ascіdіa mentula) құрлысымен танысамыз.
Тапсырма: І. Бассүйексіздер-Acranіa тип тармағының өкілі қандауырша және Личинкахордалылар-Urochordata (Tunіcata) тип тармағының өкілі жеке асцидияның систематикалық жағдайын анықтау.
ІІ. Натуральды және тотальды препораттар арқылы (фиксацияланған) қандауыршаның сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, сипаттап жазу.
ІІІ. Тотальды препараттар және сәйкес сурет сызбалары арқылы қандауыршаның ішкі құрылысымен танысып, суретін салып, сипаттап жазу.
ІV. Сурет-сызбалары арқылы қандауыршаның қан айналу жүйесінің ерекшеліктерімен танысу.
V. Жеке асцидияның құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
VІ. Қорытынды.
VІІ. Тест.
Жұмыс барысы: Өкілінің систематикалық жағдайы: