Дөңгелекауыздылар - Cuclostomata класы ӨЗЕН МИНОГАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ Мақсаты: Өзен миногасы класқа тән негізгі сипаттаушы белгілерді қанағаттандырарлық болғандықтан, осы өкілдің морфологиялық-анатомиялық құрылысы негізінде нақтылы түсініктер беру.
Дөңгелекауыздылар-Cuclostomata осы кездегі тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең қарапайым жануарлар тобы. Сонымен қатар жартылай немесе толық эктопаразиттік тіршілік етуіне байланысты қалыптасып маманданған белгілер тән. Тіршілік ортасы су болғандықтан құрылымында жалпы балықтарға ұқсастықтары байқалады. Кластың негізгі сипаттаушы белгілері: жақ аппараттары, жұп қанаттары болмайды; тұйық танау қуысы болады және танау тесігі біреу; тыныс алуы желбезек қапшықтары арқылы жүзеге асады, оның күлтешелері шығу тегі жағынан эктодермалық; сорғыш-жабысқыш ауызалды воронкасы, өткір мүйізді тілдері болады; терісі жалаңаш, бездерге өте бай. Екі камералы жүрегі, мезонефридиялық бүйрегі болып, жүйке түтігі-бас миы мен жұлынға жіктелген. Қазақстан фаунасында аз таралған, бізде Каспий миногасы кездеседі.
Тапсырма: І. Өзен миногасының систематикалық жағдайын анықтау.
ІІ. Натуральды объект арқылы (фиксацияланған) сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу.
ІІІ. Сою және сәйкес сурет сызбалары арқылы ішкі құрылысымен танысып, суретін салу.
ІV. Сурет-сызбалары арқылы қан айналу жүйесінің ерекшеліктерімен танысу.
V. Сурет сызбалары арқылы тірек-қимыл жүйесімен танысу.
VІ. Қорытынды.
VІІ. Тест.
Жұмыс барысы: Өкілінің систематикалық жағдайы: