«Биология, география және химия» ббб


Личинкахордалылар-Urochordata (Tunіcata) тип тармағы



бет69/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Личинкахордалылар-Urochordata (Tunіcata) тип тармағы
Асцидия –Ascіdіae класы
Личинкахордалылардың морфологиялық-экологиялық ерекшеліктері: Ересек формаларында хорда сақталмайды; Дернәсілдік жағдайларында хордасы болады; Денесі эпидермистің туындысы болжыр туникамен қапталған, ол отырып тіршілік етуге байланысты бейімделушілік белгі болып саналады; Гермофродитті, жынысты және бүршіктену (жыныссыз) арқылы көбейеді; Көпшілігі жеке немесе колония түзіп отырықшы тіршілік етеді. Жабық теңіздерде (көлдерде) кездеспейді.
Өкілінің систематикалық жағдайы:

Тип:

Хордалылар -

Chordata

Тип тармағы:

Личинкахордалылар -

Urochordata (Tunіcata)

І. Класс:

Асцидия -

Ascіdіae

Отряд:

Асцидиятәрізділер -

Ascіdіformes

Өкілі:

Жеке асцидия -

Ascіdіa mentula

ІІ. Класс:

Сальпалар -

Salpae

ІІІ. Класс:

Аппендикуляриялар -

Appendіcularіae

Жеке асцидияның сыртқы құрылысы құмыраға ұқсас, субстратқа бекитін табаны, су енетін және су шығатын шүмектері-жоғарғы сифон және бүйір сифондары болады. (8-сурет). Табанымен субстратқа бекініп отырады.
Жеке асцидияның ішкі құрылысы. Асқорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесі ауыз сифонынан басталады, ол кең қап тәрізді жұтқыншаққа ашылады. Жұтқыншақ көптеген желбезек саңылаулары арқылы немесе судың айналымын қамтамасыз ететін ңстигмаң деп аталатын саңылаулармен тесілген. Жұтқыншақтың түбінде қысқа өңеш қап тәрізді қарынға жалғасады. Қысқа ішек сыртқы ортамен (клоакалық) шығарушы сифонмен байланысатын қуысқа аналь тесігі арқылы ашылады. Жұтқыншақта эндостиль болады. (9-сурет). Қоректенуі пассивті. Сумен келген қоректік заттар эндостильге ұсталады. Эндостиль жұтқыншақ түбінен басталып оның бауыр жағымен ауыз тесігіне қарай көтеріледі. Осы жерде эндостиль екіге бөлінеді және арқа пластинкаларына ауысады. Ас түйірлері жұтқыншақ жанындағы сақинаға итеріліп одан арқа пластинкалары арқылы өңешке бағытталады.
Қан айналу жүйесі ашық. Бір камералы жүрегі болады.
Жүйке жүйесі: түйінді қарапайым. Жүйке жүйесі арасында қуысы жоқ екі сифон арасында орналасқан ганглий болып табылады. Отырып тіршілік етулеріне байланысты сезім мүшелері болмайды, тек тері сезімі байқалады.
Көбеюі, дамуы. Жыныссыз жолмен көбейгенде аналық даралардың бауыр жағынан колба тәрізді өсінді өсіп шығып, онда біртіндеп мүшелер дами бастайды. Жеке асцидияларда жас дарақ аналығынан бөлініп кетеді, ал колониялы формалары бөлінбейді. Жыныстық көбеюі ұрықтанған жұмыртқадан ересектеріне ұқсамайтын личинка шығады. Личинканың жұтқыншағы кіші, желбезек саңылауы аз болады. Личинканың ерте сатысында хордалыларға тән жүйке түтігі қалыптасады. Энтодерманың арқа бөлігінен хорда дамиды. Ішек түтігінің бүйір қабырғаларынан мезодерма қалыптасады.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет