ТипБуынаяқтылар – Arthropoda
Тип тармағы Хелицералылар – Сһеlicerata
Класс Өрмекшітәрізділер – Аrachnida
Отряд Құршаяндар – Scorpiones
Отряд Жалған құршаяндар – Рseudoscorpiones
Отряд Пішеншілер – Оріliones
Отряд Өрмекшілер – Аranei
Отряд Кенелер – Асаrі
Құралдар: Фиксацияланған материалдар: құршаян, шаршылы өрмекші, ит кенесі. Фиксацияланған өрмекшітәрізділері бар тубус. Құршаяндардың, өрмекшілердің, кенелердің ауыз аппараттарының микропрепараттары. Микроскоптар, қол лупасы, шыны таяқшалар, зат және жабын әйнектер, пинцеттер, Петри табақшалары.
1-тапсырма. Құршаянның, шаршылы өрмекшінің, ит кенесінің мысалында өрмекшітәрізділердің сыртқы құрылысын, денесінің формасын және пішінін қарастырыңыздар. Қол лупасының көмегімен буынды денесінен әрқайсысының хелицерасын, педипальпасын, көру мүшесі – көздерін, жүру аяқтарын табыңыздар. Олардың құрылысын және сегментерде орналасуымен танысып, суретін салу.
Сұрақтар: 1 Тип тармағы хелицералылардың негізгі белгілері қандай?
2 Қарапайым өрмекшітәрізділердің денесінің сегменттелуінің
қандай ерекшеліктері бар?
3 Жоғары сатыдағы өрмекшітәрізділер өкілдерінің денесінің
сегменттелу ерекшелігі қандай?
4 Жерде жүруге бейімделген өрмекшілердің негізгі белгілері неде? Өрмекшітәрізділердің маңызы.
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: медианды көз, хелицералар, педипальпалар, коксальді бездер, мальпиги түтікшелері.
НАСЕКОМДАРДЫҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ Мақсаты:Насекомдардың жеке өкілдерін мысалға ала отырып сыртқы құрылысының ерекшеліктерімен танысу.
Тип Буынаяқтылар – Аrthopoda
Тип тармағы Кеңірдектыныстылар – Тгаcheata
КлассНасекомдар – Insecta
Класс тармағы Ашықжақтылар – Есtognatha
Отряд Тікқанаттылар – Оrthoptera
Отряд Қоңыздар – Соleoptera