Биология кафедрасы



бет4/30
Дата05.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#90698
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ОФД лекция кешен

WEB сайттар тізімі:
http://library.ayu.edu.kz
http://rmebrk.kz/
www.booksmed.com/fiziologiya
http//www.library.intra.ru

2 Лекция тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің дамуы




Лекцияның оқыту нәтижелері:

1 Дене еңбегінің шамасына әр түрлі жастағы организм реакциясының ерекшеліктерінің жүйке физиологиялық даму ерекшеліктерін түсінеді.

2 Оқушылардың қозғалыс аппаратын сақтау туралы гигиеналық білімдерді оқу процесінде көрсетеді.

3 Қозғалыс дағдыларының дамуы, жасқа сай қозғалысты үйлестіруді жетілдіру дағдыларын қалыптастырады.




Лекция мазмұны: Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттер мен қызметіне байланысты.
Баланың тірек-қимыл жүйесі. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшықеттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б.) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйе зат алмасуына, әсіресе минерал заттардың мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың, көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысыны іске асырады. әрбір сүйекке екі, тіпті оданда көп еттердің ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі-сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.
Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі-сүйек.сүйек қан тамырлары мен нерв өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын ала орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады, мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі-диафинезінде (грек. Диафинез-жілік сүйектің ортасы). Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында сандаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектердер, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады.жілік сүйектерінің майы және қуыстары болады. жілік майы және қуыстары болады. сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Жілік майының каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер өніп дамиды. Ересек адамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді. Олар көбіне май клеткаларынан тұрады. Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.
Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Сүйекті күйдіргенде оссеин жанады да, бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай немесе үгуге болады. Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады.ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
1-қабырғалар,2- иық белдеуі, 3-қол сүйектері, 4-жамбас, 5-аяқ сүйектері.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептелінеді. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады.сегізкөздің бүйір жақтарында құлақша тәрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды, 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы (бір жақ бүйіріне қарай қисаюы), лордозы, кифозы т.б. өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 м/сек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіт пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдердің омыртқалары бірдей өспейді, 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі. Омыртқа аралығындағы шеміршектер жорғарыдан төмен қарай қалыңдайды. Ол шеміршектің ұзындығы бүкіл жотаның ¼ бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.
Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қабырға және төс сүйектері жатады.
Қабырға адам денесінде 12 қо қабырғалар бар. әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның басы, мойыны, денесі болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы, қалған жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойыны дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады. Төссүйегі жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында мойындырық, екі жағында бұғана, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектердің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуға мүмкіншілік алады.ауыр жұмыстың әсерінен ден шынықтыруға байланысты көкірек қуысының көлемі кішірейеді.
Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Жауырын-жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда18 жаста қатады. Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.қол жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектеріәнен құралған білек сүйектерінен, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан свүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 23 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады . кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде , 17-20 жаста,қыздарда аяқталады. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бой жеткендерде сәл ерте қатады. Білезік сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. Ең алдымен ІІІ-ші, ең соңында І-ші 5-ші сүйектері қатады. Саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гиниеналық талаптарды дұрыс оырндамағанда сүйектері тез бұзылып, денсаулығына зиян болады. әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.
Бұлшықеттердің құрылысы. Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қадыптаспағанымен, дене салмағының 20-22% ғана болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-бірімен тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі. Қаңқа еттері негізінен көлденең сапалы еттерден тұрады. Бұлшық еттердің орналасуына қарай, яғни топографиялық орнына қарай, бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Жалпы алғанда денеде 327 жұп еттер мен 2 сыңар ет бар. Бұлшықеттердің қызметі олардың негізгі қасиет-жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қозғыштығы немесе қозғыш қасиет дейді. Еттің қозғыштығы оның қызмет дәрежесін, яғни жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық теттің қозуды өткізу жылдамдығы онша көп емес, 5 м/сек шамасында. Бұлшықеттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күшті еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күшті деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан неғұрлым ет жуан болса, соғұрлым күшті болады. Бұлшықеттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Бұлшық еттер көптеген нерв ұштары –рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді. Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия (лат, хронокос-уақыт) деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді. Баланың жасы ұлған келе хронаксия уақыты азаяды. Мысалы, жаңа туған сәбидің екі басты бұлшық етінің хронаксиясы 0,6-0,9 сигам, 1-2 жаста 0,2-0,22 сигма, 4-6 жаста 0,11 сигма, ересек адамда 0,1 сигмаға тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет