«Биология, география және химия» ббб


-сурет. Сүтқоректілердің терісінің құрылысы



бет98/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

91-сурет. Сүтқоректілердің терісінің құрылысы: 1-эпидермистің мүйізді қабаты, 2-эпидермистің өсу қабаты, 3-нағыз тері қабаты-кутис, 4-тері асты клечатка, 5-түк стержені, 6-түк жуашығы, 7-бағыттаушы түк, 8-қылшық түк, 9-түбіт түк, 10-қыл май безі, 11-тері безі, 12-түкті көтеруші ет.


Тері безі-түкті без, негізгі бөлігі-шоғыры тереңде кутисте жатып, жоғарғы ұшы терінің бетіне ашылады. Секретін тікелей қаннан сорады. Құрамы мочевина, минералды тұздар, су. Қызметі ыдырау өнімдерін шығару және жылу реттеушілік. Тері бездері әртүрлі сүтқоректілердің өкілдерінде бірдей дамыған, мысалы ит, мысықта нашар, ал кит, көртышқан, тышқандарда байқалмайды және терінің бөліктерінде де жиілігі әртүрлі.
Май бездері-көпшілікті без, өзегі түктің қабына, не теріде түк түбірі жанына ашылады. Майлы секреттері түкті теріні майлап, құрғаудан, ылғанудан сақтайды.
Тері май бездерінен басқа сүтқоректілердің өкілдеріне олардың түрөзгерістері түрінде көптеген бездер кездеседі. Олардың секреттерінің арнайы өзіндік иістері болып қорғаныштық жыныстық табысу т.б. қызметтер атқарады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы сүт безі. Сүт безі түрі өзгерген тері безі қарапайым түтікті құрылысы біртесіктілерде сақталса, жоғ. сат. Сүтқоректілер күрделеніп көпіршікті құрылыста болады. Бездің өзектері жануардың бауырында орналасқан желіннің емізіктеріне ашылады. Желінің орналасуы мен емізік саны әр түрлі, көбіне бір туғандағы балалар санына сәйкес болады. Сүт құрамы күрделі негізгі қоректік заттар мен судан тұрып, без секрециясы (екі қабаттықтың) буаздықтың соңғы сатыларында басталады (желіндеуі).
Түк-сүтқоректілерге тән эпидермистің түр өзгерісі. Үздіксіз көп өсіп денені бүкіл дерлік жауып жатады. Түктің түбірі эпидермистік қынаппен теріге терең батып жатады. Теріден шығып тұратын бөлігі-білігі (стержень). Білік үш қабаттан, кеуекті-өзек, ауаға толы; түкке серпімділік, мықтылық және түсін анықтаушы-қабықты және жазық шатыр тәрізді орналасқан қабық не кутикуладан тұрады. Түктер құрылымына (мықтылық, серпімділігіне) қарай қылшық және түбіт болып бөлінеді. Олардың жиілігі, ұзындығы жыл маусымына қарай өзгеріп отырады.
Эпидермистің түр өзгерісінің бңрң тырнақ, тұяқ болып табылады. Негізгі құрылысы
Эпидермистің түзілісіне мүйіздер, қабыршақтар жатады. Түк, тырнақ, тұяқ, мүйіздердің өсуі, қалпына келуі эпидермистің өсуші қабаты есебінен жүреді.
Сүтқоректілерді сою арқылы ішкі мүшелерінің жалпы орналасу ретімен танысу. Ұйықтатылған немесе жансыздандырылған сары шұнақты (оларды ұйықтату немесе жансыздандыру құстарға ұқсас шалқасынан ыдысқа іші парафинделген табақша немесе қатты кардонға салып төрт аяғын керіп тартып байлап бекітеді. Ылғал тампонмен терінің орта сызығы бойынша ылғалдап, түктерін екі жағына қарай ығыстырады. Мақта тампонды анал тесігіне тереңдете тығып қояды. Теріні кіндік тұсынан пинцетпен көтеріп қайшымен теріні тесіп тіледі. Одан әрі қайшының доғал ұшын ішке қаратып алға қарай алқымына дейін және артқа қарай анал тесігіне дейін тілікті жалғастырады. Теріні екі жағына қарай қандауырша сабағымен немесе тырнақпен іреп денеден ажыратады. Аяқ-қол тұсында теріні көлденең тіледі. Терілерді жазып инелермен бекітеді немесе кесіп алып тастауға да болады. Дене қуысын ашу үшін, пинцетпен жамбастың маңдай буыны тұсынан көтеріп қайшымен көлденең тілік тіледі. Тілікті бүйіріне қарай жалғастырып (қайшының доғал ұшы) бел омыртқалары бойымен қабыртқаға дейін тіледі. Сол сияқты екінші жағы да орындалады. Осы жерде тек сүтқоректілерге тән көкірек және құрсақ қуысын бөлетін ет-диафрагма орналасады. Оның жоғарғы жиегін оңнан-солға немесе керісінше кесіп тіледі. Көк (сүбе) ет диафрагмадан ажырайды. Қабыртқаларды сүйек пен шеміршек шегерасынан кесіп төсті сүбемен қоса жалаңаштап алады. Кедергі келірген сіңір-тарамыстарды кесіп отырады. Осы жағдайда құрсақ және көкірек қуысы ашылады. Мойынның алдыңғы май б/еттерін тілсе кеңірдек т.б. мүшелер ашылады.
Ішкі мүшелер жүйелерімен танысу.
Ішкі жүйелер мүшелерінің орналасу ретіне назар аудару қажет. Мойын бөлімінде кеңірдек, оған караллель артында өңеш жатып, көмекей тұсында қалқанша безі орналасады. Көкірек қуысында жүрек, өкпе және жемсау безі көрінеді. Диафрагма көкірек-құрсақ қуыстарын бөлетін шатыр пішінді етті перде. Өңеш диафрагманы тесіп өтеді. Құрсақ қуысының өң бөлігінде бауыр, сол бөлігінде қарын орналасады. Қарыннан бірнеше түйіндер құрайтын жіңішке ішек басталып, жуан ішекке жалғасып, ол тік ішек арқылы сыртқа ашылады. Ішек-қарынды шажырқайларынан ажыратып ішекке ығыстырса ірі қан тамырлары (қолқа, төменгі қуыс вена т.б.) бүйрек, несеп ағар және қуықты көруге болады.
Сойылған тышқанның жынысына қарай сәйкес жыныс мүшелерін ажыратуға болады.
Қан айналу жүйесі: Сүтқоректілердің жүрегі көкірек қуысының алдыңғы сол жағына таман орналасып, жұқа жүрек қабы-перикардимен қапталған. Жүрегі төрт камералы және сол жақ қолқа доғасы сақталған. Сол қарыншадан сол жақ қолқа басталып, одан жеке ірі қан тамыры-атсыз артерия бөлінеді. Атсыз артериядан басқа бағытталған оң, сол ұйқы артериясы мен оң жақ бұғанаасты артериясы бөлінеді. Қолқа доғасынан одан әрі сол жақ бұғанаасты артериясы бөлініп өзі арқа қолқасы деп аталынады. Арқа қолқасынан ішкі мүшелер мен ақты қанмен қамтамасыз ететін алдыңғы, артқы шажырқай, бүйрек мықын және сан артерияларына бөлініп құйрық артериясына ауысады.
Вена қаны денеден сан, мықын бүйрек т.б. веналар төменгі қуыс венаны құрап, диафрагманы тесіп өтіп, оң жақ құлақшаға құйылады. Асқорыту мүшелерінен қайтқан қан тамырлары қосылып бауырдың қақпа венасы бауырдың қақпа жүйесін құрап бауыр венасы арқылы төменгі қуыс венаға ашылады.
Сүтқоректілердің дене қуыстарының қабырғасынан жинайтын балықтардың кардиналды веналарының гомологі жартылай тақ (сол жақта) және тақ веналар төменгі қуыс венаға ашылады. Сүтқоректілерде бүйректің қақпа жүйесі болмайды. Дененің бас бөліміне қанды жинайтын ярем веналары мен қанды қолдан таситын бұғанаасты веналары қосылуынан оң және сол жоғарғы қуыс вена құралып, жоғарғы, төменгі қуыс веналар оң құлақшаға жеке-жеке ашылады. Препаратта қолқа қызғылттау, ал қуыс веналар күңгірт қызыл түсті болып көрінеді. Жоғарыда қарастырылған қ/тамырларын қан айналымының-үлкен не денелік шеңберін құрайды. Кіші не өкпелік шеңбер қанды жүректен өкпеге және кері әкелетін қ/тамырларынан құралады. Олардан оң қарыншадан басталатын өкпе стволы өкпеге вена қанын апарса өкпе веналары сол құлақшаға артерия қанын әкеледі. Сол қарыншадан үлкен шеңбер басталады. Қан осы екі шеңбермен үздіксіз қозғалып отырады. (92-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет