Биология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі480,55 Kb.
#20480
  1   2


 

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ  АТЫНДАҒЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАЗАҚ-



ТҮРІК  УНИВЕРСИТЕТІ 

 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ 



БИОЛОГИЯ  КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың физиологиялық дамуы 

пәні 

№3 лекция

 

 

 

Жүйке жүйесі дамуы 

 

 

 

 

 

 

 

Лектор: Аймбетова И.О. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан 

 

 

 

 




 

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға 



бейімделуін  реттейтін  жүйе.  Жүйке  жүйесін  зерттейтін  морфологияның 

бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) 

деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. 

Жалпы сипаттамасы 

Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер 

әрекетін  біріктіретін  және  организмнің  тіршілік  әрекетінің  сыртқы  ортамен 

үздіксіз  қарым-қатынасын  қамтамасыз  ететін  жүйке  ұлпасы  мен  глеяның 

жиынтығы.  Жүйке  жүйесі  ішкі  және  сыртқы  тітіркендіргіш  әсерін 

қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның 

негізгі  бөлігі  -  аса  қозғыш  және  қозуды  тез  өткізетін  өсінділері  бар  жүйке 

жасышасы  (нейрон).  Жүйке  жүйесі  филогенез  процесінде  күрделі  өзгеріске 

ұшыраған. 

Адам  денесінде  болатын  жүйке  жүйесі  жүйке  ұлпасынан  түзіледі. 

Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - 

нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке 

ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын 

өсіндісі  -  аксон  ми  мен  жұлынның  дененің  кез  келген  бөлімімен 

байланысуын  қамтамасыз  етеді.  Аксонның  сырты  май  текті  ақ  қабықшамен 

қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның 

тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша 

болмайды.  Бұлардың  жиынтығы  мен  нейронның  денесі  сұр  зат  түзеді. 

Нейронда  ұзын  әрі  тарамдалмаған  (тек  ең  ұшы  сөл  ғана  тарамдалады)  бір 

аксон  болады.  Нейронның денесіне  қозу  (хабар,  сигнал)  дендриттер  арқылы 

келеді. 


Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері 

Жүйке  жүйесі  мүшелерін  негізінен  жүйке  ұлпасы  құрайды.  Жүйке 

жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына 

сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің 

орталық  бөліміне  ми  және  жұлын,  ал  шеткі  бөліміне  —  мидан  және 

жұлыннан  организмнің  шеткі  аумақтарына  таралатын  мүшелер:  жүйке 

түбіршіктері,  жүйкелер,  жүйке  тораптары,  жүйке  түйіндері  (ганглийлері) 

және жүйке талшықтарының ұштары жатады. 

Организмдегі  қызметтеріне  байланысты  жүйке  жүйесін  үш  бөлімге 

бөледі.  Олар:  сомалық  (денелік),  парасимпатикалық  (ішкі  мүшелік), 

симпатикалық (тамырлық). 

Жүйке  жүйесінің  сомалық  бөлімі  -  дене,  яғни  тірек-қимыл  аппараты 

және  тері  жабыны  мүшедерінің,  парасимпатикалық  бөлімі  —  ішкі  мүшелер 

мен  бездердің,  симпатикалық  бөлімі  —  тамырлар  жүйесі  мүшелерінің 

қызметтерін  реттейді.  Парасимпатикалық  және  симпатикалық  бөлімдерді 

біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды 

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді: 

сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді); 

байланыстырғыш  -  козуды  сезгіш  нейрондардан  қозғалтқыш 

нейрондарға өткізеді; 




 

қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі 



мүшел

 

Ми құрылысы мен қызметі 



 

Ми 


Ми  —  сүтқоректілерде  мінез-құлыққа  жауапты  орталық  нерві 

жүйесінің  меңгеру  торабы.  Ми  баста  бассүйек  қуысында  орналасады.  Ол 

мынадай  бөлімдерден  тұрады:  сопақша  ми,  ми  көпірі,  мишық,  ортаңғы  ми, 

аралық ми және үлкен ми сыңарлары. 

Миды  пайда  болу,  құрылымдық  және  қызметтік  ерекшеліктеріне 

байланысты  үлкен  үш  бөлімге  бөледі:  бағаналы  (сопақша  ми,  ми  көпірі, 

мишық,  ортаңғы  ми),  қыртысасты  (аралық  ми,  алдыңғы  мидың  ми 

сыңарлары)  және  алдыңғы  ми  сыңарларының  қыртысы.  Мидың  бағаналы 

және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен 

пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен 

тұрады: 

сопақша ми; 

мишық (артқы ми); 

ортаңғы ми; 

аралық ми; 

алдыңғы ми сыңарлары. 

Мидың  орташа  салмағы  шамамен  1300-1400  г.  Салмағы  бұл 

көрсетілгеннен  көбірек  болатын  адамдар  да  кездеседі.  Адамның 

дарындылығы  мен  ақылдылығы  мидың  салмағына  байланысты  емес.  Ми  20 

жасқа  дейін  дамиды.  Оны  бұлшықеттер  тәрізді  «жаттықтыруға»  болады. 

Ойлау  жүктемесін  оқу  арқылы  үнемі  жетілдіру  нәтижесінде  нейтрондар 

жүктемесі  өседі  де  қысқа  өскіндер  көбірек  қалыптасады,  сөйтіп  олар 

тармақтала  түседі.  Тұрақты  шұғылдану  нәтижесінде  есте  сақтау,  назар 

аудару,  ойлау,  көз  алдына елестету  және  басқа да  жоғары  жүйке  қызметінің 

үдерістері жетіле түседі. 

Жұлынның құрылысы мен қызметі 

Жұлын  -  орталық  жүйке  жүйесіне  жатады.  Жұлын  цилиндр  пішінді 

омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 

г.  Жоғарғы  шеті  сопақша  мимен  жалғасады,  төменгі  шеті  екінші  арқа 

омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында 

ұзынынан  созылған  тік  жүлгелері  болады.  Ол  жұлынды  оң  және  сол  жақ 

жартыға  бөліп  тұрады.  Жұлынның  дәл  ортасында  іші  жұлын  сұйықтығына 

толы  жұлын  өзегі  бар.  Өзектің  айналасында  пішіні  көбелекке  ұқсаған 

жұлынның  сұр  заты  (нейронның  денесі мен  қысқа  өсінділерінің  жиынтығы) 

бар.  Сұр  заттың  сыртын  ақ  заты  (нейронның  ұзын  өсіндісінің  жиынтығы) 

қоршап  жатады.  Сонымен  жұлын  құрылысында  ақ  заты  сыртында,  сұр  заты 

ішкі жағында орналасады. 

 

Жұлынның  сұр  затының  алдыңғы,  артқы  бүйірінде  екіден  түбірлері 



(өсінді)  болады.  Алдыңғы  түбір  козғалтқыш  жүйке  талшықтарынан,  артқы 

түбір  сезгіш  жүйке  талшықтарынан  түзіледі.  Әр  омыртқаның бүйір  тұсынан 




 

жұлыннан  екі  жаққа  31  жұп  жұлын  жүйкелері  таралады.  Әрбір  жұлын 



жүйкелері  алдыңғы  және  артқы  түбірлердің  қосылуынан  пайда  болады. 

Түбірлер  омыртқааралық  тесіктерден  шығып,  бірімен-бірі  қосылып  аралас 

жұлын  жүйкелерін  түзеді.  Аралас  жүйке  дейтін  себебі:  жүйке 

талшықтарының  бір  тобы  қозуды  орталық  жүйке  жүйесіне,  екіншісі  одан 

қозуды  шеткі  мүшелерге  өткізеді.  Жұлыннан  тарайтын  жүйкелердің 

құрамында  әрі  сезгіш,  әрі  қозғалтқыш  жүйке  талшықтары  болады.  Жұлын 

жүйкелері  қолдың,  тұлғаның  және  аяқтың  қаңқа  бұлшықеттеріне  таралады. 

Орталық  жүйке  жүйесіне  өтетін  қозу  жұлынның  тек  артқы  түбірі  арқылы 

өтеді.  Ал  одан  келетін  козу  жұлынның  тек  алдыңғы  түбірі  арқылы  жүреді. 

Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері 

жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де 

жойылады. 

Жұлынның  қызметі:  жұлын  екі  түрлі  қызмет  атқарады:  рефлекстік 

және өткізгіштік. 

Рефлекс  —  сыртқы,  немесе  ішкі  орта  әсерлеріне  организмнің  жауап 

қайтару  реакциясы.  Шартсыз  рефлекс-тума,  тұрақты,  жұлында,  ми 

бағанасында  жасалады.  Шартсыз  рефлекстердің  жасалуы  үшін  ешқандай 

шарттың  қажеті  жоқ.  Қозу-әртүрлі  тітіркендіргіштердің  әсері  нәтижесінде 

жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күй. Шартты рефлекс-өмірде 

жасалады, уақытша, шартты рефлекстер тек ми қабығында жасалады. 

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке 

орталығы  деп  жұлынның  түрлі  бөлімінде  орналасқан  қандай  да  болмасын 

мүшенің  жұмысын  реттейтін  жүйке  жасушаларының  жиынтығын  айтады. 

Мысалы,  тізе  рефлексі  орталығы  жұлынның  бел  бөлімінде;  зәр  шығару 

орталығы  сегізкөз  бөлімінде;  көз  қарашығын  үлкейтетін  орталық  арқа 

бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар 

және  мүшелермен  тығыз  байланысты.  Қозғалтқыш  нейрондары  -  дене,  аяқ-

қол  бұлшықеттері,  тыныс  алу  еттерінің  жиырылуына  әсер  етеді.  Жұлынның 

қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер 

жұмысында өзгерістер болады. 

Өткізгіштік  қызметі  орталыққа  тебетін  (өрлеу,  қозуды  миға  жеткізу) 

және  орталықтан  тебетін  (қозуды  мидан  жұлын  арқылы  мүшелерге  жеткізу) 

өткізгіш  жолдардан  тұрады.  Орталыққа  тебетін  өткізгіш  жолдармен  қозу 

миға  беріледі.  Орталықтан  тебетін  өткізгіш  жолдар  арқылы  қозу  мидан 

жұлынның  төменгі  бөлімдеріне,  одан  мүшелерге  өтеді.  Жұлынның  қызметі 

тікелей мидың бақылауында болады. 

Жұлынның  да,  мидың  да  сыртын  үш  түрлі  қабықша  қаптап  жатады. 

Сыртқысы  -  қатты,  ортаңғысы  -  торлы,  ішкісі  -  жұмсақ  қабық-шалар  деп 

аталады.  Ми  мен  жұлын  жұмсақ  қабығының  қабынуынан  көбіне  сәбилер 

немесе  жас  балалар  менингит  -  делбе  деп  аталатын  жұқпалы  ауруға 

шалдығуы  мүмкін.  Аурудың  жалпы  белгілері:  бас  ауырады,  құсады,  есінен 

айырылады және т. б.[2] 




 

Динамикалық 



стереотип 

үнемі 



қайталанып 

отыратын 

тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу 

мен тежелу жүйесінің жасалуы. 

Иррадиация  құбылысы  -  шартты  рефлекстердің  мида  жойылып,  оның 

әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді.ерге өткізеді. 

 

Жүйке  жүйесіне  ми,  жұлын  және  жүйкелер  жатады.  Жүйкелер  жүйке 



жасушаларының  (нейрондардың)  өсінділерінен  түзіледі.  Жүйкелер  адам 

денесінің  барлық  жеріне  таралған,  барлық  мүшелерді  ми  және  жұлынмен 

байланыстырады. 

Егер 


қозғалтқыш 

нейронның 

ұзын 

өсіндісінен 



(аксондарынан)  тұрса,  ол  қозғалтқыш  жүйке.  Сезгіш  нейронның  қысқа 

өсінділерінен  (дендриттерінен)  тұрса,  ол  сезгіш  жүйке  деп  аталады.  Бұл 

жүйкелерден  басқа  аралас  жүйкелер  де  болады,  ол  нейронның  аксоны  мен 

дендриттерінен  түзіледі.  Аралас  жүйкелер  арқылы  қозу  орталық  жүйке 

жүйесіне және одан мүшелерге беріледі. 

Жүйке  жүйесін  нерв  жасушаларының  жиынтығы  мен  нерв  бұтақтары 

(өткізгіш  жолдар)  құрайды.  Ол  орталық  (ми  және  жұлын),  перифериялық 

және  вегетативтік  жүйке  жүйесі  болып  бөлінеді  (1-сурет).  Онтогенездік 

тұрғыдан  мидың  мына  бөлімдерін  ажыратады:  ақырғы  ми  (ми  жарты 

шарлары және қыртыс асты құрылымдарының бір бөлігі – стриатум), аралық 

ми (көру төмпешіктері, төмпешік асты  және қыртыс асты құрылымдарының 

басқа  бөлігі  –  паллидум),  орталық  ми  (төрт  төмпешік  және  ми  аяқшалары) 

және артқы ми (Варолио көпірі, сопақша ми, мишық). Сопақша ми бас сүйегі 

шегінің  сыртында  жұлынмен  жалғасып  жатады.  Ми  мен  жұлыннан  бұлшық 

еттерге,  байламдарға,  буындарға,  теріге  перифериялық,  яғни  шеткі  жүйке 

талшықтары  тарайды.  Жүйке  жүйесі  артикуляциялық  және  қаңқалық 

моторикамен  ғана  емес,  ішкі  мүшелермен  де  (вегетативтік  жүйке  жүйесі   

арқылы) тығыз байланысты болады. 

Жүйке жүйесінің маңызы 

Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек 

пен  бұлшықеттердің  жиырылуы; сүйектердің  қозғалысқа  келуі; тер,  сілекей, 

сүт,  қарын  сөлінің  бөлінуі  және  т.  б.  Осы  әрекеттердің  барлығы  да  тікелей 

жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. 

Барлық  мүшелер  мен  мүшелер  жүйесінің  бірімен-бірінің  байланысы 

үйлесімді  жұмыс  істеуін  басқарады.  Мысалы,  адам  жүгіргенде  аяқ 

бұлшықеттерінің  жұмысы  күшейетіндіктен,  зат  алмасу  үдерісі  қарқынды 

жүреді;  тынысалу  мен  жүрек  соғысы  жиілейді;  қан  аз  баратындықтан, 

асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды. 

Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. 

Сыртқы  ортаның  әр  түрлі  құбылыстарынан  қорғану  әрекеті  адамның  жүйке 

жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, 

троллейбус  және  т.  б.)  өтіп  кеткенше  тоқтап  күтіп  тұру;  аса  ыстық  немесе 

суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның 

ойлауы,  саналы  мінез-құлқы  жүйке  жүйесінің  күрделі  дамуына  тәуелді 

(бағынышты). 



 

Ағзалар  тіршілігіндегі  барлық  ерекеттерді  жүйке  жүйесі  басқарады. 



Оны рефлекстік реттелу дейді. 

Рефлекс. Рефлекстік доға. Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы 

және ішкі  тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап 

қайтару  әрекеті.  Рефлекстер  рефлекстік  доға,  қозу  өтетін  жолдар  арқылы 

жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады: 

жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы); 

сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); 

жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); 

қозғалтқыш нейрондар; 

тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.). 

Рефлекстік  доға  рецептордан  басталады.  Рецепторлар  (жүйке  ұштары) 

әр  түрлі  тітіркендіргіштерді  (ыстық,  суық,  қышқыл,  дыбыс  және  т.  б.) 

қабылдайды.  Рецептордан  сезгіш  нейрондар  арқылы  қозу  орталық  жүйке 

жүйесіне  өтеді.  Қозу  орталық  жүйке  жүйесінде  талданып,  одан  қозғалтқыш 

нейрондар  арқылы  жұмыс  атқаратын  мүшелерге  беріледі.  Оны  тізені  жазу 

рефлексінен де байқауға болады. 

Рефлекстік  доғаның  барлық  бөлімдері  толық  қызмет  атқарса  ғана 

рефлекс  болады.  Егер  рефлекстік  доғаның  бір  бөлімі  зақымданса,  рефлекс 

жойылады (болмайды). 

Адам  ұрығын  жатыр  ішілік  дамудың  әртүрлі  кезеңдерінде  зерттеу  (4 

айға  дейін)  және  оны  басқа    омыртқалылардың  ұрығымен  салыстыру 

олардың құрылысының кейбір ортақ ұқсастықтарын анықтады. Осы бағытта 

К.  М.  Бэр,  А.  О.  Ковалевский және  А.  Н.  Северцов  өткізген  жұмыстар  1864 

жылы  неміс  ғалымы  Э.  Геккельге  адам  ұрығының  даму  барысында  өзіне 

дейінгі  төменгі  қатардағы  омыртқалылардың  барлық  даму  кезеңдерін 

қайталайтындығын  пайымдаған  пікірін  жариялауға  мүмкіндік  берді.  Бұл 

пікір  кейінірек  ғылымға  Геккельдің  биогенетикалық  заңы  атауымен  енген. 

Ол  бойынша  онтогенез  филогенездің  қысқартылған  қайталануы  ретінде 

қарастырылады.  Биогенетикалық  заң  біраз  қарсылықтар  тудырды  және, 

әрине,  ол  қатаң  заң  болып  санала  алмайды.  Әрине,  жануарлар  әлемі  өзінің 

мыңдаған  жылдардағы  тіршілігінде  басынан  өткізген  барлық  сатыларын 

объективті  түрде  бақылап  шығу  мүлдем  мүмкін  емес  және  олардың  адам 

эмбрионында  бейнеленіп  сақталып  қалуы  керек  деген  пікір  толығымен  

қабылдануы  да  мүмкін  емес.  Бірақ  адамның  эмбрионы  кейбір  өтпелі 

сипаттағы жауапты кезеңдерді өтетіндігі күмәнді емес, бірақта оны қатаң әрі 

әділ дәлелдеу қиын, сондықтан да мүмкін емес.  





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет