«Биология, география және химия» ббб



бет94/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107
Тыныс алу жүйесі: Ауа танау тесігі және ішкі тыныс тесігі хоана арқылы ауыз қуысына өтеді. Одан әрі көмекей тесігі арқылы жоғарғы көмекейге, ол ұзын шеміршекті сақиналардан тұратын иілгіш кеңірдекке жалғасады. Дене қуысына кіре, жүрек тұсында аңқаларға бөлінеді. Осы жерде тек құстарға тән төменгі дыбыс шығаратын көмекейді құрайды. Онда дыбыс жарғағы тартылған. Жұп, салыстырмалы кіші өкпелері қабыртқалармен омыртқа жотасына тығыз бекіген. Өкпесі ұялы, кеуекті құрылыста. Онан ауа қапшықтары басталады. Олардың қабырғасы аңқаның шырышты қабығы. Ауа қапшықтарының болуы тек құстарға тән қос тыныс алуды қамтамасыз етеді. Тыныс алу жиілігі жәй қонып отырғанда да болса, ұшу кезінде қанат қағу жиілігіне сәйкес болады. (80-сурет).





80-сурет. Құстардың тыныс алу жүйесі: 1-трахея, 2-бронхалар, 3-өкпе, 4-ауа қапшықтары, 5-жоғарғы көмекей, 6-төменгі көмекей.


Ас қорыту жүйесі: Ауыз қуысында тіс жоқ, тілдері ұзын, қозғалмалы үшкірленген. Жұтқыншағы біртіндеп өңешке (1) ауысады. Оның төменгі бөлігі кеңейіп жемсау (2) құрайды. Балапандарын асырау кезеңінде жемсаудың шырышты қабат жасушалары үздіксіз түлеп қоймалжың зат (құс сүті) түзіп, онымен құсып балапандарын асырайды. Өңештің төменгі бөлігі біртіндеп безді қарынға (3) ауысады. Безді қарын айқын байқалатын етті қарынға (4) ұласады. Етті қарыннан жіңішке ішек басталады. Оның басталар бөлімі 12-елі ішек (5), оған бауырдан (7) басталатын өт жолы (8) және ұйқы безінің (6) өзегі ашылады. Одан әрі жіңішке ішектің негізгі бөлігі басталып, ол бірнеше түйіндер (10) құрап, қысқа жуан ішекке (11) жалғасады, шегарасында соқыр өсінділер (13) болады. Ас қорыту түтігінің сол клоакаға (12) ашылады. Етті қарын жанында көкбауыр (9) орналасады. Етті қарынның іші қатты кутикуламен (14) астарланған 12-елі ішекке ашылатын саңлау (15) болады. Сонымен тістің қызметін етті қарын арқарады (81-сурет).





81-сурет. Сұр кептердің ас қорыту жүйесі: А-жалпы көрінісі, Б-қарын. 1-өңеш, 2-жемсау, 3-безді қарын, 4-етті қарын, 5-12-елі ішек, 6-ұйқы без, 7-бауыр, 8-өт жолы, 9-көкбауыр, 10-жіңішке ішек түйіндері, 11-тік ішек, 12-клоака, 13-соқыр ішек, 14-қарынның бұлшықетті кутикуласы, 15-12-еілі ішекке ашылатын саңылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет