«биология» кафедрасы



бет25/43
Дата10.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#73128
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
«биология» кафедрасы

Бақылау сұрақтары
1. Сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар?
2. Экскурсия маңызы?
3. Табиғат қүбылыстарын бақылау?
22 - лекция
Тематикалық биологиялық кештерді, олимпиадаларды, көпшілік
қоғамдық пайдалы шараларды өткізу.


Жоспары :

  1. Тематикалық биологиялық кештерді шараларды өткізу.

  2. Тәнтану пәнінен гигиеналык, тәрбие беруде макрл-мөтелдерді пайдадану



Лекция мақсаты: Тематикалық биологиялық кештерді шараларды өткізуді үйрену.
Лекцияның мәтіні :
Тәнтану пәнінен гигиеналык, тәрбие беруде макал-мөтелдерді пайдадану
Қазақ халқының мақал-мәтелдерін оқушыларға төнтану пәнінен гигиеиалық тәрбие беруде пайдаланудың әдістері баршылық.
Оларды сабақта және сыныптан тыс, мектептен тыс жүмыстарда пайдалануға болады. Тақырыптың мазмүнына сәйкес келетін мақал-мәтелдерді материалды өтер алдында, сабақты түсіндіру, әсіресе, қорытындылаған кездердепайдаланса өте тиімді болатыны тәжірибеден түжырымдадық.
Мақал-мәтелдер ата-аналармен жүргізілетін жүмыстарда да көп көмегін тигізеді.
"Тәнтану" пөні сабақтарында иайдаланатын мақал-мәтелдер:
"Ac қорыту" тарауындағы "Қоректік заттар және тамақтың азық-түліктер" тақырыбын етер алдында оқушыларға халықта "Ac - адамның арқауы","Ас түрған жерде дерт түрмайды", "A3 қайғыны ас басады , коп қайғыны дос басады", "Ауру - астан, дау — қарындастан", "Тәні саудың - жаны сау", "Іш кетсе, күш те кетеді" мақалдары бар, "Сіздер, оларды қалай түсінесіздер?" деген сүрақтар қоямыз. Әрине , оқушылардың жауаитары астың адам тіршілігіндегі маңызы төңрегінде болады. Барлық тірі ағзалар қоректенеді. Өз денелерін сыртқы ортадан алған заттардан қүрайтынын айтып, оқушылардың ойларын түжырымдаймыз.
Тамақтың құрамын (химиялық) түсіндіріп болған соң, біздің қазақ халқы астың қүрамына оте ертеден көп көңіл бөлген. Мысалы, қазақта мынадай мақал-мәтелдер бар: "Арықтың сорпасында дөм болмайды, ақылсыздың сөзіяде мән болмайды" десек, қүрамында ақуызы көп тағамдарды атағанда: "Ет — етке, сорпа — бетке" деп қазақ ет пен сорпаны маңызды тамақтардың қатарына ертеден қосқанын айтамыз.
"Тамақтану гигиенасы. Ішек-қарын ауруларыини алдьш ала сақтану" тақырыбын өткенде, тамқтану кестесін мөлшерлейді, бір күнгі жейтін тамақ мөлшерінің 25%-ін — таңертең, түсте 50%-ін, ту с ауғаннан кейін, 15%-ін — ксшке, 10%-ін қабылдау керектігін және көнтеген отбасы тамақтың көп мөлшерін кешке, жатарда ішетінін, сонда үйқының мазасыз болатынын, осыған байланысты адам шымшытырық түстер көретінін айта кеткенде орынды.
"Табет" тақырыншасын түсіндіргенде, тәбеттің жақсы болуы — астъщ жақсы сіңуінің кепілі екені, сондықтан халық "Қайғысыз — қара суіа да семіреді деп, көңіл-күйдін. маңызын түжырьшдаса, "Ac -иесімен төтті", "Асы бар аяқ - әдемі'1, "Тамақтабағымен жарасты, батыр жарағымен жарасты" мақалдарында халық тамақты шын ықыласпен, таза, әдемі ыдыс-аяқпен берудің гигиеналық маңызын ертеден білгенін айтамыз."Тыныс алу" тарауындағы "Ауа арқылы жүғатын аурулар", "Қолдан тыныс алдыру" тақырыптарын өткенде түрмыстың, жеке бастың тазалығын^ақтау жолдарын айта келін, "Жүғын бар жерде шыбын бар, шыбын бар жерде шығын бар" десек, тыныс алу мүшелерінің аурулары ~ туберкулез, тымау, баспа және т.б. жүқиалы аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіргенде "Сынықтан өзгенің бәрі жүғады","Түмау аяғы қүрт, түман аяғы жүт" мақалдарын пайдалансақ, қоршаған ортадан жүғатын аурудың алдын алудың, денсаулық сақтаудағы маңызын айта келіп, "Аурудың алдын алмаған еледі, даудың алдын алмағантөлейді" макалымен қорытындылауға болады. "Тері" тарауындағы "Ағзаны шынықтыру" тақырыбына арналған сабақта балалар мен жас өспірімдердің ағзасына үдайы және тікелей әсерін тигізетін мөнбірлер (факторлар) таза ауа, күннің козі және топырақ пен судың ерекше маңызы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет