Биология кафедрасы


Лекция 8. Оқыту мен тәрбиелеу жағдайларының оқушылар денсаулығына әсері



бет15/15
Дата22.02.2023
өлшемі59,27 Kb.
#69948
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекция ОФД 2023

Лекция 8. Оқыту мен тәрбиелеу жағдайларының оқушылар денсаулығына әсері
Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті-жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық , ағзасының ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының ағзаға әсеріне байланысты жоспарланады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады. Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.
Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.
Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын сабақтардың алдында дене шынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері тозады да, келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, математика, грамматика, химия пәндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. Әдебиет, тарих, физика, астрономия, биология пәндерін ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5-6-сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3-ші сабақтың соңында басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5-7-ші сыныптарда 5-6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік саьақтар апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыстарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан екі әдебиет немесе математика т.с.с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән-күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минутке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1-2-ші аптада сабақ ұзақтығы 20-25 минуттен басталып, содан кейін 45 минутке созуға болады. Сабақты ұзарту үшін балалардың психикасын алдын ала дайындап, ескертіп қойған жөн. Дегенмен сабақ ішінде физкульт үзілістер жасап, оқушыларды демалдырып отыру мұғалімнің міндеті.
Мектептің орналасқан жері оқитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда 3 км-ден аспау керек. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50% өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық , тәжірибе алаңдарына пайдаланады. Мектеп ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 м қашықтықта салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалады. Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және шаруашылық аумақтар.
Мектептің сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен және оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Сынып бөлмелерінің ауданы 50-60 шаршы метр, яғни әр оқушыға 1,25-1,50 шаршы метр есебінен анықталады. Бөлменің ұзындығы 8-8,2 м, ені – 5,6-6,2 мөлшерінен аспау керек. Бөлменің биіктігі 3,5 м болғанда балалардың денсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті болады: жасына лайық ауа мөлшері мен оның тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа көбіне бөлменің үстіңгі жағында болады да, оқушыларға жағымсыз әсері азаяды. Егер одан аласа болса, бөлменің ауасы тар болады.
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын тудыру үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Бөлме ауасының температурасы 17-21 градус, ылғалдылығы 40-65%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек, әр балаға шамамен 15 м ауа болғаны жөн. Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы керек. Терезелер кең, күн сәулесі мол түсетіндей ашық әрі таза, шынысы жұқа, біртегіс болуы тиіс. Күн бұлтты болғанда, қыс күндері кезінде табиғи жарық жеткіліксіз болады, сондықтан бөлмелердің қосымша электр жарық шамдары болуы тиіс. Олардың жарық мөлшері әр партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесценттік шамдардың жарығы 300 люкс. Соған байланысты электр шамдарын 2 немесе 3 қатар етіп, қуаттылығы 300 вт 7-8 лампа ілінеді. Ал люминесценттік шамдарының қуаттылығы 40 вт 12 шам орнатылады.
Сынып тақтасы – оқу бөлмесінің ең қажетті жабдықтарының бірі. Тақта бөлменің алдыңғы қабырғасының дәл ортасында, бастауыш сыныптарда 75 см, 5-7 сыныптарда -95 см, жоғарғы сыныптарда- 100 см биікте ілінеді. Тақтаның ұзындығы 3м, ені 1,2 м, беті біртегіс, түсі – қоңыр немесе жасыл.
Мектеп парталары – сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Парталарды 3 қатар орналастырады. Әр қатарда 7 партадан болады. Шеткі парталар мен қабырға аралығы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парталар мен тақта аралығы 2,5-3 м, соңғы парталар мен тақта аралығы 8 м. Терезедең ең алыс орналасқан парта 6м қашықтан аспауы қажет. Оқушының партада отыру ережесі бойынша оқу жылының басында сынып жетекшісі оқушыларды дене ерекшеліктеріне сай отырғызады. Әрбір тоқсан сайын балалардың дене ерекшеліктерін ескере отырып, 1-ші қатар мен 2-ші қатардағы алдыңғы парталар мен соңғы парталардағы балалардың орынын ауыстырып отырғызған жөн. Бұл талаптар орындалған жағдайда оқушылардың денесі қисаймай дұрыс өсіп, тек жақыннан немесе алыстан көру жағдайының пайда болуына кедергі болады, яғни оқушылардың дұрыс өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасалынады. Кітап оқып, қағаз жазғанда баланың басы сәл алға еңкейеді. Оның көзі мен қағаз аралығы 35-40 см шамасында болу керек. Оқушының кеудесі мен парта аралығында 3-4 см немесе оқушының жұдырығы өтетіндей аралық болу керек.
Мұғалімнің үстелі отырып тұруға қолайлы болу керек. Ол терезе жақтағы парталар қатарының алдында немесе ортада орналасады. Парта мен мұғалім үстелінің арасында кемінде 15-20 см аралық қалдырады.
Мектепте кейінгі кезде оқу-тәрбие жұмыстарында оқу-техника құралдарын жиі пайдалануға байланысты оларды орналастыру гигиенасы пайда болды. Теледидар, магнитофон, киноаппарат және т.б. шамадан көп болып, бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаң жинамайтын жағдайларды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде шкафтарға немесе арнайы бөлмелерде сақтау керек. Кино - және телекөрсетулерді 15-20 минуттен артық көрсетуге болмайды.
Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см болуы тиіс. Үстел лабораториялық бөлменің алдыңғы жағында сәл биіктелген арнайы орында тұрақты бекітіледі. Мектептегі барлық лабораторияларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы дәрігерлік жәрдем ережелері мен дәрі-дәрмектер жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет