Биология кафедрасы


I. Бейімделудің жоғарғы деңгейі



бет2/4
Дата06.03.2023
өлшемі26,29 Kb.
#72212
түріЛекция
1   2   3   4
I. Бейімделудің жоғарғы деңгейі.
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынаста, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын жеңіл меңгереді, бағдарлама материалдарын игере алады және толық меңгереді, күрделі тапсырмаларды шеше алады, бұйрықтарды, мұғалімның айтқанын зейін қойьп тыңдайды, берілген тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды, оқу жұмыстарын өз бетінше орындауда үлкен қызығушылық көрсетеді (үнемі барлық сабақтарды орындайды); қоғамдық жұмыстарды еркімен, ұқыпты орындайды, сыныпта жағымды, статусты орынға ие. Адаптациялануы жоғарғы деңгейдегі балаға сипаттама беретін болсақ, балалар мектепке даяр, 7 жастағы дағдарысты басынан өткізген бала сипаттамасымен сәйкес келеді, себебі, еріктің, оқу мотивациясының, мектепке жағымды қатынасының, коммуникативті дағдының дамығандығы көрінеді.
II. Бейімделудің орта деңгейі.
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларға жағымсыз әсер тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу материалын тиянақты және көркем түсіндірсе, оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді, типтік міндеттерді өз бетінше шешеді; тапсырмаларды, ересектердің бұйрықтарын орындау кезінде зейіні тұрақты, дегенмен оны бақылап отыру қажет. Қоғамдық жұмыстарды өз еркімен орындайды, көптеген сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болады.
III. Бейімделудің төмен деңгейі.
Бірінші сынып оқушысының мектепте құлқы жоқ, денсаулығын себеп етіп сырқаттанып қалу арызы жиірек болып тұрады, көңіл-күйінің жоқтығы басым келеді, тәртіп бұзушылық байқалады, мұғалімнің түсіндірген материалдарының кейбір бөліктерін ғана менгереді. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қиналады, өз бетінше тапсырмаларды орындау барысында қызығушылық пен белсенділік танытпайды, сабаққа үнемі дайындалмайды, ересектер мен мұғалімдер үнемі бақылау жасап отыруы қажет.
Жағымды факторлардың қатарына - өз жағдайында өзін-өзі бағалауы адекватты, жанұясында тәрбие әдісі дұрыс жолға қойылған, отбасында конфликтілік жағдаяттардың болмауы, құрбы-құрдастарының арасында жағымды статусының болуын айтамыз.
Баланың мектепке бейімделуде әсер ететін жағымсыз факторлар – отбасы жағдайында тәрбие әдісінің дұрыс болмауы, үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата-ананың білім деңгейінің төмен болуы, құрбы-құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу, жартылай отбасынан шығуы, отбасының үнемі конфликтілік жағдаяттың орын алуы болып табылады.
Ғалымдардың айтуынша Л.М Ковалева, Ю.А. Александровский бейімделу процесі әр түрлі өтетін, бес балалар тобын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет