Биология және биотехнология факультеті



бет3/4
Дата25.09.2023
өлшемі25,03 Kb.
#110160
1   2   3   4
Байланысты:
Асем отчет22

Зерттеу объектісі: табиғи сүт, TOO «JLC» сүті, күнбағыс дәні, асқабақ дәні, грек жаңғағы


Мазмұны:
27.03.2023-22.04.2023 аралығында өткен диплом алдындағы практика кезінде ең алдымен Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығымен таныстық. Сонымен қатар, диплом бойынша тәжірибені бастап, жұмыс жасадық. Алдымен тақырыбыма сәйкес сүттің химиялық және физикалық қасиеттері туралы жан-жақты мәліметтер жинадық. Тәжірибе кезінде өз тақырыбыма керекті кітаптар мен журналдарды және ондағы мәліметтерді ҚазҰУ-дің электрондық кітапханасынан, Ұлттық кітапхананың электронды сайтынан, Scopus ғылыми базасынан, және т.б. интернет көздерінен іздедім. Керекті кітаптар мен ақпарат көздерін анықтай отырып, сол әдебиеттерді пайдаланылған әдебиеттер тізіміне енгіздім. Бұл кезеңнен өткен соң, түрлі сайттардан диссертациялар мен мақалаларды қарай отырып, дипломдық жұмысын мазмұны мен жоспарын жаздым.
Әдебиеттер тізімін құрастыру біткен соң, ғылыми жетекшіммен кеңесе отырып, дипломдық жұмысымның практикалық бөліміне кірістім. Дипломдық жұмысымның тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын бастадым.

Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы: Сүт өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттеріне асқабақ, күнбағыс тұқымдарын және грек жаңғағын қосқандағы дәмдік сапасын анықтау.
Құрал-жабдықтар: «Лактан 1-4М» аппараты, лабораториялық дән үгіткіш, электрондық таразы, сүзгі қағаз, бір реттік қолданатын ыдыстар және т.б.
Жұмыстың барысы:
1. Деректерімнің негізінде сүт өнімдерінің физикалық және химиялық қасиеттеріне асқабақ, күнбағыс тұқымдарын және грек жаңғағын қосқандағы дәмдік сапасына зерттеу жүргізілді.
2. Асқабақ, күнбағыс тұқымдарын және грек жаңғағын үгітіп сүтке қосу арқылы оның органолептикалық ерекшеліктерін және тығыздық, белок, май құрамының дәмдік сапасын анықтау.

3. Тығыздық, белок, май құрамын анықтау үшін «Лактан 1-4М» аппараты қолданылды.


4. Зерттеу нәтижелерін қоспасыз сүт пен асқабақ, күнбағыс тұқымдарын және грек жаңағын қосқандағы қоспамен салыстыра отырып анықтадық.
5. Табиғи сүттің құрамы күрделі болып келеді.Табиғи сиыр сүтінің зерттеу нәтижесінде құрамында 4,17% май,құрғақ заттары 8,58%, белок 3,21%, тығыздығы 29,19 ,су 0 пайыз болды. ТОО“JLC СҮТ” компаниясының 3,2% сүтін зерттеу объектісі ретінде пайдаландық. «Лактан 1-4М» аппаратымен зерттеу нәтижесінде JLC сүтінде 2,78% май, 7,51% құрғақ зат, 2,81% белок, 26,24 тығыздық және 8% су анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет