Биология кафедрасы



бет21/30
Дата05.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#90698
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
ОФД лекция кешен

WEB сайттар тізімі:
http://library.ayu.edu.kz
http://rmebrk.kz/
www.booksmed.com/fiziologiya
http//www.library.intra.ru

12 Лекция тақырыбы: Зат пен энергия алмасуының жастық ерекшеліктері.


Лекцияның оқыту нәтижелері:



  1. Зат алмасу заңдылықтарының физиологиялық ерекшеліктерін түсінеді.

  2. Зат алмасуда болатын физиологиялық процестердің салауатты өмір сүру салтындағы орнын анықтайды.

  3. Баланың өсуі мен дамуындағы судың, минеральдық тұздардың, микроэлементтердің және витаминдердің маңызы туралы дағдыларды қалыптастырады.



Лекция мазмұны: Зат алмасуы ағза тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол өзара тығыз байланысқан екі процестен тұрады: ассимиляция – жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы (белоктардың,майлардың, көмірсулардың, гормондардың, ферменттердің т.б.) қосылыстардың жаңадан түзілуі ; диссимиляция – зат алмасуына қатысқан заттардың тотығы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналады (1- кесте). Ағзадағы зат алмасу процестері ферменттердің қатысуымен өтеді.
Белок – жасушаның негізін құрайтын аса маңызды құрылыс материалы. Дене салмағының 25 %-ын немесе ағза ұлпаларындағы құрғақ заттың 60-80 %- ы – белок. Сондықтан белоктың негізгі қызметі – құрылыс материалы. Алайда белок ағзада басқа да көптеген маңызды қызмет атқарады:

  1. барлық ұлпа құрылымдарының негізгі құрылыс материалы белок;

  2. ағзадағы құрылымдарды қайта жаңарту арқылы белок алмасуы процесін бір деңгейде ұстайды, мысалы, тәулігіне бауырда 25 г белок түзілсе, қан плазмасында 20 г, қанда 8 г гемоглобин түзіледі;

  3. ағзадағы биологиялық катализаторлар – ферменттер түгелдей белоктардан тұрады;

  4. көптеген гормондар зат алмасуын реттейтін белоктар болып табылады;

  5. адамның қозғалысы: жүріп –тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты;

  6. күрделі белок – гемоглобин қаннан жасушаға О2, керісінше СО2 тасымалдайды;

  7. қан ұюына қатысып, денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де белок;

  8. плазма белоктары қанның онко қысымын белгілейді;

  9. ағзадағы буфер жүйесінің бір шама бөлігін белоктар құрайды;

10) тұқым қуалаушылық қасиет белоктармен (нуклеопротеидтер) байланысты;
11) белоктар- қуат көзі, 1 г белок тотықса, денеде 17,17 кДж (4,1ккал) жылу пайда болады, демек қорыта айтқанда белоксыз тіршілік жоқ.
Денедегі белок алмасу дәрежесін зерттеу үшін азот тепе- теңдігі тексеріледі.
Егерде денеге келіп түскен азот, ағзадан шығарылып тасталған азоттан көп болса, азот – тепе теңдігі оң деп есептеледі. Яғни ағзада белоктардың ыдырауынан түзілуі басым мұндай жағдайда көбінесе жасөспірім ағзасында, спортшыларда дайындық кезеңінде, екі қабат әйелдерде кездеседі. Балалар ағзасында оның өсуі мен жұмсалатын қуат мөлшеріне қажеттілігін өтеу үшін белок мөлшері жасқа байланысты өзгереді (2- кесте).
Белок алмасуын жүйке жүйесі реттейді. Гипоталамустың сұр затында белок алмасуын реттейтін орталық бар.Симпатикалық жүйке жүйесі диссимиляция (белок ыдырауын) ал парасимпатикалық жүйке жүйесі ассимиляция (белок түзілуін) процесін күшейтеді.
Адам ағзасында липидтердің мөлшері 10-30 %, 50 % дейін жетеді, оның мөлшері тамақтану ерекшелігіне, жынысқа, жасқа, күнделікті әдетке, қимыл мөлшеріне тығыз байланысты.
Тәулігіне адамға 70-100 г мал және өсімдік майы керек (3- кесте). Май денеге негізінен тағаммен келіп түседі, ас қорыту жолында (12елі ішекте) глицерин мен майлы қышқылдарға т.б. ыдырайды. Ішек қабырғасында өт қышқылдарының көмегімен сіңіп, онда сол ағза жасушасына тән майлар түзіледі, оның 95%-ы лимфаға, 5 %- ы қанға сіңеді.
Липидтердің маңызы:

  1. Қуат көзі – 1г май тотыққанда 38,39 кдж (9,3ккал) жылу бөлінеді.

  2. Құрылыс материалы – протоплазма мембранасының, басқа да жасуша ішіндегі құрылымдар мембранасының құрамына енеді.

  3. Тері астында, шелде, шарбыда жинақталған майлар денені суықтан сақтайды (мысалы, кит, тюлендер, аю) т.б.

  4. Дененің кейбір жерінде жинақталған май бірқатар ағзаларды (бүйрек, өкпе, қан тамырлары, жүйкелерді) ұрылу- соғылудан, үйкелуден, қысылудан сақтайды.

  5. Майда еритін витаминдер (А,Д,Е,К), тұздар майға ілесіп денеге тез сіңеді.

  6. Май су қоры. 100 г май тотықанда – 107 мл Н2О түзіледі, мысалы, өркеш майын түйе су көзі ретінде пайдаланып – 45 күн су ішпей жүре алады.

  7. Зат аламасуын реттеуге кейбір липидтер (жыныс гормондары, бүйрек үсті бездерінің қыртыс бөлімінің гормондары, А,Д, -витаминдері) қатысады.

  8. Липоидтар орталық жүйке жүйесі жасушаларының құрамына енеді.

Май алмасуын реттейтін арнайы орталықтар гипоталамуста орналасқан.
Адам ағзасында көмірсудың мөлшері 1-2 % дененің құрғақ массасынан. Ең көп мөлшері бауырда – 5 %, бұлшық етте 1,5-2 %. Көмірсулар қуат көзі, 1 г көмірсу аэробты және анаэробты жолмен тотыққанда 17,17 кДж (4,1 ккал) қуат бөлініп шығады. Адамға тәулігіне 450-500 г көмірсу қажет ( 3-кесте). Тағаммен көбінесе күрделі көмірсулар – гликоген, крахмал, сахароза, мальтоза, лактоза енгізіледі. Олар сілекей және ұйқы безінің құрамындағы амилаза ферментінің әсерінен моносахаридтерге айналады. Ішектің эпителиінен глюкоза қанға сіңіп, қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, мұнда оның 5 % -20 % гликогенге (400-700 г дейін) айналып қор ретінде сақталады, қалғаны қан айналымының үлкен шеңбері арқылы басқа ағза жасушаларында (орталық жүйке жүйесі, бұлшық ет, өкпе т.б.) биологиялық тотығу барысында қуат көзі ретінде жұмсалады, 5-10 % майға айналады. Қандағы қант мөлшері 0,1 % (3,33-5,55 ммоль/л немесе 80-120 мг %
Көмірсу алмасуын реттеуге гипоталамус, ұйқы безі мен бүйрек үсті безінің гормондары қатысады.
Су адам денесінің құрамына еніп, зат алмасу процесі өтетін орта. Ересек адам денесінің 50-65 % судан тұрады. Тәулігіне адам ағзасына 2,2 -2,8 су қажет, бір жастағы нәрестеге – 800 мл; 4 жаста -1000 мл; 7-10 жаста – 1350 мл; 11-14 жаста – 1500 мл қажет.
Ағзаның тіршілігі үшін минералды тұздардың маңызы үлкен, олар құрылыс материалы, сүйектің, бұлшық еттің т.б. ұлпалардың құрамына енеді; ішкі секреция бездерінің дамуы мен қызметіне әсер етеді. Адам денесінде 3 кг –ға дейін минералды тұздар (дене салмағының 0,9 % - ы) болса, оның 5/6 бөлімі сүйекте кездеседі.
Ағзада су және минералды тұздар алмасуын реттеуге гипоталамус, гипофиз және бүйрек үсті бездерінің гормондары қатысады.
Ағза қажеттілігі қуат көзі – тағамдағы қоректік заттар. Ағзаның тәулігіне жұмсаған қуаты тағамның құрамындағы заттар тотыққанда бөлінетін қуат арқылы ( 1 г белок – 17,17 кДж (4,1 ккал)); 1 г көмірсу - 17,17 кДж (4,1 ккалл), 1 г майлар – 38,39 кДж (9,3 ккал) өтеледі. Ересек адамға тәулігіне 80-100 г белок қажет болса, орта деңгейдегі дене жұмысын орындағанда 110 г белок, ауыр дене жұмысында 130 г белок қажет, оның 30 %-ы құнды белок болуы тиіс. Адам ағзасына тәулігіне 80-100г май қажет болса, оның 30-60 % мал майы болуы тиіс; тәулігіне 400-450 г көмірсу қажет.
Негізгі алмасу дегеніміз сыртқы орта температурасы 20-22 0С, тамақ ішкеннен соң 12-14 сағаттан кейін ағзадан бөлініп шығатын қуат мөлшері – 1 ккал/кг/сағ.тең. орындайтын қызметі және жұмсайтын қуат мөлшеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.
Адам ағзасында оның дене температурасының [ Т0] бірқалыпты болуын қамтамасыз ететін өте күрделі жылу реттеу механизмі бар. Дене температурасының бір қалыпты сақталуы ағзада жүретін алуан түрлі физико- химиялық реакциялардың, яғни зат алмасудың, ферменттік реакциялар, ұлпалар қозғыштығы, қанның ұюы т.б. процестердің белгілі деңгейін қамтамасыз етеді. Температурасының тұрақтылығы (370) ағзадағы терең жатқан ұдпаларда: ми ұлпасы, құрсақта- температура ядросында сақталады.
Шеткі ұлпалар: тері, тері астындағы клетчатка, 3,5-4 см тереңдіктегі бұлшық еттер ағзаның температуралық қабығын құрайды. Ондағы температура сыртқы ортаның температурасына тәуелді. Оптималды температура жағдайында адамның температура қабығындағы мөлшері температура ядросынан 3 0 төмен болады. Ағзада дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық жолдармен реттеледі.
Жылу бөлу механизмдеріне:

  1. Ерікті бұлшық ет қызметі;

  2. Еріксіз бұлшық ет қызметі, немесе суықтан дірілдеу: бұлшық ет топтарының синхронды жиырылуының салдарынан жұмыс орындалып, бөлінген қуат жылуға айналады;

  3. Суық әсерінен бұлшық ет тонусы күшейеді, әсіресе бүгілетін- бүрісу күйі қалыптасады;

  4. Тоңа бастаған кезде катаболизм күшейіп, жылуға айналады; әсіресе тироксин мөлшері көбейгенде;

  5. Тамақ ішкен кезде, яғни арнайы динамикалық тамақ әсері;

  6. Ағзада жылу бөлу негізіне физикалық реттеу жатады.

Жылу бөлу механизмдері:

  1. Жылу өткізу

а) кондукция – денеге тиген заттарға жылы денеден жылы емес денеге;
б) конвекция – денелердің салыстырмалы қозғалысы кезінде жылы
денеден жылы емес денеге;

  1. Сәуле шығару – радиация ;

  2. Булану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет